71
Спектрдің келесі басында беріктігі мен шынықтырудың арқасында серіппелер мен кесетін
құралдардың жүзі үшін пайдаланылатын жоғары көміртекті болат ‒ «1095» маркалы болат
тұр. Ол 0,95 пайыз көміртекті құрайды.
Айтылғанға қарамастан өңдеу кезінде көміртекті болат өңделуді жақсарту үшін түрлі
элементтердің мөлшерін алады. Мысалы, «12L14»-тегі қорғасын барлық жердегі цехтарда
осы болатты сүйіктісіне айналдырады. Күкіртті қосу да солай болып табылады. Фосфор да,
марганец те көміртекті болаттың суыққа төзімділігін жақсартады.
Әдеттегідей көміртектің
құрамы артқан сайын өңделімдік азая бастайды.
Ақаусыз: тот баспайтын болат
Тот баспайтын болат металлургиялық өндірістің тот басқан автокөлік бамперлеріне
берген жауабы болып табылады. Көміртекті болатқа 10,5 пайыз немесе одан көп хром
қосылады, сонымен болғаны! Енді ол жаңбырға, қарға, жабысқақ қарға және жолдың тұзына
төзімді болады. Тот баспайтын болаттың артықшылықтары қолайсыз ауа-райымен
шектелмейді, тот баспайтын болаттың түріне байланысты ол теңіз суынан болатын қажауға
да төзімді болуы мүмкін, сондықтан да оны еспе бұрамасына пайдалануға болады.
Биологиялық сұйықтықтар мен залалсыздандыру үдерістеріне төзімділік ше? Еш қиындық жоқ,
себебі бірқатар тот баспайтын болат биосыйымды және
имплантат пен оталық құрал-
саймандарға айналады. Бұл зергерлік бұйымдарды, ас үй құралдарын, сәулет құрауыштарын,
химиялық өңдеу жабдықтары мен көптеген тағы да басқа бұйымдарды жасау үшін
пайдаланылатын тот баспайтын болатқа да қатысты.
Тот баспайтын болатты әдетте үш белгілі сандық жүйемен белгілейді, бірақ мұнда
қосындыланған болатты сипаттағанға қарағанда жалпыға ортақ мөлшер мүлдем
ерекшеліктерге толы. Тот баспайтын болаттың нөміріне қарағанда маңыздырақ нәрсе ол
жататын сынып болып табылады, олар бесеу:
» Аустенитті дуплекс
» Қорытпа дуплексі
» Ферритті
» Мартенситті
» Тұнбалардың қатаюы
Металлургия туралы іш пыстырарлық пайымдауларға берілместен, олардың арасындағы
басты айырмашылық олардың құрамындағы хром мен никельде, шыңдала алатындығында,
олардың магнитті болуында және қалай
өңделуінде болып табылады, осы соңғы бөлігі өз
кезегінде металдың өзін қалай ұстайтынын анықтай отырып, атомдық деңгейде металдың
кристалдық құрылымын анықтайды ( феррит, перлит және аустенит). Мысалы, никель қосу
болат аустенитінің кристалдық құрылымын тұрақтандырады
және оны магниттік емес әрі
осал етеді. Егер сіз тот баспайтын болаттан бөлшектер шығаратын білдек операторы
болсаңыз, онда тот баспайтын болат өндірісінің төрттен үшін дерлік құрайтын аустенит
болуына мүмкіндік мол.
Кез келген механикалық цехтағы қойма сөрелерінің арасынан өтіп бара жатып, сіз 303,
304, 309S, 316, 316L, 321, 347, NITRONIC және басқа маркалы тот баспайтын болатты көре
аласыз. Олардың барлығы да аустенитті және басым көпшілігі қатты. 400-топтамалы тот
баспайтын 416 және 440C маркалы секілді болатты (ферритті және мартенситті)
өңдеу
термиялық өңдеуден кейінгіні қоспағанда анағұрлым жеңіл. Бұл жағдайда олар жартас секілді
қатты болуы мүмкін (ой, басқа метафора қолданылып кетті).
Ол тот баспайтын «РН» («шыңдалудың» қысқартылған түрі) болатқа да қатысты.
Мысалы, 15-5PH және 17-4PH білдек үшін аса қызықты емес, алайда 40c Rc (Роквелл
бойынша қаттылық) дейін термиялық өңдеу болғанда сіз үйге ертерек қайта аласыз. Олар
мүлдем суперқорытпа санатынан болмаса да (алдағы болатын), соларға жақын және жоғары
температуралық авиациялық, мұнай-химиялық пен энергетикалық қолданыс үшін жақсы
таңдау болып табылады.
72
Ең соңында, дуплексті болат та бар. Оның ферриттік және
аустениттік тот баспайтын
болаттың құрылымынан асып түсетін құрылымы бар (барлық металлургиялық терминдер үшін
кешірім өтінемін), бұл оны олардың кез келгеніне қарағанда шамамен екі есе берік етеді және
аустенитті тот баспайтын болаттай берік етеді. Алайда оның 300-топтамалы ағайындарына
қарағанда дуплексті болаттың құрамында никель мен молибден азырақ болатындықтан,
болат дуплексі мен супердуплексін бірқатар өндіріс салалары үшін жағымды етіп (әсіресе,
километрлеп дуплексті болат құбыр тартатын мұнай-газ саласында), оның өндірісі арзанға
түседі.
Достарыңызбен бөлісу: