Күнделікті дезинфекция қоздырғыш көзінің қатысуы арқылы қоздырғыш денеден шыққан бойда оны тез құрту мақсатында жасалады. Ол қоздырғыштар жұққан немесе жүғуы мүмкін науқас адам маңындағы нәжісті, құсықты, қақырықты, таңу заттарын және басқа да бұйымдарды үнемі зарарсыздандыруға бағытталган. Бұл жұмыс ауру немесе тасымалдаушы қоздырғышының көзі болатын уақыттың ішінде үздіксіз жүргізіліп отырады.Күнделікті дезинфекция жұқпалы аурулар ауруханасында, оңашаланғандарда (изоляторларда), емханаларда, егер ауру өз алдымен келіп емделетін болса, оның мекен-жайында өткізіледі. Бұл жұмыстың мақсаты —қоздырғышты ошақтан шығармау, аурудың маңындағы адамдарды инфекциядан қорғау. Аурудың қайда орналасуына байланысты күнделікті дезинфекцияны медицина қызметкерлері немесе күні бұрын дайындалған ауруды күтуші адамдар жасайды. Бұл жұмысты, ауру үйінде оңашаланған болса, көп жағдайда оның туыстары,қажет кезінде емхананың немесе сан-эпидстанцияның қызметкерлері атқармақ. Эпидемия ошағындағы медицина қызметкерлері жергілікті адамдарға дезинфекция жасау жолдарын үйретуге тиіс. Егер ауру инфекциялық ауруханада болса, онда күнделікті дезинфекцияны аурухана бөлімшесінің маманы жасайды.
Қорытынды дезинфекция қоздырғыштың көзінің жоқ уақытында, яғни науқас ауруханаға түскеннен кейін, сосын ол үйге кеткеннен кейін аурухана бөлімшесінде жасалады. Сирек жағдайларда —емдеу- алдын алу мекемелерінің мамандық бағыты өзгергенде де қорытынды дезинфекция өткізіледі.
Қолданылған заттың ерекшеліктеріне байланысты дезинфекцияның физикалық , химиялық жөне биологиялық өдістері бар.
Объектілерді биологиялық әдіспен өңдегенде биологиялық сүзгілер, биотермиялық камералар жөне компостар пайданылады.
Дезинфекцияның физикалық әдістері өр түрлі жолмен іске асырылады, олардың ішінде кең тарағандары және жиі қолданылатындары —объектілерден микробтарды механикалық жолмен жою. Ол ылғалды түрде жинау, жуу, шаңсорғышты қолдану, желдету, ауаны және суды сүзу, сыпыру, заттарды шаю арқылы орындалады.Радиоактивтік сәулелер микробтарда морфологиялық, қызметтік
өзгерістерді дамытып, олардың барлық түрлерін өлтіреді. Олардың залалсыздандыру әсері қолданған сәулелердің мөлшеріне тікелей байланысты. Қазіргі уақытта тамақтарды, медицина бұйымдарын, таңу заттарын залалсыздандыратын жабдықтар бар.
Жоғаргы жиілікті элесктр тогы арқылы дезинфскцияның физикалық әдістері қолданылады, себебі бұл токтың бактерияларды, вирустарды өлтіретін өсері бар. Ультрадыбыстар хирургиялық аспаптарды залалсыздандыру үшін, шприц инелерді жөне т. б. тазалау үшін қолданылады. Ультрадыбыстардың микробтарға әсері екі ортаның (клетка —қоршаган орта) арасында қысымның үлкен айырмашылығын тудыруға байланысты болады, соның салдарынан микроорганизмдер өледілерде, эмульсияларда, суспензияларда белсенді өсер ететін заттардың шоғырлануы жеткілікті болса, микробтармен жанасу жағдайында және қолдану уақыты сақталса, залалсыздандыруды толық қамтамасыз етеді. Көп жағдайда дезинфектанттар белгілі бір концентрациялы ерітінді түріңде қолданылады. Дезинфекция ерітінділері өңдеуші заттармен толық жанасу үшін оны аурудан бөлінетін заттармен мүқият араластырады, еденді, қабырғаларды, заттардың беттерін түгелдей жуады, киімді ерітіндіге түгелдей батырады. Есте сақтайтын жағдай - дезинфекцияның тиімділігін, ең бірінші препараттың белсенділігін, қоздырғыштың төзімділігін, өнделіп жатқан заттар ерекшеліктерін және басқа да себептерді ескеріп, оның белгілі бір өсер ету уақытын қатаң сақтаған жағдайда ғана жүзеге асыруға бо- лады. Қолдану уақыты 10 минуттан бірнеше сағатқа дейін өзгеруі мүмкін.Температурасы 60—70 °С шамасындағы ерітінділер өте пайдалы.
Дезинфекция жасау үшін микробқа қарсы өсері күшті химиялық затгар пайданылады, олар 13 негізгі топқа бөлінеді: галоидтар, тотықтырғыштар, қышқылдар, негіздер, тотықтар, гуанидиндер жөне басқалары.
Дезинфекцияның химиялық әдісі кейбір химиялық заттардың, микроорганизмдердің физиологиялық, морфологиялық қасиеттерін бұзуға негізделген.
Дезинфекция жасау үшін микробқа қарсы өсері күшті химиялык заттар пайданылады, олар 13 негізгі топқа бөлінеді: галоидтар, тотықтырғыштар, қышқылдар, негіздер, тотықтар, гуанидиндер жөне басқалары.
Галоидтар тобында тәжірибеде хлор өте жиі қолданылады, қүрамында хлоры бар қоспалардың әсер ету механизмі хлордың микроб- тарды тотықтандыруына, яғни тотықтыру, қалпына келтіру реакциясының орын алуына байланысты. Хлорлы қоспалардың сапасы оның қүрамындағы белсенді хлордың молшеріне, яғни олар қышқылдармен әрекеттескенде бөлініп шығатын таза хлордың мөлшеріне тікелей байланысты. Белсенді хлордың мөлшері препараттың жалпы салма- ғының пайызы ретінде белгіленеді. Хлордың дезинфекциялық әсері гидролиз өтстін, соның нәтижесінде оттегі мен хлордың бөлінуі болатын сүйық ортада өте жоғары болады. Егер өнделетін заттардың қүрамында органикалық қосымшалар болса, дезинфекциялық эсер төмендейді, себебі, олар белсенді хлорды жүтып алады. Бүл препараттардың дезинфекциялық әсері қышқыл ортасында жоғары, негіздер арасында томен болады.
Достарыңызбен бөлісу: |