8. Тіл — жүйелер жүйесі. Тілдік жүйенің өмірдегі басқа жүйелерден бір өзгешелігі — оның күрделігінде, көп кабаттылығында. Тіл бүтін, кесек жүйе бола түра, өз ішінен эр түрлі ұсақ жүйелерге бөлшектенеді. Сондыктан тілдік жүйе жалаң болмайды, жүйелер жүйесі немесе гетерогендік 16 жүйе деп Яталады. Гетерогендік жүйе әр тектес тұлғалардан қүралады, басқаша айтқанда, бұған мүше болатындар — фонетикалық, лексикалық, грамматикалық жүйелер. Ұсақ жүйелерді, әдетте, гомогендік11 жүйе деушілік те бар. Гомо-гендік жүйе бір тектес тұлғалардан қүралады. Тіддің жоғарыда аталған әр қабаты өз алдарына жеке бір-бір гомогендік жүйе болып есептеледі.
Жалпытілдік (гетерогендік) жүйе мен ұсақ жүйелер (гомогендік) арасында елеулі айырмашылықтар бар. Гетеро-гендік жүйеге мүше болатындар — әр тектес элементтер. Бұлар бір-бірімен тек иерархиялық қатынасқа ғана келе алады. Сондықган жалпы тілдік жүйеге өзара иерархиялық қатынаста тұратын әр тектес элементтердің бірлігі, байланысы деген анықтама дәл келеді. Ал, оның құрамына енетін гомогендік жүйелерді қүраушы бөлшектер бір тектес болады және олар бір-бірімен синтагмалық, парадигмалық қатыста болады. Сондықтан гомогендік жүйе дегенге өзара синтагмалық, парадигмалық қатынастарда тұратын бір тектес элементтердің жиынтығы деген анықтама сай келеді.
Ұсақ жүйелер де өз ішінен тағы әр түрлі ұсақ салаларға, топтарға бөлшектеніп келеді. Мысалы, тілдің дыбыстық құрамы өз алдына тұтас бір жүйе. Оның күрамындағы элементтердің, яғни жүйе мүшелерінін барлығына ортақ қасиет — олар жеке қолданылмайды, жеке тұрғанда ештемені де білдірмейді. Олардың мәні бір-бірімен өзара байланысқа келгенде ғана айқындалады. Мұндай байланыста тұрғанда тіл дыбыстары сөз жасауға қажетті ең кіші материал ретінде пайдаланылады да, сигнификативтік қызмет (сөз мағынасын ажырату, бір сөзді екінші сөзден бөліп таныту) атқарады. Міне, бұл — дыбыстық жүйе кұрамындағы элементтерге тән ортақ қасиет. Осындай ортақ белгілерімен қатар, дыбыстық жүйе құрамындағы элементтердің бір-бірінен азды-көпті өзгешеліктері де жоқ емес. Мысалы, т дыбысы мен а дыбысын салыстырып кзрасақ, алдымен, алдыңғыда үннің, дауыстыі жоқтығын, соңғыда олардың барлығын көреміз. Осы қасиеттеріне қарай жіктелгенде, т дыбысына ұқсас келетін де, а дыбысына ұқсас келетін де дыбыстардың барлығы' айқындалады. Сөйтіп, т дыбысына ұқсастары өз алдына дауыссыз дыбыстар деген атпен бір топ болып бөлінсе, а дыбысына ұқсастары дауысты дыбыс деген атпен екінші топ, болып бөлінеді. Осындай салыстыруды т мен д, а мен э дыбыстарына да қолдануға болады. Соның нәтижесінде қатаң дыбыстар тобы, ұяң дыбыстар тобы немесе жуан дауысть дыбыстар тобы, жіңішке дауысты дыбыстар тобы деген тәріздес әр түрлі ұсақ топтар келіп шығады. Ал, осы ұсақ топтар жоғарыда айтылған ортақ қасиеттері негізінде бірігіп, парадигмалық ең жоғары топ (қабат) — тілдің біртұтас дыбыстық (фонетикалық) жүйесін құрайды.
Жоғарғы және төменгі топтарға морфема, сөз жүйелері де жіктеле алады. Мысалы: морфема өз ішінен түбір морфема, қосымша морфема деген топтарға бөлінсе, қосымша морфема өз ішінен жүрнақ, жалғау деп аталатын, алдыңғылардан гөрі де ұсақ топтарға, кластарға бөлінеді. Ол ол ма, жалғаулардың- өзін септік, көптік, тәуелдік жалғаулар деп бүрынғыдан да гөрі ұсақ топтарға бөлшектеп әкетуге болады.
Бұл топтағылар сөздің мағыналы бөлшектері, сөз құрайтын материалдар дейтін барлығына ортақ қасиеттері негізінде бірігіп парадигмалық ең жоғарғы топ (қабат, уровень) — тілдің біртұтас морфемалық жүйесін құрайды.
Осы айтылғандардай жоғарғы, төменгі топтарға сөздер жүйесі де, синтаксистік жүйелер де бөлінеді. Ондай бөліктер тілдердің табиғатында бар нәрселер болғандықган, оған ешкім таласпайды. Пікір таласы сол топтардың әрқайсысын жеке-жеке жүйе дейміз бе, болмаса, ең жоғарғы бірліктерін ғана (дыбыс, морфема, сөз т.б.) жүйе деп, олардың бөліктерін жүйе ішіндегі жай бірлік қана дейміз бе, жүйе деу үшін нені критерий етуіміз керек — дейтін мәселелерде.
Біраз ғалымдар бір-бірімен салыстыруға, біріне-бірін қарсы қоя қарауға болатын, өзара байланыста, шарттық кңтынаста тұратын бір тектес элементтер бар жердің бәрінде де жүйе бар дегенді айтады.
Бірсыпыра ғалымдар тілдің жүйелік құрамын бұлай көбейтуді мақұлдамайды. Олар белгілі бір тілдік элементтер тобын бір жүйе, гомогендік жүйе деп санауға синтагмалық, парадигмалық қатынастардың болуын ең негізгі критерий ету керек, олай болмағанда парадигмалық бір класс құрамына енетін элементтердің де жүйелік белгіге жатқызылуы мүмкін деседі.
Расында да, жүйе дегенді бөлуге элементтердің тек қана өзара жақын, бір тектестігін меже ететін болсақ, онда бір ғана дауысты дыбыстардың өзін жуан-жіңішке, ашық-қысаң, еріндік-езулік, созыңқы-келте дауысты т.б. деп алуан түрлі жүйеге бөлуге болатын еді. Ал егер жүйені бөлуге жоғарыда көрсетілген қатынастарды өлшеу етсек, белгілі бір парадигмалық топ ішіндегі элементтердің дауысты дыбысқа байла-нысты жоғарыда айтылғандай ішкі ұсақ белгілерін жүйелік белгі деп санамайтын боламыз. Өйткені бұлар сияқты ұсақ топтар арасында синтагмалық қатынастар бар тәрізді дегеннің өзінде де, оларда қатынастың үшінші иерархиялық түрі бар дей алмаймыз. Қатынастың бұл түрі дыбыс жүйесі деп аталатын ең жоғарғы топқа тән қасиет. Тек бір бүтін ретінде алынған фонетикалық жүйе ғана өзінен жоғары тұрған морфемалар жүйесімен иерархиялық қатынасқа келе алады. Морфемалар мен сөз жүйелері туралы да осыны айтуға болады.
Тіддің фонетика, морфология, синтаксис салаларының өз алдарына жеке бір-бір жүйе екендіктерін, бұл жүйелердің бір-бірінен сапалық өзгешеліктері барлығын көрнекті тіл ғалымдарының қай-қайсысы да бекер демейді. Бірақ бірсыпыра ғалымдар лексикада жүйелік сипат бар дегенді құптамайды.
Тілдің басқа қабатына қарағанда лексиканың өзіндік ерекшеліктері бары даусыз. Мұның жүйелік сипаттары фонетика мен грамматикадағыдай айқын, ашық та, көп те емес. Дегенмен, тілдің лексикасына қалай болса солай, кездейсоқ топтаскдн жеке сөздердің жиынтығы деп қарауға болмайды. Мұндағы элементтер де әр түрлі жолдармен өзара байланысып жатады. Бір-бірімен салыстыруға, біріне-бірін карама-карсы қойып айқындауға болатын жүйелік сипат бұдан да табылады. Мысалы: ақылды-есті, амандасу-сәлемдесу, ниеттес-тілектес, жау-дүшпан тәріздес синоним сөздерді, жақсы-жаман, үлкен-кіші, алыс-жақын төріздес антоним сөздерді, сол сияқты омоним мен полисемия сөздерді, т.б. бір-бірімен теңцестіре немесе қарама-қарсы қоя қарасақ, оларда бір тектес сипаттың барлығы байқалады. Осылар тәріздес сипаттарын ескерген ғалымдар лексиканы тілдің фонетикалық, грамматикалық жүйелері сияқты өз алдына гомогендік бір жүйе деп санайды. Бұл — дұрыс пікір.
Жүйеге байланысты айтылуға тиісті тағы бір пікір -тілдегінің барлығы бірдей жүйелі ме, жүйесіздік деген онда бола ма деген мәселе. Тілдің негізіне жататын нәрсе -жүйелілік екендігі, жүйелі болу - оның табиғатына төн кдсиет екендігі даусыз. Бірақ бұдан тілде жүйеге жатпайтын, одан ауа жайылған ештеме жоқ деген қорытынды шықпайды.
Мысалы: дауыссыз дыбыстар ішінде к, қ, г, ғдыбыстары жуан, жіңішке мәнде бір-біріне қарсы қойылады, біра дауыссыздардың басқа түрлерінде мұндай жүйелілік жоқ. Грамматикада зат есімдердің кейбір түрлерін жіктеп айтуға болса (студентпін, студентсің), басқа көптеген түрлерін (стол, кітап) олай жіктеп айтуға болмайды, т.б. Бұл жағдай тілде мүмкіндіктің орасан молдығын, оның жүйесінің ашықтығын, оны жеріне жеткізе, бар мүмкіндігін сарқа пайдалану — мүмкін еместігін байқатады. %
Сонымен, тілдің өз алдына біртұтас жүйе екендігі, өзіндік заңы бойынша өмір сүріп, қызмет атқаратындығы талассыз қағида. Тіл жай ғана жүйе емес, ол өз ішінде қайшылыктарға толы жүйе екендігін, онда күні бітіп қүрып бара жатқан көнелер мен өмірге енді ғана келген жаңалардың өмір сүре беретіндігін, оған қоғам осерін тигізіп, ықпал жасап отыратындығы жете ескерілуі қажет.
Тіл білімінің нағыз ғылым болғысы келе, тілдің жүйесін зерттеу шеңберінде қалып қоймай, тілге, тіл тіршілігіне байланысты мәселелердің барлығымен де, солардың ішінде экстралингвистика мәселелерімен де жан-жақты шүғылдануы керек. Өйткені тіл тіршілігі, тіл өмірі көп жағдайда осы мәселеге де байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |