53
5) жүйелі-әрекеттік тәсілдеме (білім алушы білімді дайын күйінде алмай,
оны өзі өндіруден, өз оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынудан, оның
ережелер жүйесін түсіну мен қабылдаудан, жетілдіруге
белсенді қатысудан
тұрады).
Пәннің мазмұны мәтін түрлері, көркем шығармалар мен аутентті
материалдар арқылы білім алушылардың сөздік қорын жаңа сөздермен
толықтыруды, оқығаны бойынша пікір білдіруді және оны дәлелдеуді, белгілі
бір тақырыпқа байланысты өз ойын толық, жүйелі, түсінікті етіп ауызша және
жазбаша жеткізе білуге дағдыландыруды,
мәтін бойынша сұрақтар
құрастырып, мүмкін болатын жауаптарды болжап, өзін-өзі бағалауды, мәтін
бөлімдері арасында
мағыналық байланыс орнатуды, жоспар құруды, сөйлеу
мәдениетін қалыптастыруды қамтиды.
Тілдің фонетикалық,
лексикалық, грамматикалық және орфографиялық
құбылыстары мен фактілері өзара байланыста оқытылады және олардың білім
алушыларының сөйлеу практикасында қолдануына бағытталған.
Оқу мақсаты бір тоқсан ішінде сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша
үйлестіріледі. Сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша (тыңдалым, айтылым,
оқылым, жазылым) оқу мақсаттарын біріктіре алады. Бір сабақта
әртүрлі негізгі дағдылардың 2-3 оқу мақсатын біріктіруге болады.
Білім
алушылардың оқу мақсатын меңгеру деңгейіне қарай мұғалім сағат санын өзі
бөле алады.
Пән бойынша 2-4-сыныптардағы жазба жұмыстарының көлемі келесі
кестеде көрсетілген.
9-
кесте. «Қазақ тілі» пәні бойынша жазба жұмыстарының түрлері және
көлемі
Жазба
жұмыстарының түрлері
2-
сынып
3-
сынып
4-
сынып
Сөздік диктант
5-
7 сөз
9-
12 сөз
12-
15 сөз
Диктант
25-
30 сөз
35-
50 сөз
55-
70 сөз
Көшіру
25-
30 сөз
35-
50 сөз
55-
70 сөз
Мазмұндама
40-
60 сөз
60-
80 сөз
80-
100 сөз
Шығарма
25-
35 сөз
35-
55 сөз
65-
70 сөз
Оқыту сипатындағы шығармашылық жұмыстарды жүргізу мерзімділігі
мен түрлерін мұғалім өзі анықтайды.
Мұғалім жазбаша жұмыстарды өткізуде дескрипторлары бар критерийлер
құрастырады. Жазбаша жұмыстардың дескрипторлары анық және нақты болуы
тиіс. Олар тапсырманы орындаудың қай кезеңінде білім алушы қиындыққа
және оларды түзетуге тап болды дегенді анықтауға мүмкіндік береді. Бұл білім
алушылар мен ата-аналарға конструктивті кері байланыс беруге мүмкіндік
береді. Төменде критерийлермен жұмыс жасаудың үлгілері ұсыным сипатында
берілген.
10-
кесте. Жазба жұмыстарының критерийлері мен дескрипторлары
54
№
Жұмыс түрлері
Критерийлер/дескрипторлар
1.
Достарыңызбен бөлісу: