Қазакстанда кең қолданылатын ратицидтер:
Зоокумарин
Цинк фосфиді
Ратиндан
19. Иммунобиологиялық препараттар. Вакциналарға қойылатын талаптар. Жоспарлы және эпидемиялық көрсеткіш бойынша егулер
Жүқпалы аурулардан иммунды әдіспен сақтану үшін қолданылатын препаратгар үш топқа бөлінеді: 1) белсенді (активті) иммунитет қоздырушылар; 2) енжар (пассивті) иммунитет туғызушылар; 3) микроб жүққан организмде қоздырғыштың өсіп-өнуін тоқтататындар. Белсенді иммунитет жасау үшін қолданылатын препаратгарға вакциналар мен анатоксиндер жатады. Енжар (пассивті) қорғанысты сарысулар мен иммундыглобулиндер қамтамасыз етеді. Организмде қоздырғыштың көбейіп, дамуын токтататын препараттарға интерферон жатады.
Вакциналардың қүрамында қоздырғыштардың антигендері болады. Микроорганизмдерден антигендер қандай тәсілмен бөлініп алуына байланысты вакциналар бірнеше түрлерге бөлінеді: тірі, инактивацияланған, суббірлікгі синтетикалық жөне антиидиотиптілер.
Тірі вакциналар дегеніміз — вируленттілігі жойылған немесе әлсіздендірілген, макроорганизмде көбею жөне белсеңді жасанды иммунитет қоздыру қабілеттілігі сақталган, бірақ ауру туғыза алмайтын микроорганизмдердің тірі аттенуацияланған штамдары болып табылады. Туберкулезге, обага, бруцеллезге, сары қызбаға, қорасан шешекке, полиомиелитке, қызылшаға, мысқылға (эпид.паротит), гриппке, кене энцефалитіне, қызамыққа, бөртпе сүзекке қарсы вакциналар тірі вакциналарга жатады. Тірі вакциналарға қараганда инактивацияланган вакциналардың иммуногенділігі төмен болады. Сондықтан мүндай вакциналарды организмге бірнеше қайтара енгізу қажст (әдетте 2-3 қайтара). Екі қайтара енгізу 3—4 аптада, ал үш қайтара енгізу - 7—10 күн аралыгында жүргізіледі.
Бұл топқа көкжөтелге, іш сүзегі мен парасүзекке, қүтыруға, лептоспирозга, гриппке, ұшыққа (герпес), тырысқаққа, Ку қызбасына, бөртпе сүзекке, кене энцефалитіне, омбылық геморрагиялық қызбасына қарсы қолданылатын вакциналар жатады. Олардың көпшілігі төжірибеде кеңінен қолданылады. Химиялық вакциналар - жүқпалы аурулар қоздырғыштарының клеткаларынан немесе олардың бөлшекгерінен арнайы химиялық немесе ферменттік өндеу жолымен бөлініп алынған, ерітілген антигендерден түрады. Осындай жолмен алынған кешендер суда ерімейтін заттарға сіңіріледі (алюминий немесе фосфат гидроксиді). Заттектерден барынша қүтылу ультрадыбыстың, центрифугалардың, хроматографияның, кейбір химиялық агенттердің көмегімен тазартылады.
Осындай вакцинаны адам ағзасына енгізгенде депо (қор, жинақ)
пайда болады да, сол жерден ол баяу сіңіп, препараттың иммундық қасиетін күшейтеді. Баска препараттармен, мысалы, сіреспе анатоксинімен араластырылмаған жагдайда, олар организмге бір рет енгізілуі мүмкін.
Қазіргі кезде менингитке, іш сүзегіне жөне парасүзек, бөртпе сүзекке, гриппке жөне обаға қарсы химиялық вакциналар өңдіріледі және қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |