«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне арналған «Эпидемиология» пәнінен емтихан сұрақтары 2022ж



бет22/74
Дата08.05.2024
өлшемі360.5 Kb.
#500744
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   74
307 ЭПИД СЕССИЯ

Жалпы санитарлық шаралардың барлығы мекен-жайда және ғимараттарда, оларды қоршаған аумақта, елді мекен аймағында тазалықты сақтауға бағытталған. Бұл шаралар қалдықты, қоқысты уақытында жинау, олар сақталатын жәшіктерге кеміргіштерді енгізбеу, тамақты кеміргіштер тесе алмайтын ыдысқа салу сияқты болып келеді. Қоғамдық тамақтандыру орындарында, тамақ өндірісінде, ет комбинаттарында, үлкен тоңазыткыштарда, қасапханада, қоймаларда жөне т. б. жерлерде аталған шараларға ерекше көңіл бөлу керек. Сөрелер, онда сақталған заттың түріне қарамастан, еденнен 15 см жоғары болуы керек. Тамақ пен су қорларына кеміргіштердің жете алмауына көңіл бөлінуі тиіс. Тағамдар сақталатын сөрелер (3 айда кемінде 1рет) ауыстырылып тұруы керек.
Санитарлық-техникалық шаралардың мақсаты —мекен-жайларды, тамақ, емдеу-алдын алу мекемелерін және басқа да объетілерді тұрғызғанда, оларға күрделі және күнделікті жөндеу жүмыстарын жүргізгенде кеміргіштердің енбеуіне бағытталған құрылыс-конструкциялық арнайы шараларды жүзеге асыру. Бұл жағдайда кеміргіштердің кейбір биологиялық ерекшеліктері мен дағды әдеттерін ескерген дүрыс.(Мысалы, інді 25—30 см тереңдікке дейін қазады, 50-60 см-ге дейін секіре алады, тегіс емес, бұдырлы жерлерде жақсы жүгіреді). Санитарлық-техникалық шараларға жататындар: қабатты үйлерге және жертөлеге бетоннан жабын дайындау, терезе, барлық тесіктерді өйнектеу, торлау, канализация, су құбырын жөне басқа да құбырларды арнайы өткізгіштермен қамтамасыз ету жөне т. б.
Агротехникалық шаралардың мақсаты —ашық алаңдарда (дала, бақтар, парктер жөне т. б.) кеміргіштердің мекендеуіне, өмір сүруіне қиындық келтіретін жағдайлар туғызу. Оған жататындар —егінді ұқыпты жинау, жиналған пішен мен сабанды қорғау (алаңды ар­ найы дайындау, қоргау орларын, басқа да қажетті бүйымдарды жа- сау), мал жайларында, фермаларда ветеринарлық-санитарлық ережелерді сақтау және т. б.
Бұған байланысты механикалық, химиялық жөне биологиялық өдістер қолданылады. Әсіресе химиялық өдіс нәтижелі жөне арзан деп есептеледі.
Кеміргіштерді жоюдьң механикалық әдісі -әр түрлі қүралдың көмегімен үстап алып өлтіру. Бұл басқа өдістермен бірге қолданылады, бірақ химиялық хөне биологиялық әдістерді қолдану қауіпті болса (балалар, емдеу, кейбір тамақ мекемелері) жөне аулау саймандары кеміргіштердің санын анықтау үшін керек болса, бүл әдіс жеке қодданылады.
Қүрылысының ерекшеліктеріне байланысты барлық аулау саймандары екі топқа бөледі: қысатын қақпандар, егер кемірпштер оларга ілінсе, механикалық жолмен жойылады жөне тірідей үстайтын құралдар, олардың көмегімен кеміргіштерді ұстап, кейін құртады. Химиялық әдіс (кец таралган және нөтижелі) —ратицидтер деп аталатын уларды қолдану. Олардың күшімен кеміргіштерді жоюдың 3 түрі бар:
1. Уланган жемді пайдалану.
2. Кеміргіштер пайдаланатын су көзін улау.
3. Кеміргіпггердің індеріне, жолдарына, жиі болатын объектілеріне у себу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет