«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне арналған «Эпидемиология» пәнінен емтихан сұрақтары 2022ж



бет12/74
Дата08.05.2024
өлшемі360.5 Kb.
#500744
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   74
307 ЭПИД СЕССИЯ

Алдын алу шаралары. Инфекция көзін табу үшін берілу жолын қиюға, организмнің резистенттілігін көтеруге бағытталған шаралар жиынтығы қажет. Ерте диагнозды аиықтау және адекватты дұрыс емдеу маңызды. Алдын-алудың бір әдісі санитарлықгигиеналық тәртіпті сақтау. Өнеркәсіптерге қатаң санитарлық бақылау қою, әсіресе сүт өнімдері қолданатын өнеркэсіптер. Санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу өте маңызды орын алады.

10. БҚ индикациясы, түрлері.
Биологиялық заттардың индикациясы дегеніміз – ықтимал қарсыластың бактериялық қаруды қолданған фактісін және қолданған бактериялық қарудағы қоздырғыштың түрін анықтайтын шаралар жиынтығы.Ықтимал қарсыластың биологиялық қаруды қолданған фактісін анықтау арнайы емес индикация деп аталады.Қолданған қоздырғыштың түрін анықтау арнайы индикация деп аталады. Осыған байланысты арнайы емес индикация қарсылас биологиялық қаруды қолданған кезде жүргізіледі, ал арнайы индикация биологиялық шабуылдың зардаптарын жою кезінде жүргізіледі.Ауада және тұрғылықты жерде биологиялық қаруды қарсыластың қолданған фактісін анықтаудың арнайы емес индикациясының міндеттері қарсыластың іс-әрекетін бақылаумен, барлық әскерлер мен қызметтерді бақылау постыларымен, барлаудың барлық тарауларымен және арнайы радиациялық, химиялық, биологиялық қарудың арнайы бөлімше қызметімен шешіледі.
Бактериялық қаруды қолдануына күдік туғызушы жанама мәліметтерге снарядтар жарылғанда пайда болған аэрозольді бұлттың пайда болуы және т.б. жатады. Қарсылас бактериялық қаруды қолданғанын көзбен шолып анықтау фактісінің тиімділігі аз болады. Ауаның биологиялық зақымдалу белгілерінің дабылы және автоматтық тіркелуінің тиімділігі көп болады.Арнайы индикация 3 кезеңнен тұрады: сыртқы орта нысандарынан алынған сынамалар, олардың тасымалдануы және зертханалық зерттеулері. Сынамаларды қарсылас биологиялық шабуыл ретінде қолданған микроорганизмдердің максималды саны болатындай етіп алу керек. Ол үшін ауаны аэрозольді кезеңде алады, сонымен қатар снарядтар қалдығын жарылыс болған эпид.орталықтағы заттардан жұғындар немесе аэрозоль көп жиналған жерлерден алады. Зақымдалған аумақтағы жеке қорғаныс киімдері болмаған адамдардың мұрын-жұтқыншақтарынан жұғын алу ұсынылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет