Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет88/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Фрезерлік кескіш 
Көптеген адамдар «ұнтақтау» деген терминді естіген кезде әңгіме бидайдан ұн тарту
шоудан кейін топырлау туралы немесе біреу күшік фабрикасынан (еск. Ағылшын тілінен 
«puppy mill» – күшік фабрикасы, «Mill» ‒ ұн тарту) келесі жақын досын сатып алмақшы болып 
жатыр деп ойлайды. Алайда қандай да бір себеппен, басы бар бір инженер-механик осы 
металл өңдеудің маңызды технологиясын тура сол атаумен атаған дұрыс деп шешкен. 
Қаншалықты өкінішті болғанымен, енді оны өзгерте алмаймыз, себебі адамдар алғашқы 
фрезер білдегін ойлап тапқалы бері (кейбіреулер оны мақта тазалағыш машинаны ойлап 
табуымен танымал болған өнертапқыш Эли Уитни жасаған дейді) 200 жылға жуық уақыт 
бойы осы үдерісті «ұнтақтау» (немесе фрезерлеу) деп атап келеді.
Нәтижесінде, фрезер білдектері жону білдектерінің альтер-эгосы болып табылады, қол 
фрезасынан және егеу білдектерінен көлденең әрі тік кескіндемеде берілген көпмақсатты СББ 
білдектеріне эволюцияланған. Заманауи басқару мүмкіндіктерінің арқасында қазіргі кезде бес 
білікті көп мақсатты біліктер бар, олар өңдеу әлемін біржола өзгертуге уәде беріп, фрезерлеу 
цехының жаңа элементі болды.
Оларды кім ойлап тапқанына қарамастан, барлық фрезер білдектеріне сіз тура қазір 
ТЕХНИКАЛЫҚ 
АҚПАРАТ


92 
білетіннен басқа, әдеттен тыс пішінді, бірақ маңыздылығы кем емес бір тісті, сегменттік 
кілтектердің науашаларын, кілтектік, бұжыртабан кескіш және Т-тәрізді тіс кесетін әрі 
бұрамдықты фрезаларды қамтитын фрезалар қажет.
Олардың ішіндегі бастысы саусақты жонғыштар болып табылады. Төртбұрышты кесу 
жиегі бар саусақты жонғыштар, саусақты сфералық жонғыштар, конустарды өңдеуге арналған 
саусақты жонғыштар және жұмырланған саусақты жонғыштар, саусақты сыдырғыш фрезалар 
және бұрышты беткі қабаттарды өңдеуге арналған саусақты жонғыштар ‒ бұл тізім ұзын және 
бір жақты әрі екі жақты саусақты фрезалардың болуының арқасында, сондай-ақ ТКБ-дан, 
кобальттан және нығыздалған ұнтақ тәріздес металдан немесе CPM (тигельден жасалған 
ұнтақ болат) жасалған қатты қорытпалы металдан жасалған фрезалар. Таңдау жеткілікті.
Саусақты жонғыштар науашаларды, дөңестерді және қапталдықтарды өңдеу үшін, беткі 
қабатты «тегістеу» (сфералық саусақты жонғыштарды пайдаланып), науашаларды және
жүздің жиектерін немесе бұрышты жиектерді кесу үшін қолданылады. Олардың пішіні бұрғыны 
еске түсіреді және құралдың ішкі жиегінің бойымен кеседі, алайда кейбірі ұшынан да кеседі 
(қапталдық панельдегі «Тура ортасынан» айдарын қараңыз).
Өндірушілердің 5, 7 және тіпті 11 жырашықтары бар саусақты фрезаларды ендіргеніне
қарамастан, екі немесе үш жырашықтары бар саусақты жонғыштар ең көп таралғандар болып 
табылады (5-3-суретті қараңыз). Олардың көбі құралдың «шиыршықты» өтуіне 
(«бағдарламалау» тарауын қараңыз) және қолданылуы аэроғарыштық, медициналық және 
энергетикалық өндірісте айтарлықтай арта түскен титан мен суперқорытындыларға арналған.
5-3-
кесте: 4 жырашығы бар саусақты жонғыш 
көміртекті болаттан жасалған дайындамадағы 
науашаны кесіп жатыр 
«Sandvik Coromant» ұсынған 
Сыдырғыш деп аталатын саусақты фрезалардыңәдетте тісті жиектері болады, сол үшін 
оларды бейресми, бірақ мықты атаумен «жүгері собығы» деп атап кеткен. Осы жиектер 
металдың қалың қабатын алған кезде жоңқаларды сындыру үшін қажет. Кесетін құралдарды 
өндірушілердің бірқатары өз өнімдеріндегі бұрамалы бұранданың көлбеулену бұрышы мен 
жырашықтар арасындағы қашықтықты әр түрлі ете бастады. Осындай саусақты фрезалар 
жоғары беріліспен заманауи жоғары жылдамдықтағы технологияларда туындауы мүмкін
тербеліс пен дүрсілді бәсеңдету үшін айтарлықтай тиімді.
Әрине, саусақты жонғыштар барлық фрезерлік операцияларды орындай алмайды
сондықтан фрезалардың басқа да бірнеше маңызды түрі бар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет