«Жалпы тіл білімі» пәні бойынша дәріс сабақтарының конспектісі



бет17/35
Дата07.05.2024
өлшемі135.74 Kb.
#500682
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35
ЖТБ дәріс сабақтары(Лекция)

5. Синтагмалық қатынас. Грек тілінен тараған бұл атау алғашқыда бір нәрселердің қосылуы, жалғасуы деген мағынаны білдірген. Қазіргі заман тіл білімінде тілдік элементтердің бір-біріне тіркесе жалғасуы дегенді білдіреді. Синтагмалық қатынасқа алдынғысы кейінгісіне тіркесе, жалғаса айтылатын я жазылатын элементтер байланысы жатады.
Тілдік тұлғалар байланыстары іщінде синтагмалық кдтынастың мәні ерекше. Тіл өзінің қатынас құралымдық қызметін элементтердің синтагмалық қатынасы, байланысы арқылы атқара алады. Сөйлеу сөйлеу процестері кезеңінде тілдік тұлғалардың бір-біріне тіркесе, жалғаса байланыстары нөтижесінде іске асады. Синтагмалық қатынас элементтер байланыстарының ең алғашқысы. Синтагмалық қатынасқа жататын бір тектес тұлғалар: морфема мен морфема, сөз бен сөз (үй-шік, от-ағасы, қоралы қой). Құрылымы, мағынасы, қызметі жақтарынан әр тектес болып келетін тұлғалар синтагмалық байланысқа келе алмайды. Мысалы: дыбыс пен морфема, сөз бен сөйлем т.б.
Тіл жүйесіндегі синтагмалардың, синтагмалық қатынас-тардың негізінде тіл жүйесін зерттеудің негізгі аспектілерінің бірі синтагматика қалыптасқан. Синтагматиканың қарас-тыратыны — жүйелі түрде орналасқан тілдік тұлғалардың сөйлеу процесінде (немесе мәнін қүрастыруда) бір-бірімен тікелей байланысқа түсіп тіркесуінен туатын синтагмалық қатынастарды таддап зерттеу. Синтагматика парадигматикаға қарама-қарсы қойылып қарастырылады, өйткені ол тілдің бір мезгілдік деңгейіндегі күйін, яғни тарихына бармай, оның көлденең (горизонталь) бағытта байланысатын күйін зерт-тейді.
6. Парадигмалық кдтынас. Грек тілінен ауысқан бұл атау мысал, үлгі деген мағынаны білдірген. Кдзір де ол — бір тектес элементтердің тобы, класы деген мағынаны білдіреді. Парадигмалық топ құрамына енетіндер — мағыналық, құрылымдық жақтарынан бірыңғай болып келетін тұлғалар. Мысалы, септік жалғаулар парадигмасы, фонемалар парадигмасы т.б. Парадигмалық топ құрамына, класына өзара синтагмалық қатынасқа келе алатын тұлғалар енеді.
Тіл жүйесіндегі парадигмалардың, парадигмалық қатынастардың негізінде тіл жүйесін зерттеудің негізгі аспектілерінің бірі прадигматика қалыптасқаН; Парадигматиканың қарастыратыны — парадигмалық қатынастардың құрылымын, топтарын, жіктелуін, қызметін зерттеп анықтау. Парадигматика синтагматикаға қарама-кдрсы қойылып қарастырылады, өйткені ол тіддің бір мезгілдік емес, әр мезгілдік күйін, яғни ассоциялық қалпын, тіл элементтерінің тік бағытта (вертикаль) байланысуын зерттейді.
7. Иерархиялық қатынас (төмендегінің өзінен бір табан жоғарғыларға бағынуы). Бұл әр тектес тұлғалар байланысы деген мағынаны білдіреді. Қатынастың бұл түрі ұсақ парадигмалық топтағылардың өздерінен бір саты жоғары тұрған парадигмалық топпен байланысына негізделеді. Мысалы: дыбыстар материалдық көрсеткіш ретінде морфемалар құрамына енсе, морфемалар сөз құрамына, сөз сөз тіркесі немесе сөйлем құрамына енеді. Иерархиялық қатынас арқасында тіл кабаттары бір-бірімен байланысқа келіп, біртұтас тілдік жүйе қүрайды, сөйтіп, бүкія тілдік механизмі тұтасып қимыл жасайды.
Иерархиялық қатынас арқылы фонетика, лексика, грамматика жүйелік сипатқа ие болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет