Дәріс жоспары:
1. Мәселенің зерттелу тарихынан
2. Тіл дамунының заңдылықтары
1. Мәселенің зерттелу тарихынан. Тілдің дамуы жөніндегі мәселе — жалпы тілтану ғылымының күрделі проблемаларының бірі. Заманға, уақытқа қатысты болып отыратын тілдік күбылыстардың сырын білмейінше, тілдің өзіндік сипатын, мән-мағынасын түсіну мүмкін емес.
Соған қарамастан тіл дамуы жөніндегі мәселенің тіл ғылымындық проблемалардың бірі ретінде қарала бастағанына көп уақыт өткен жоқ. Көрнекті ғалымдардың зерттеулеріне кдрағанда, тідцің тарихи қүбылыс екендігіне көңіл аударып, оның тарихын зерттеуге бет бүрушылық 19 ғасырдың басында, салыстырмалы-тарихи тіл білімінің дүниеге келуінен басталды.
Тілдің қүрылымдық және қызметтік, функциялық дамуы. Тілдің дыбые-тық жүйесі мен ТраЧІматикалық құрылысында, лексикасында болатын жетілістер, дамулар қүрылымдық даму деп аталады. Сонымен бірге, тіл дамуы деген үғымға оның қоғамда атқаратын қызметінің үлғаюы, кеңеюі де енеді. Дамудың бұл түрі функционалдық даму деп аталады.
2. Тіл дамуының заңдылықтары. Тіл дамуының әзіндік зандылығы бар, оның езгеріске үшырауына себепші, түрткі болатын жағдайлар болады. Тілде болатын өзгерістердің біразы оны қолданушы қауымның еркінен тыс, тілдің өзіндік ішкі даму заңы бойынша іске асады. Тілдің ішкі даму заңы жалпы тілдік болуы да, жеке нақтылы бір тілдік болуы да мүмкін. Бірақ бүл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты.
Тілдің дамуындағы жалпы зандылыққа төмендегілер жатады:
1. Тіл бірте-бірте, эволюциялық жолмен дамиды.
2. Тілдік қабаттарының барлығы бірдей дәрежеде, біркелкі дамымайды, жағдайға, өмір талабына сәйкес әр түрлі қарқында, әр түрлі сапада дамиды. Бірақ тілдің жеке қабатында болған өзгеріс, белгілі мөлшерде болса да, тілдік жүйеге әсерін тигізбей түра алмайды. Олай болмағанда, тілді әрбір қабаттары, элементтері бір-біріне байланысты, тәуелді,
өзара шарттас болып келетін бірбүтін жүйе деуге болмас еді.
3. Тіл қатынас қүралы қызметін аткарып түрған жағдайда -әрқашан да даму үстінде болады. Сондықтан оның дамуын тарихтан бүрынғы, тарихтан кейінгі деп екі кезеңге (неміс ғалымы А.Шлейхер, 19 ғ.) немесе әр түрлі сатыға бөлу дүрыс емес.
4.Тілдің дамуы қоғам дамуымен тығыз байланысты болады, бірақ бұл екеуінің дамуы бір емес, әрқайсысынық өзіндік ерекшелігі бар. Тілде қоғам өмірінде болатындай революциялық секіріс, дүмпу, ескіні жаңаның күшпен бірден жоюы сияқгылар болмайды.
Тілдік одақ. Тілдік одақ дегеніміз – шыққан тегіндегі жақындық бойынша емес, біртұтас географиялық кеңістікте б»р-б»р»мен ұзақ уақыт бойы қарым-қатынаста болған тілдердің белгілі дәрежеде құрылымдық және материалдық ұқсастығына негізделген тілдердің тарихи бірлігі. Тілдік одақ және тіл семьясы деген ұғымдар бірдей емес.
Достарыңызбен бөлісу: |