Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет93/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Жұқа жіптер 
Жону білдектерінде бұранда кесілетіні белгілі. Шын мәнінде, кейбір жону білдектерін 
әлі күнге дейін «бұранда кескіш білдектер» деп атайды, ол заманауи СББ білдектерінің 
ізашары болып табылатын жұдырықшалы білігі бар механикалық жону білдектеріне жатады.
Ескі үлгідегі бұранда кескіш білдектер сыртқы бұранданы (мысалы бұрандалар мен 
бұрамаларды) бұранда кескіш қалыптамалардың (таңбалаушыға қарама-қарсы) көмегімен 
немесе тура бұранда бүрлеу құралындай жұмыс істейтін, бірақ сүмбінің орнын ауыстыруды 
талап етпейтін шағын аспалы тетік болып табылатын бұрандалы «бұранда кескіштің»
көмегімен кеседі. Сыртқы бұранда үшін оларға осыған ұқсас білдектің бекіткіші, бұранда 
бүрлеу аунақшасы да қолданылуы мүмкін.
Бір жақсысы, осы бұранда кесудің ескі тәсілі айтарлықтай деңгейде механикалық 
бұранда кескіш білдектер болып қалды. Таңбалаушылар бұрынғысынша СББ жону 
білдектерінде, әсіресе бұранда саңылауларының мөлшері шамамен 1/2 дюйм немесе одан да 
кішірек болғанда, ал сыртқы кесудің көбі «бұранданы бір жүзді құралмен кесу» ретінде 
танымал үдеріс барысында жасалатын болғанда жиі қолданылады.
Бір жақсысы, осы бұранда кесудің ескі тәсілі айтарлықтай деңгейде механикалық 
бұранда кескіш білдектер болып қалды. Таңбалаушылар бұрынғысынша СББ жону 
білдектерінде, әсіресе бұранда саңылауларының мөлшері шамамен 1/2 дюйм немесе одан да 
кішірек болғанда, ал сыртқы кесудің көбі «бұранданы бір жүзді құралмен кесу» ретінде 
танымал үдеріс барысында жасалатын болғанда жиі қолданылады.
Бұл қалай жұмыс істейді? Егер білгенше асықсаңыз, онда ол туралы, сондай-ақ 
бағдарламалаудың басқа да мәселелері туралы егжей-тегжейлі баяндалған 11-тарауды 
оқыңыз. Қазір мен бұранданы бір жүзбен кесу үшін бір жүзді құрал ‒ бұранда кесетін кескіш 
қажеттігін айтамын. Қысқаша айтқанда, өз функцияларын орындау үшін.
Бір жүзді кескіштердің бірнеше түрі бар. Олардың барлығы жырашықтарға арналған 
кескіштерге ұқсайды, алайда олар жырашықтарға арналған кескіштердегідей тікбұрышты 
пішінде емес, классикалық V-тәріздес пішінде болып келеді. V-тәріздес пішінді кескіш түбі мен 
бүйір беттерін кесіп шығады және кесу өлшемін бақылауды барынша жақсы қамтамасыз 
ететіндіктен, бұранда кесуге арналған ең танымал құрал болып табылады.
Инженер-технологтар сүйек бұрандалары мен түрлі импланттайтын тетіктерде 
қолданылатын бұранданың түрлерін былай қойғанда, бұранда түрлерінің метрлік, 
империялық, Витворт бұрандасы, трапеция тәріздес, сол және оң жақты, жұқа және морт
қатты, түтікшелі, велосипедті кесу секілді ойландырып қоятындай сан алуанын жасаған. 
Жақсы жаңалығымыз, бүгінгі таңда механикалық өңдеу цехтарынан табуға болатын 
барлық бұранда түрлерінің көпшілігін кіріктірілген біршама кескіштердің көмегімен кесуге 
болады және олар жеңіл бағдарламаланады, осыны түсініп алуға тұрады. Егер оның қалай 
жасалатынын білгіңіз келсе, онда ары қарай оқыңыз.
Механикалық бұранда кескіш білдектерде әдетте қолданылатын тағы бір 
кесетін құрал қалыпқа келтіретін (фасонды) кескіш болып табылады. Осы 
ТЕХНИКАЛЫҚ 
АҚПАРАТ


97 
қарапайым білдектерге СББ білдектеріндегідей көп координатты 
қозғалыстар қолжетімді болмағандықтан, әдетте бөлшектердің пішіндерін 
тікелей кесетін құралдың үстінде ажарлайтын болған. Нәтижесінде алынған 
фасонды кескіш берілістің тиісті жылдамдығымен дайындамаға ойып 
кіріктірілетін, 
осылайша 
дайындаманың 
қалаулы 
пішіні
«қалыптастырылатын».
Сіздің осы әрекеттерді СББ бар жону білдектерінде орындауыңызға ешқандай кедергі 
жоқ, онда СББ білдектерінің қажеті қанша? Ұсталынған бұранда кескіш білдекті сатып алып, 
жүз мың долларды үнемдеуге болмайды ма? Әрине, егер оны баптай алатын немесе қажетті 
фасонды кескіштерді қайрай алатын адамды тапсаңыз. Ол адамдардың көбі қазір зейнетке 
шығып кеткен.
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет