Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет91/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Үлкен жүк көтергіштер 
Сондай-ақ, «қалыпқа келтірілген» (фасондық) кескіштер (бұл Сіз ойлаған «фасон» емес) 
деп аталатын осы индекстелетін кірікпелі кескіштер түрлі пішіндерде ‒ төртбұрышты және 
параллелограмм (яғни, алмас түрінде) түрінде бар әрі егеу кезіндегі металды алып тастау 
бойынша жұмыстың қомақты үлесі солардың еншісінде. Мысалы, білікті өңдеу және қаптау 
кезінде айналу бұрышы 80, 55 немесе 35º болатын кірікпелі алмас кескішті пайдалануға 
болады, мұндағы айырмашылық кесетін жиек бұрандасы пішінінің бұрышында (5-4-суретті 
қараңыз). Бұрышына қарамастан әдетте осы құралдар бөлшектің алдыңғы саңылауы үшін, 
сондай-ақ кез келген кертпелердің алдында да артқа қарай 5º-қа артқа жантайтылған.
5-4-
сурет: Екі білікті СББ 
білдегінде қалыпқа келтірілген 
өңдеуді орындап жатқан 35º 
градустық алмазды жону кескіші 
« Proto Labs» ұсынған 
Әдеттегідей бір кірікпелі кескіш (әрине, сыдыру кескіші деп аталатын) бөлшекті 
сыдыруға арналады, содан соң тазалау кескіші материалдың аздаған көлемін алып тастай 
отырып, аяққы пішінді беру үшін қолданылады. Біліктің ұзына бойына тілікше қажет болатын 
жағдайларда, осы аймақты сылу немесе алып тастау үшін 35º-тық кірікпелі кескіш 
қолданылады, бұл көптеген таңбалаушылар үшін бұрама аймағынан кейін бірден «бұранда 
кескіш құралдардың шығуы үшін бунақ» қажет болатын кәдімгі операция болып табылады. 
Егер тілікшелер қажет болмаса, онда ең дұрысы 80º-тық алмасты кескішті немесе ромб 
тәрізді кіріктірілген кескіштердегі түкке алғысыз екі пластиналары бар кескіштерді емес, үш 
қырлы кескіш пластиналары бар «үштікті» қолданған жөн.
Кесетін пластиналар төртбұрышты кертпелерді қаптау мүмкіндігін беру үшін 
аздап артқа қарай жантайтылған, бұл үдеріс сондай-ақ қапталдық қабатты 
егеу ретінде де танымал. Құрал өндірушілер оны кері шығару (бүйірлік тілікше 
бұрышы) бұрышы деп атайды және бұл жону құралдарының барлық 
кескіндемелерінің ішіндегі ең көп қолданылатыны болса да, ол құралдың 
жарамдылық мерзіміне кері әсерін тигізеді. 


95 
Міне, сондықтан да кескіш ұстағыштағы алмасты немесе тіпті төртбұрышты 
кіріктірілген кескішті (90º) алға еңкейту арқылы қол жеткізуге болатын кесетін 
құралдардың көтерілу бұрышы дұрыс болғанда күрделі жону білдегімен 
өңдеу (және фрезерлік өңдеу) жеңілге түседі. Осы мақсаттарда домалақ 
кіріктірілетін кескіштер де қолайлы болып келеді (көшіргіш-жону білдектері 
естеріңізде ме?). Қалай дегенде де, кесудің қысымы біршама жоғары болса 
да, сіз көтерілу бұрышының дұрыстығының арқасында құралдың 
жарамдылық мерзімін ұзартасыз, сондықтан да тербелісті болдырмау үшін 
бәрінің қатты бекітілгеніне көз жеткізіңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет