Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу


Енді соншалықты іш пыстырарлық емес



Pdf көрінісі
бет94/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Енді соншалықты іш пыстырарлық емес 
Кеулей жонып өңдеуді ең соңына қалдырып қойғанбыз, себебі ол жону операцияларына 
да, сондай-ақ фрезерлік операцияларға да жатады. Білдектің құрылымына қарамастан жонып 
өңдеу операциясы үшін кеулей жону құралбілігі қажет. Оны бірнеше тәсілдердің бірін 
қолданып жасауға болады: қатты қорытпаның кесегін кеулей жону құралына дәнекерлеу 
арқылы (балқытып біріктіруге ұқсас нәрсе) немесе жергілікті құралдар сататын дүкеніңізден 
индекстелетін кеулей жону құралбілігін сатып алу арқылы.
Қарастырылып отырған кеулей жону құралбілігін бұрандамен жону білдегінің айналғыш 
қалпақшасының позицияларының біріне (немесе егер сіз қолмен басқарылатын жону 
білдегімен жұмыс істеп жастаңыз, кескішті ұстағышқа) бекітіп қоюға және сыртқы жону кескіші 
секілді пайдалануға болады. Шын мәнінде, кейбіреулер кеулей жонуды «бунақтау» деп 
атайды. Менің қарапайым түсінігім бойынша, олардікі дұрыс емес, бірақ бұл мүлдем басқа 
әңгіме.
Бұл үдеріс көп мақсатты білдекте әжептеуір күрделі болып келеді. Мұнда реттелетін 
кеулейжону бастиегі қажет. Кеулей жону құралбілігін кеулей жону бастиегіне кіріктіріңіз (кейбір 
кездері екі құралбілік бірден қолданылады), оны тартыңыз, содан соң бүтін қондырғыны көп 
мақсатты білдектің сүмбісіне қойыңыз. Алынған саңылаудың өлшеміне, дайындама тиісті 
сипаттамаларға ие болғанға дейін кеулей жону бастиегінің бүйіріндегі шағын реттеу 
бұрандасын айналдыру арқылы қол жеткізіледі. Осындай құрылым жону білдегіндегідей 
соншалықты қатты емес, сондықтан көп мақсатты білдектерде кеулей жону тек таза ажарлау 
үшін қолданылады.
.
Кесу бойынша берілетін кеңестер
Өңдеуге арналған ең жақсы кесетін құралды (және оның жабынын) таңдап алу өңделуі 
тиіс материалдың түрін, оны қанша алып тастау, қаншалықты тез алып тастау қажеттігін және 
қанша бөлшек шығару қажеттігін қоса алғандағы бірнеше факторларға байланысты болып 
келеді. Бұған көбі ең жақсы құралды ұсынатынын айтып сендіретін, ондаған кесетін құралды 
жеткізушілердің ішінен таңдап алу керек болатынын қосыңыз, абайлаңыз, басыңыз қатып 
кетпесін. Ең жақсы кеңес, жақсы қымет көрсетіп сүйемелдеуді ұсынатын бір немесе екі 
компанияны таңдап алу және солар мен олардың сату бөлімі туралы білуге болатынның бәрін 
біліп алу (және, әрине, осы кітапты аяғына дейін оқып шығу). 
Тот баспайтын болат пен алюминий секілді материалдар ұзын, талшықты 
жоңқа жасауға бейім келеді. Абайлаңыз, егер жоңқа саусағыңыздың
айналасына оралып қалса, ол айтарлықтай қауіпті болуы мүмкін, онда сіздің 
пианино ойнаудан бас таруыңызға немесе допты сол қолмен қағып алуға 
үйренуіңізге тура келуі мүмкін. Мінсіз қалыптастырылған жоңқалар C және 9-
тәріздес пішінде (немесе, егер қаласаңыз, 6-тәріздес пішінде) болады.
Жоңқаны алып тастауды тиімді бақылауға қол жеткізудің ешқандай да 
құпиясы жоқ. Ол үшін жұмыстың дұрыс параметрлері (цехта «беріліс» және 
ЕСКЕ ТҮСІРУ
ЕСКЕ ТҮСІРУ


98 
«жылдамдықтар» 
ретінде 
танымал) 
жоңқаны 
уатудың 
жақсы 
сипаттамаларына ие кесетін құралдар, дұрыс жағылған майлағыш-суытқыш 
сұйықтықтар және тәжірибелі темір ұсталары жасайтын басқа да түрлі 
сиқырлы тәсілдер қажет. Осы айла-тәсілдерді зерделеңіз. Саусақтарыңыз 
сізге алғыс айтатын болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет