6-
ТАРАУ.
ҚЫСҚЫШПЕН МЫҚТАП ҰСТАУ
Сіздің өміріңіздегі ең жақсы марапат соған тұрарлықтай іспен айналысу болып табылады.
—ТЕОДОР РУЗВЕЛЬТ
Машинаңызды алдын ала дөңгелегін сыналамай көтеріп көріңіз, сонда сіз оның жолмен
қалай домалағанын көресіз (немесе сізге құлап кететінін). Өңдеу үшін бөлшектерді дұрыс
бекіту бөлшектердің жоғары сапасын қамту үшін ғана маңызды болып қалмайды, ол сондай-
ақ қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін де маңызды. Бір жақсысы, қысқыш қондырғылардың
көптеген түрі қолжетімді; олардың басым көпшілігі жақсы, кейбірі тіпті керемет, ал кейбірі
сіздің цехтың бизнесін толығымен өзгертеді.
Қысқыш қондырғылардың басым көпшілігі екі санаттың біріне жатады: патрондар немесе
атауыздар. Әдеттегідей олар өздері қолданылатын білдектің түріне және ұстайтын бөлшектің
пішініне сәйкес келеді. Мысалы, кәдімгі екі білікті жону білдегінің алдыңғы басшасында
домалақ бөлшектерді өңдеуге арналған (немесе домалақ емес бөлшектердегі саңылаулар
мен түп жақтарды жұмырлауға арналған) патрон орнатылған. Көп мақсатты білдектердің көбі
төртбұрышты немесе үшбұрышты (басқаша айтқанда, ортоганальды) дайындамаларды бекіту
үшін атауыздармен немесе атауыздар тобымен жабдықталған.
Бірақ (және бұл үлкен «бірақ») осы ортогональді бөлшектерді бекіту үшін патрондарды
да, домалақ бөлшектерді де дискілерге салғандай оңай жасауға болады.
Мұнымен қоса жону білдектері мен фрезалар қысқыш қондырғылармен немесе
теңестіру тақтасымен, магнитті немесе вакуумдық патрондармен және тіпті екі жақты
таспамен жабдықталған болуы мүмкін. Дайындаманың да алуан түрі болатындай, оларды
бекітудің де соншалықты тәсілдері бар. Міне, сондықтан әзір болыңыз, біз қауіпсіз, сенімді
және нақты өңдеуге жол аша отырып, ең көп таралғандарын (иә, тіпті таспаны да)
қарастырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |