12. Дезинсекция. Буынаяқтылармен күресу әдістері және құралдары.
Дезинсекция деп жүқпалы аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушы және адамның еңбегі мен демалысына кедергі болатын буынаяқтыларды өлтіруге немесе қоршаған ортадан аластауға бағытталған шаралардың жиынтығын айтады.
Дезинсекцияны белгілі бір жолмен өткізу тәртібі, оның қажеттілігі негізінде қоздырғыштың берілу механизмімен берілу жолдарымен жөне факторларымен тығыз байланысты. Мысалы, тек қана аспирациялык механизм арқылы берілетін жұқпаларда дезин- фекцияның өзі жеткілікті. Егер жүқпа қоздырғыиггары трансмиссивтік механизм арқылы берілетін болса, негізгі күш дезинсекция әдістеріне байланысты болады. Ал, қоздырғыпггар нәжіс-ауыз механизм арқылы беріледі.
Медициналық дезинсекцияда кеңінен мәлім шараларға шыбындарға қарсы күресу жатады, олардың қүрамына шыбындардың ұрығы мен имагаларын жоюға бағытталған тазалау жүмыстары кіреді. Қоздырғышы иенің қанына енген жүқпалы аурулардың берілу фактор- лары буынаяқтылар болған жағдайда олардың берілу механизмін үзуге арналған шаралар өте пайдалы және шешуші болып есептеледі. Бүл топтағы жүқпалы аурулардың қоздырғыштарын таратуға масалар, шыбын-шіркейлер, биттер, кенелер, соналар және т. б. қатысуы мүмкін. Қоздырғыштарды хүқтыратындармен күресуге керекті құралдар жөне оларды пайдалану холдары буынаяқтылардың экологиясымсн тығыз байланысты.Қоздырғыштары нәжіс-ауыз механизмі арқылы берілістін жүқпалардың өр түрлі берілу жолдарын үзу үшін өр түрлі сөйкесгікті шаралар керек. Оларға ең алдымен елді мекендердің жағдайын жақсартуға байланысты үнемі жүргізіліп отыратын жалпы санитарлық шаралар жатады. Су құбырлары мсн канализацияны жүргізуге, қала аумағын тазалаудың жақсаруына байланысты іш сүзегімен аурудың күрт төмендегені, ал тырысқақ індетінің жойыла бастағаны тарихтан белгілі. Бүның себебі: су қүбырын жүргізу судағы қоздырғыштардың таралуын азайтты, ал канализацияны дамыгу мен тазартудың жақсаруы қоздырғыштарды белсенді түрде таратушы факторлар болып табылатын шыбындардың жолын кесті.
Медициналық мақсаттағы дезинсекциялық шаралар алдын алу және жою (ошақтық) шаралары болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |