Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет90/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Бір орында тұру 
Бұрынырақ осы тарауда мен фрезерлік білдектердегі айналмалы құралдарды қолдану 
тәсілдері туралы, сондай-ақ стационарлық құралдардың тек жону білдектеріне ғана 
арналғаны туралы айтып кеткен болатынмын. Көбіне бұл шындық немесе ең кемі бұрын солай 
болған. Бұл көптеген СББ білдектерінің «жетекті құралдармен», ал кейде толыққанды 
фрезерлік сүмбілермен жабдықталғанына байланысты. Осыған ұқсас көп мақсатты білдектер 
де ережеден тыс болып келеді, әсіресе шабаданның көлеміндей немесе одан да үлкенірек 
көлемдегі бөлшектерді өңдеуге арналған білдектер және олар көбіне «жону» 
функцияларымен сатылады. Сондықтан да алаңдаушылық таныту және құралдарды қандай 
да бір тар санатқа жатқызуға тырысу қажет емес.
Иінтіректі құралдарды ешнәрсеге алмастырмаймыз 
Стационарлық кесетін құралдарды кейде иінтіректі құралдар деп те атайды. Олар, 
әрине, шын мәнінде иінтіректерге ұқсас емес, алайда олардың білдектің айналғыш 
қалпақшасына, кескішті ұстағышқа немесе күймешікке (жону білдегінің түріне байланысты)
бұрандалармен немесе бұрамалармен бекітілетін төртбұрышты құйыршығы болады.
ТЕХНИКАЛЫҚ 
АҚПАРАТ


94 
ТКБ-тан жасалған кірікпелі кескіштерді немесе дәнекерленген қатты қорытпалы 
пластиналары бар жону кескіштерін (қазіргі кезде олар өте сирек қолданылады) қоспағанда, 
жону құралдарының барлығы дерлік индекстелетін болып келеді, яғни олардың бұрамалық 
немесе қысқыштық қатты қорытпалы пластиналары болады. Фрезерлік құралдар 
жағдайындағыдай, индекстелетін пластиналар көбіне екі бүйірлі болады және бір жағында 
үнемді пайдалану мен жоғары өнімділікті беретін бірнеше кесетін жиегі болады. Оларды 
мүмкін болған жерлердің бәрінде пайдаланыңыз. 
Мұнда кездейсоқ тәртіппен ең жиі қолданылатын жону құралдары берілген. Әрине, осы 
шебер кесетін құрал кескіштерді өндірушілер үнемі жаңа түрлерін жасаумен айналысады
сондықтан өңдеудің тиімділігн арттыратын осы және басқа да тәсілдерді қалт жібермеңіздер: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет