«Жалпы тіл білімі» пәні бойынша дәріс сабақтарының конспектісі


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет19/35
Дата07.05.2024
өлшемі135.74 Kb.
#500682
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35
ЖТБ дәріс сабақтары(Лекция)

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Тілдік таңбалардың мағыналық түрлері
2. Сигнал таңбалар мен символ таңбалар
3.Ақша таңбаларының даралығы

7 ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ: ТІЛ ДЕҢГЕЙЛЕРІ


Дәріс жоспары:
1. Тіл деңгейлері
2. Грамматикалық категориялар
1. Тіл жүйесіндегі басты мәселелердің бірі тіл деңгейлерімен байланысты. Тіл біліміндегі дәстүр бойынша тіл құрылымын фонетика, лексика, морфология, синтаксис салаларына бөліп қарастыру тіл деңгейлері туралы идеяны дамытуға негіз болды. Тіл деңгейлерін білудің теориялық та, практикалық та мәні зор. Теориялық мәні — тілдің күрылым-дық жүйесінің дамуын жете түсінуге мүмкіндік беретінді-гінде. Себебі, тіл жүйесінің элементтері бірыңғай емес, олар бір-бірімен тығыз байланыста бола отырып, тіл бірліктерінің сипатына қарай өз ішінен әр түрлі деңгейге жіктеледі. Ал, практикалық мәні — тілдің құрылымын, оның элементтерін деңгейлер дәрежесінде қарастыру тіл жүйесін үйренуді жеңілдетеді.
Тіл жүйесіндегі бірыңғай тіл бірліктері мен ережелердің жиынтығынан тұратын шағын жүйелер, бөлімдер тіл деңгейлерін жасайды. Тіл деңгейлері тіл механизмдері деп те аталады (Б.Н.Головин). Деңгей жасау сипатына тек деңгейлік шартқа сай келетін, яғни парадигмалық және синтагма-тикалық тұрғыда деңгейлік тіл бірліктерімен қатынасқа түсуге қабілетті тіл бірліктері ғана ие болады. Мысалы, фонемалар фонемалық қатар (топ) жасай отырып, сөйлеу үстінде тек фонемалармен, морфемалар парадигматикалықкатынаста тек морфемалармен, сөздер синтагматикалық катынаста тек басқа сөздермен тіркесе алады. Осылайша фонемалар жүйесі мен олардың бірыңғай жиынтығы, сөз жүйесі мен олардың бірыңғай жиынтығы, сөз таптары жүйесі мен олардың бірыңғай жиынтығы, сөйлем түрлері жүйесі мен олардың бірыңғай жиынтығы қалыптасып, тіл деңгейлерін жасайды.
Бір деңгейдегі тіл бірліктері басқа бір деңгейдегі тіл бірліктерімен иерархиялық (сатылап) қатынас арқылы байла-ныска түседі. Сөйтіп, фонемалар морфемалардың дыбыстықт қүрамын, морфемалар — сөздің, сөздер — сөйлемдердің; құрамын жасайды.
Ал, деңгей ішіндегі тіл бірліктерінің, мысалы, фонема-; лардың (дауысты я дауыссыз түрлері), морфемалардың (түбір немесе қосымша түрлері), сөздердің (жай я күрделі түрлері, сез таптары), сөйлемдердің (жай, құрмалас түрлері) жеке топтары өз алдына бөлек деңгей жасай алмайды.
Тіл деңгейі мынадай принциптер негізінде кдлыптасады, і
1) Бір деңгейге жататын тіл бірліктері (элементтер) біртектес болуы шарт. Мысалы, фонемалық деңгей біртектес фонемалар жүйесі мен олардың бірыңғай жиынтығынан тұрады.

  1. Бір деңгейге кіретін тіл элементтері одан жоғары келесі деңгейдің құрамына кдтысты болуы шарт. Мысалы, фонемалық деңгейдегі тіл бірліктері өзінен жоғары бірлік болып, табылатын сөздерді жасауға қатысып, морфемалық я лексикалық деңгейлермен байланысты болып келеді.

  2. Тіл деңгейінің әркайсысы басқа деңгейдің құрамына қатысты болғанымен, өзіне тән белгілерін, қасиетін, ерекшелігін жоймайды, өзінің дербестігін сақтайды.

  3. Әрбір деңгей, оған кіретін тіл бірліктері әрі тілдік'таңбалар болып табылады. Сөйтіп, бұл принциптерден, біріншіден, тіл деңгейлерінің төменнер жрғарыға қарай күрделеніп отыратынын, екіншіден, әрбір тіл деңгейінің автономиялық, яғни дербестік сипаты бар екенін байқаймыз.

2. Тілдің құрылымдық, соған байланысты деңгейлік жағы 19-20 ғасырлардағы тіл білімінде жиі сөз болып келе жатқанына қарамастан, деңгейлер, олардың көлем-мөлшері, аралық шегі жайындагы мәселе жете анықталды деуге болмайды. Мысалы, В.М. Солнцев тіл деңгейлерінің негізгі түрлері ретінде фонемалық, морфемалық, лексикалық, синтаксистік төрт деңгейді қарастырады18. "Общее языко-знание" (1972 г.) деп аталатын ұжымдық еңбектің авторлары сөзжасам және морфологиялық деңгейлерге күдікпен қарай-ды, себебі бұл деңгейлер морфемалармен тығыз байланысты, олардың мәні морфемалар арқылы ашылады деп топшылайды.
Француз ғалымы Э.Бенвенист тіл "деңгейлерін" бөлек қарастырмай, оның орнына "деңгейлерді" талдап сипаттау кажет деп санайды. Оның себебін ғалым зерттелетін нысанды оны сипаттап талдау әдісінен бөлек қарастыруға болмайтын-дығымен түсіндіреді. Бұл, әрине, тіл деңгейлеріне бір жақты көзқарас. Нақты тіл жүйесінде әр түрлі құрылымдық бөліктер, деңгейлер бар екенін және олардың кдлыптасу дәрежесі бірдей еместігін ескерсек, деңгейлердің өздерін зерттеу қажеттігін жоққа шығаруға болмайтыны түсінікті.
Педагогикалық институттардың студенттеріне арналған "Общее языкознание" (1979) оқу қүралында тіл деңгейлерінің алты түрі көрсетілген. Мүнда тіл дамуының қазіргі кезеңіне тән деңгейлер толық қамтылған.

  1. Фонемалардың автономиялық деңгейі. Оның механизмі мынадай. Фонема морфема мен сөздің дыбыстық тұлғасын, көрінісін жасайды, яғни морфема мен сөз фонемалардан тұрады. Морфема мен сөз қүрамында үдайы түрленіп жаңғыра отырып, қашанда өзінің фонемалық
    қасиетін, ішкі түтастығын сақтап отырады. Сонымен бірге фонема тілде түлғалық өзгерістер жасауға қызмет ететін қарапайым тілдік таңба болып табылады.

2. Морфемалардың автономиялық деңгейі. Оның механизмі мынадай. Морфема сөздің және оның грамматикалық формаларының қүрамын жасайды. Солардың құрамында үнемі түрленіп, жаңғыра отырып, қашанда озінің морфемалық қасиетін, ішкі түтастығын сақтап отырады, әрі дербес мағынасы жоқтілдік таңба болып табылады.

  1. Сөздердің автономиялық деңгейі. Оның механизмі мынадай. Сөз сөз тіркесінің құрамына кіреді, сөзжасам типтері мен морфологиялық категорияларды жасауға қатысады, фонемалар мен морфемаларды біріктіріп отырады. Сөз тіркестері мен сөйлемдердің құрамында ұдайы түрленіп жаңғыра отырып, сөз қашанда өзінің сөздік сипатын, қасиетін, ішкі тұтастығын сақгап отырады. Сонымен бірге сөз өз алдына мағынасы бар тілдік таңба болып табылады.

  2. Сөзжасам типтерінің автономиялық деңгейі. Оның
    механизмі мынадай. Сөзжасам типтері сөз таптарын жасауға
    қатысып, сөздердің өзара қатынас жасауына мүмкіндік береді.

Сөз құрамында үдайы жаңғыра отырып, сөзжасам типтері өзіне тән қасиетін, ішкі түтастығын сақтап отырады. Сонымен бірге ол өзінің құрамына кіретін тілдік таңбалардыңі көрсеткіші болып табылады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет