«Жалпы тіл білімі» пәні бойынша дәріс сабақтарының конспектісі



бет21/35
Дата07.05.2024
өлшемі135.74 Kb.
#500682
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35
ЖТБ дәріс сабақтары(Лекция)

Грамматикалық мағына дегеніміз тілде қалыпты сипаты бар (стандартты) сөздер тобы мен сөз тұлғаларына, синтак-систік құрылымдарға тән жинақты, дерексіз тіддік мағына28. Морфология саласында сөз таптарының жалпы мағыналары болсын, сөз тұлғалары мен сөз тобының жеке мағыналары болсын, морфологиялық категорйялар деңгейіне сай бір-бірінен өзгеше болып келеді. Синтаксие саласында граммати-калық мағына предикативтіліктен, сондай-ақ сөз тіркестері мен сөйлем компоненттерінің әр түрлі кдтынасын білдіретін дерексіз грамматикалық құрылымдардан көрінеді. Граммати-калық мағына сөзге немесе сөздердің белгілі бір топтарына ғана тән дерексіздігі әлсіз, лексикалық мағыналардан өзгеше.
Грамматикалық мағыналар жүйесі болмыстағы заттар мен құбылыстардың және олардың өзара байланыстары қатынастары туралы ұғымдардың дерексізденуі арқылы калыптасады.
Грамматикалық қүрылыстың тілдік бірлігі ', (единицасы) деген ұғым грамматикалық категориямен тікелей байланысты. Бұл мәселе жайында казіргі тіл білімінде әр түрлі көзқарас бар. Бірқатар ғалымдар грамматикалық құрылыстың тілдік бірлігі (единицасы) морфема деп, енді бірсыпырасы — сөз деп байымдайды. Ал, А.М.Пешковский, Л.В.Щерба, В.В. Виноградов, А.И. Смирницкий еңбектерінде грамматикалық қүрылыстың тілдік бірлігі грамматикалық категориялар деген пікір қалыптасқан.
Тілдің грамматикалық механизмі морфемалардан немесе сөздерден жасалмайды, "грамматикалық категория" дец аталатын тіл бірліктерінен (единицаларынан) жасалады. Тідцік грамматикалық механизмін грамматикалық категорияларға қарап білуге болады. Грамматикалық категориялар сөз топтарын, сөз формаларының тобын, сөйлеу позициялары мен сөйлеу конструкцияларын біріктіріп отырады. Сөздер мен сөз формаларынан жасалған грамматикалық категориялар жүйесі морфологияға, ал, сөйлеу позициялары мен сөйлеу конструкцияларынан жасалған грамматикалық категориялар синтаксиске тән. Әрбір синтаксистік категорияның граммати-калық мағынасы морфологиялық категорияның грамматика-лық мағынасына қарағанда жалпы, жинақты болып келеді. Грамматикалық категориялар ішкі құрылымы жағынан біркелкі емес, жай немесе күрделі болуы мүмкін. Сөздердің лексика-грамматикалық үлкен топтарын білдіретін сөз таптары грамматикалық категориялардың ірі, күрделі түрлері болып табылса, ал, солардың құрамына кіріп, соларды жасайтын түрлері шағын жай категориялар болып есептеледі. Мысалы, зат есім категориясының қүрамындағы септік, жіктік, көптік, тәуелдік, тек (род); етістік категориясының қүрамындағы жақ, шақ, рай, етіс, есімше, көсемше шағын категориялар болып табылады.
Тілдерде грамматикалық категориялардың мөлшері біркелкі емес. Мысалы, орыс тіліндегі вид, род категориялары қазақ тілінде жоқ. Грамматикалық категориялар ұғымына байланысты әлем тілдері бір-біріңен: 1) грамматикалық категориялардың саны мен құрамына қарай, 2) белгілі бір грамматикалық категорияның әр түрлі қүрамда кездесуіне қарай (мысалы, септік жалғаулары орыс тілінде — 6, қазақ тілінде - 7, эстон тілінде - 14), 3) грамматикалық категория-лардың сөз таптарына қатысына қарай жіктеледі.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Тіл деңгейі принциптері
2. Тіл деңгейлерінің басқаша атауы

8 ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ: ТІЛДІҢ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет