Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда



бет4/19
Дата08.06.2016
өлшемі1.78 Mb.
#122928
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Өмірі мен шығармашылығы:
Райымқұлов Рахметолла (1913 - 1978). //Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Анықтамалық.- Алматы, 2004.- Б. 253 - 254.
Райымқұлов Рахметолла //Қазақ ССР: 4 томдық қысқаша энциклопедия.- Алматы, 1989.- Б. 500.
Райымқұлов Рахметолла (1913 - 1978). // Советтік Қазақстан жазушылары: Био - библиограф. анықтамалық.- Алматы, 1987.- Б. 503 - 504.
Райымқұлов Рахметолла //Қазақ әдебиеті: энциқлопедиялық анықтамалық.-Алматы, 2005.-439б.
***
Әбдіхалықов М. Өмірде де өзінің кейіпкеріне ұқсаушы еді //Жас Алаш.-2013.-6маусым.-5б.
Исабаев Қ. Замандасым сырласым // Қазақ әдебиеті.-2013.- 31мамыр.-15б.

Рахимов Хажымұрат

(1924 - 2001)
Рахимов Хажымұрат 1942 жылдың 23 ақпанында Целиноград (қазіргі Астана) қаласында туған. 1953 жылы Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1953 жылдан облыстық "Социалистік құрылыс" газетінің жауапты хатшысы, "Есіл правдасы", "Тың өлкесі" газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болып істеген. 1953 - 1963 жылдары Целиноград облысының атқару комитетінде аға нұсқаушы, 1963 - 1965 жылдары Целиноград облысының телевизиясында редактор болды.

Х. Рахимов баспасөзде очерк, әңгімелерімен 40 - жылдардан бастап көрінді. Тың және тыңайған жердерді игерудің алғашқы кезеңіндегі тың игерушілердің жасампаз еңбегін бейнелеген тұңғыш көлемді туындысы "Қарлығаштар" 1962 жылы жарық көрді. Х. Рахимовтың "Қарлығаштар" атты повесті - тың және тыңайған жерлерді игерушілердің өміріне арналған. Повесте бауырлас республикалардан келген комсомол - жастар мен қазақ жастарының арасындағы шынайы махаббат, мызғымас достық, олардың еңбектегі ерлігі көркем, тартымды суреттеледі.

Кейін Ұлы Отан соғысы жылдарындағы совет жауынгерлерінің шексіз ерлігі мен қаһармандығы, майдан мен тылдың бірлігі, халықтарымыздың туысқандығы, достығы, советтік патриотизм мен интернационализм жан - жақты айқын суреттелінген "Полк туы" (1969), "Бауырластар бейіті" (1970), "Қызғалдақтар" (1972) тағы басқа повестері мен әңгімелер жинақтары, Азамат соғысы кезіндегі ел басына түскен ауыртпалық, тап жауларының талқандалуы, Совет өкіметінің салтанат құруы шынайылықпен кестеленген "Сіңгір сырлары" (1976, 1978), "Бетпе - бет" (1983) романдары басылды.

"Қызғалдақта" атты повесінде қазақ жауынгері Асқар мен орыс қызы Тоняның арасындағы сүйіспеншілік жайы сөз етілсе, "Белгісіз бейіт" повесінде қолға түскен бір топ қазақ жауынгерлерінің жасаған ерлігі, патриоттық сезімі, Отанға деген ыстық махаббаты тартымды баяндалады.

Майдангер жазушы Х. Рахимовтың "Жаңғырық" романында соғыс жылдары совет халқының басына туған ауыртпалық кезең, елдің, ердің жанқиярлық ерлігі суреттелген. Романның бас кейіпкері Шыңғыс етегімен су кешкен, от пен оқтың арасында сомдалған қазақ жауынгерінің көркем бейнесі іспетті. "Аптаған оттың ішінде", "Қашқын" повестерін деректі шығармалар деуге де болады өйткені мұндағы оқиғалар желісі, кейіпкерлер тағдыры нақтылы фактілерге, деректерге негізделген.

Хамымұрат Рахимов 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен, КСРО медальдарымен марапатталған.


Шығармалары:
Рахимов Х. Жаңғырық: Роман, повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1993.- 288 б.
Рахимов Х. Қарлығаштар: Повесть пен әңгімелер.- Алматы: ҚМКӘБ, 1962.- 224 б.
Рахимов Х. Қызғалдақтар: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1972.- 91 б.
Рахимов Х. Полк туы: Повесть.- Алматы: Жазушы, 1969.- 83 б.
Рахимов Х. Сеңгір сырлары: Роман.- Алматы: Жазушы, 1979.- 303 б.
Рахимов Х. Касірет құрсауы: Роман.- Алматы: Қазақстан.-1997.-320б.

Өмірі мен шығармашылығы:
Рахимов Хажымұрат (1924 - 2001) // "Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр". Анықтамалық.- Алматы, 2004.- Б. 255.
Рахимов Хажымұрат (1924 - 2001) // Қазақ ССР. 4 томдық қысқаша энциклопедия.- Алматы, 1989.- Т.4.- Б. 501.

Рәшев Мыңбай

(1930)
Мыңбай Ахметкәрімұлы Рәшев 1930 жылдың 19 қазанында Семей облысы, Шұбартау ауданының (қазіргі Аягөз) 10-ауылында туған. Абай атындағы қазақ педпгогикалық институтының тіл және әдебиет факультетін бітірген. "Лениншіл жас" газетінде, "Ара" - "Шмель" журналдарында бөлім меңгерушісі болған.

Қазақ КСР Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінде істеген. "Ғылым" баспасы бас редакторының орынбасары, "Қазақстан" баспасының бас дедакторы болып істеген. Қазір Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші.

М. Рәшевтің тұңғыш өлеңдер жинағы 1955 жылы "Алғашқы борозда" деген атпен жарыққа шықты. Бұдан кейін де оның бірнеше жинағы оқырман қолына тиді.

"Тұлпар" поэмасында ақын Мыңбай Рашев Семей облысы, Шұбартау ауданындағы қой өсіруші жас шопандардың қиындығы мен қызығы мол жан - жақты өмірін суреттейді. Поэманың бас кейіпкері - Социалистік Еңбек Ері, ұстаз - бригадир Жанарбек Шүленбаев.

Сондай - ақ "Батыр - дастан" деген тақырыпқа топтастырылған "Ажалды жеңген алып", "Тың тарланы", "Жиырма сегіз", "Парад", "Сары атан" поэмалар циклінде қасиетті Отанын қаһармандықпен қорғаған ерлер бейнесі жырланса, "Шуақты шеру" дастанының арқауы - баянды бейбітшілік.

Өзінің қырық жылға жуық творчестволық сапарында отызға тарта жыр кітаптары жарық көрген ақын, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Мыңбай Рашевтың "Дәуір - дастан" кітабына оның ең таңдаулы делінген поэмалары, толғаулары мен балладалары енгізіліп отыр. Данышпан көсеміміз В.И.Ленинге, Отанға деген қалтқысыз сүйіспеншілік, баянды бейбітшілік, бауырлас ұлттардың мызғымас достығы, еңбек күйіне толған дархан даланың толассыз дүбірі, қарапайым да, жасампаз еңбек адамының қажырлы ісі мен тұрмысы, ақын шығармаларына арқау болған тақырып.

Не жазса да ағынан жарыла жырлау - ақын шығармашылығына тән қасиет.

Лирикалық, азаматтық өлеңмен бірге, көбінесе сатира жанрында еңбек етеді. Сықақтары, фельетондары мен мысалдары туысқан республикалар тілдеріне аударылған.

Ақын Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Көптеген медальдармен, Құрмет Грамоталарымен марапатталған.


Шығармалары:
Рәшев М. Алмагүл: Поэмалар мен сықақтар.- Алматы: Жазушы, 1986.- 144 б.
Рашев М. Бастау: Поэма мен өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1975.- 105 б.
Рашев М. Бұйымтай: Сықақтар мен мысалдар.- Алматы: Жазушы, 1968.- 60 б.
Рашев М. Ғасыр жолы: Поэмалар.-Алматы:Жалын,1981.-120 б.
Рашев М. Дәуір - дастан: Поэмалар, балладалар.- Алматы: Жазушы, 1990.- 360 б.
Рашев М. Ерлік дастаны: Поэмалар мен өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1978.- 87 б.
Рашев М. Жер сөйлейді: Өлеңдер, толғаулар, балладалар.- Алматы: Жалын, 1989.- 136 б.
Рашев М. Қисық айна: Сатиралық әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1967.- 93 б.
Рашев М. Суылдақ: Сықақтар, фельетондар мен мысалдар.- Алматы: Жазушы, 1965.- 88 б.
Рашев М. Тоғыз жүз күн: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1971.- 62 б.
Рашев М. Тұлпар: Поэмалар.- Алматы: Жалын, 1985.- 128 б.
Рәш М. Кері тартқанды бері тарт.-Астана: Нұр-Астана Т.1.-2008.-392б.
Рәш М. Шабыт шағаласы: Үш томдық шығармалары Т.2.-Алматы: Баспалар үйі.-2009.-392б.
Рәш М. Жұлдыздар жаңғырығы: Үш томдық шығармалары Т.3.-Алматы: Баспалар үйі.-2009.-320б.
Рәш М. Киелі домбыра: Толғаулар, өлендер, балладалар.-Астана: Елорда.-2001.-256б.
Рәш М. Мұржа мұрын.-Алматы: Атамұра.-2007.-200б.
Рәш М. Ұмытылмас ұшырасулар: эсселер.-Алматы: Қазығұрт.-2011.-552б.
Рәш М. Тс-с.....тісіңнен шығарма!: Сықақ әңгімелер мен әзіл-оспақтатар.- Алматы: Қазақстан.-1996.-256б.

Өмірі мен шығармашылығы:
Рәш Мыңбай //Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Анықтамалық.- Алматы, 2004.- Б. 256.
Рәшев Мыңбай //Советтік Қазақстан жазушылары: Био-библиограф. анықтамалық.- Алматы, 1987.- Б. 508-509.

Рәшев Мыңбай //Қазақ әдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы, 2005.-442б.


Саин Жұмағали.

(1912 - 1961)
Саин Жұмағали 1912 жылы Кокшетау облысы, Арықбалық
ауданы, "Баян" көлінің жағасында туған. Жастайынан жетім қалып,
балалар үйінде тәрбиеленген. Жетіжылдық мектепті бітірген соң,
бірнеше жыл ауылда сауатсыздық жою ісіне араласқан. 1930 жылы
Мәскеудегі "Цветметзолото" институтында, 1930 - 1932 жылдары
Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында оқыған. 1932 -
1934 жылдары Қарағанды облысыңың халық ағарту мекемелерінде
қызмет етті. 1934 - 1937 жылдары "Лениншіл жас" газетінде бөлім
меңгерушісі, 1937 - 1941 жылдары Қазақтың мемлекеттік коркем
әдебиет баспасында редакторы, әрі Қазақстан Жазушылар одағында
жастар мен балалар әдебиеті секциясының меңгерушісі, көркем
әдебиет баспасында директор болып істеген. 1941 - 1944 жылдар
арасында Ұлы Отан соғысы. майданында болып, Украинада партизандар отрядын басқарған. Отан қорғау жолында көрсеткен жауынгерлік ерліктері үшін медальдармен марапатталган.

1944 - 1947. жылдары Қазақтың мемлекеттік филармониясының, Республикалық халық творчествосы үйінің дикекторы, 1950 - 1957 жылдары "Жаңа өмір" және "Әдебиет және искусство" (қазіргі "Жүлдыз") журналы редакторының орынбасары, ал 1960 жылдан "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы болды.

Тұңғыш өлеңдер жинағы "Бақыт жыры" Ілияс Жансүгіровтың алғы сөзімен 1936 жылы, ал екінші жинағы "Алтын таң" 1938 жылы жарық көрді. 30-шы жылдардың аяғында "Балықшы" (1935), "Бақыт қүшағында" (1936), "Ырыспайдың әңгімесі" (1938), "Досыма хат" (1939) тәрізді кең тынысты эпикалық күрделі поэмалар жазды. Сонымен қатар осы кезеңде оның творчествосы кең өрісін, суреткерлік талантын танытатын, қазақ совет поэзиясының даму тарихында өзіндік орны бар. "Күләнда" поэмасы 4940-шы жылы жарияланды.

Ж.Саин поэзиясының үлкен бір белесі - оның жауынгерлік жырлары. Ж.Саинның ¥лы Отан соғысының отты жылдарына арнап жазған "Жорық жырлары" (1944) атты жинағы шықты. Халықтың шешендік толғау үлгілерін шеберлікпен пайдалана білуімен ерекшеленетін "Түн қатады партизан", "Ұрыстан кейін", "Айтылмай келген партизан", "Жаралы партизан", "Еске алу" тағы басқа жырларында совет жауынгерлерінің қаһармандық ерлігі жауға деген ашы ыза - кегі, туған жерге, Отанға, досқа деген жалынды махаббаты, халықтар достығы сүлу саз, әдемі лирикамен айшықталады.

Ақынның шығармашылық өміріндегі елеулі дәуір соғыстан кейінгі кезең болып табылады. Бұл түста ол қазақ әдебиетінің творчестволық мәселелеріне белсене ол араласып сын ("Аударма - әдебиеттің маңызды саласы", "Поэзия туралы") және публицистикалық ("Менің Украинам", "Жас өлке, гүлденіп жайнай бер" ) мақалалар, очерктер ("Құнарлы күз", "Зор ынтымақ" т.б.) жазды.

Ж.Саинның "Айғақ" (1948), "Алтай" (1950), "Таңдамалы шығармалары" (1952), "Жылдар" (1954), "Самал" (1957) т.б. өлеңдер мен поэмалар жинақтары, коллективтендіру кезеңдегі тап тартысын, совет адамдарының қоғамдық мәні күшті, жігер қайратын, жаңа салт, жаңа түрмысын, үйымшылдығын лайықты сөз өрнектерімен бейнелеген "Жол үстінде" повесі (1961) басылды.

М.Ю.Лермонтовтың "Біздің заманның геройы" романын, қырғыз эпосы "Манастың" жекелеген тарауларынан тәржімалаған. Алматы, Көкшетау қалаларының орталық көшелерінің, Көкшетау облысы, Арықбалық ауданындағы орта мектептердің біріне оның есімі берілген. Алматыда тұрған үйіне (Фурманов көшесі 120) мемориалдық тақта орнатылған. Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен ңаградталған.
Шығармалары:
Саин Ж. Шығармалар. Үш томдық.- Алматы: Жазушы, Т.І.- 1977.-214 6.

Т.2. Өлеңдер мен поэмалар.- 1978.- 279 б.

Т.З. Повестер мен әңгімелер, очерктер, мақалалар, естеліктер, аударма.- 1980.- 470 б.

Саин Ж. Алтай: Достық туралы аңыз.- Алматы: ҚМКӘБ, 1950.- 94 б.

Саин Ж. Жол үстінде: Повесть Және очерктер мен мақалалар.- Алматы: ҚМКӘБ, 1961.- 262 б..

Саин Ж. Жорық жолдары: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1970.- 198 б.

Саин Ж. Күләнда: Поэма.- Алматы: Жалын, 1985.- 66 б.

Саин Ж. Лагерь жыры: Өлеңдер.- Алматы: Жалын, 1981.- 12 б.

Саин Ж. Сырласу Алматы: ҚМКӘБ, 1960.- 20 б.
Өмірі мен шығармашылығы:
Саин Жүмағали (1912 - 1961) //Қазақстан жазушылары: XX ғасыр: Анықтамалық.- Алматы, 2004.- Б. 262.

Саин Жүмагали (1912 - 1961) //Советтік Қазақстан жазушылары: Био - библи Сүлейменов О. // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы.- 2005.- 484-485б.

Саин Ж. //Қазақстан: Ұлттық энциклопедия.- 7том.- Алматы, 2005.- 517б.

Саин Ж. //Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы.- 2005.- 499б.


Салғарин Қойшығара
(1939)

Қазақ тарихы - қағажу көріп, ақиқаты ашылмай да, айтылмай да келген тарих. Оның көнесі де, жаңасы да жетімнің күйін кешті. Көне тарих көмбе астында қалып, жаңа тарих барынша бұрмаланды. Оның толып жатқан себеп - салдары бар, ал негізгісі, отаршы империяның илеуіне түсіп," солақай саясаттың құрбандығы болуымыз. Соңғы жетпіс жыл бойы оқып - білгеніміз патшалы Ресей тарихы. Әлбетте, оны біз КСРО тарихы деп оқыдық. Шындыққа жүгінсек, біздің - аз халықтар өзіміз емес, өзгенің тарихын оқыдық. Ол оқулықтарда орыстан басқа халықтардың ата - тегіне, тарихына көңіл бөлінген, орын берілген жоқ. Оны көрсек, те көрмеген, білсек те білмегенсіп, іштен тынып жүре бердік. Рас, таза әрекетсіз болдык десек қиянат болар. Кешегі Е.Бекмахановтар халқымыздың шын тарихын жазып, жазықсыз жазаға үшырап, қуғын - сүргінге түсті. Ақиқатын айтуға үмтылған талай тарихшы ғалымдарымыздың өмірлері осылайша өкініште өтті.

Енді, міне, жеке мемлекет болдық. Өз тізгініміз өз қолымызға тиді. Елдікгің басы - ел тарихын білуден басталса керек. Сол ақиқатты сезінбей, сол шындыққа жүгінбей, үлы мақсат - тәуелсіз мемлекет бола алмаймыз. Осыны түйсініп, түсінсек қана алдымыз жарық, келешегіміз нүрлы.

Осы шындықты шын жүрегімен түсініп, перзенттік парызын өтеуді осы мақсатқа орайластырған жазушы Қойшығара Салғараүлы. Кесіп айтатын ақиқат осы. Бұрын - соңды да талай әдеби туындылары жарияланып, журналист ретінде де есімі елге кеңінен танылған Қойшығараның шын бағын ашқан, талантын танытқан, әрине, осы соңғы кітаптары. Бүл жерде Салғараүлының ерекше еңбегі - оның ел тарихының елең — алаңын жазуды сол бір тоталитаризмнің тар қыспағында жүрген кезде қолға алуы. Жазған кітабының жарыққа шығатынына күмәндана жүріп, тәуекелге бел бууы. Мүны көзсіз ерлік демеске лажымыз жоқ . Туған халқының мүңын мүңдап, жоғын жоқтау деген осы болса керек. Қазіргідей заман түзеліп, ел мүддесі алға шыққан шақта бәріміз де батырмыз, шетімізден шындықты айтуға шебер - ақпыз. Ал, Қойшығара Салғараүлының «Алтын тамыры» - тарихи трилогияның түңғышы - 1986 жылы жарыққа шықты. Бүл жылдың Қазақ елінің өмірінде өзгеше белгі қалдырғаны Желтоқсан оқиғасы арқылы айғақ. Жазушының тап сол бір ел мен ерге сын болған сәтте осындай кітап шығаруы ғажап болды.

Сонымен, осынау Тарихи трилоғияның тағылымы қандай?! Толып жатыр. Бірін айтсаң, ойыңа екіншісі түседі, сөйтіп жалғаса береді. Бұл кітаптар, ең алдымен, қазақ халқының да көктен түспегенін, жердің жігінен шықпағанын, ¥лан Даланың ұрпағы - төл перзенті екенін дәйекті деректермен шынайы дәлелдеп шыққан шығарма. Бұрынғы тарихымыз арқауы тозған арқандай үзік - үзік, байланыссыз еді. Жазушы Қойшығара Салғараұлы әңгіменің әлқиссасын сонау біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырдан бастап - кешегі моңғол шапқыншылығына дейін созып, тарихи желі тартып, түтас жүйе жасаған. Ата текті танытудың тура жолы осы. Шынайы тарих осындай қасиетке ие. Қойшығара Салғараұлының екінші бір тағылымы - бүкіл бүгінге дейіңгі халықтық атаулардың атаулық мағынасын, создік этимологиясын анықтап,

осы оңірде өмір сүрген халықтардың шығу тегін, біліктілігін тайға таңба басқандай анықтап берғендігі. Сондай - ақ, қытай жазбаларындағы жекелеген тарихи тұлғалардың белгісіз иә бұрмаланған аттарын, басқа деректермен салыстыра отырып, өз болжам - түйіндерін үсына отырып, анықтап берген. Осыған дейін көпшілік әдебиеттегі былық - шылығы көп, қайсысына сенеріңді білмей қайран қалдыратын ақиқат бетінің ашылуы - қазақ тарихының жаңа беті.Осы кітаптарда талай - талай тарихтың кемескі беттері ашылған. Соның бір жарқын мысалы мынау: аңыз кейіпкері әйгілі Қорқыт баба мен II Түріқ қағанатының негізін қалаушы Тоныкөктің (Салғараүлының жазуынша Тоңюкоктің) бір адам екендігін салыстырмалы тарихи деректер .арқылы дәлелдеп шыққан. Мүндай жаңалықты жазушы түгіл, кәсіпқой тарихшыларымыз да ашпағаны өтірік пе?! Тосын жаңалық, қазақ тарихын байыта, кемелдендіре түскен, өзіміздің атақты Түрік қағанатының шынайы мүрагері екенімізді дәлелдеп беретін жаңалық қой бүл.

Қайсыбір жазушы ағайындар Қойшығара Салғараүлының осы туындыларын коркем шығарма қатарына қосқысы келмейтіндей. Ал, бүл мүлде теріс пікір. Оқымай, иә, болмаса атүсті коз жүгіртіп, шала шолып айтыла салған жаңсақ пікір.

Айтқан созімізді тірілту үшін тарихи трилогия кейіпкерлері Мүде мен Басамандардың керемет образдарын жасағандығын айтсақ та жеткілікті. Бүл екеуі арқылы қазақ әдебиетійе ел есінде сақталатын ерекше тұлғалар келғен. Олардың образдары тарихтан, тарихи шығармалардан жақсы таныс Шыңғыс ханға да, Ақсақ Темірге де, Ескендірге де үқсамайды. Жалпы, тарихи трилогияның нағыз коркем әдебиет туындысы екендігіне жазушы қолданған тогілген тіл, қанатты сөздер, айшықты да астарлы соз тіркестері, ғақлия әңгімелер бірден көз жеткізіп түр. Сондықтан оны дәлелдеуге тырысып, босқа әурешілікке салыну бекер тіршілік демекпіз. Осы жерде жаңағыдай жансақ пікірге сеніп, бүл кітаптардың көркемдігіне күмәнмен қарау әсте абырой әпермейтін, теріс пиғыл екендігін еске сала кетсек дейміз. Шындыққа қиянат жасау - ар - ожданға ауыр сын.

Біздің пайымдауымызша, бұл тарихи трилогияның тағы бір тагылымы - оның ұлтымызды айрандай ұйыған бірлікке үндеген үлгісі мол бірегей шығарма екендігі. Үш кітаптың да өне бойында жазушы халықтың бүкіл тарихындағы жарқын мысалдарға сүйене отырып, біріккен жағдайда елдің қалай көркейгенін, ал ауызбірліктен айырылған кездері іштен іріп, тозатынын сан қырынан алып жазып, дәлелдеп шыққандығына көз жеткізуіңіз оңай. Қазіргідей іргелі ел, тәуелсіз мемлекет туын көтерген тұста айрықша есте болатын, аса қымбат, аса қажет халықтық қасиет — бірлік туралы жазушы толғамдары коңілге қонымды, сөздері сенімді. Осы орайда, әсіресе, «Алтын тамырдағы» қытай қол астына кіріп, нәтижесінде қалай азып - тозып, ел болудан қалған оңтүстік хунну халықтарының қилы тағдырын жеріне жеткізе жазу арқылы күні кешегі қазақ халқының мүшкіл халін көзге елестетіп, бүгінгі бізді содан сабақ алуға шақырып отырғанын атап, ашып айтуымыз керек. Тарихи шығарманың қазіргі уақытпен үндесіп, бір мақсатқа арналуы, әрине, таптырмас, тамаша тағылым.

Бүл үш кітап ел арасына кеңінен тарап, жұртшылықтың қалап оқитын шығармасына айналды. Оның қадір - қасиетін, бағасын арттырған тарихи

шындығы мен көркемдік кестесінің жарасым тауып, жақсы жазылуы. Бүл

пікіріміздің дәлелі - осы күнге дейін аталмыш кітаптарға бірде - бір тарихшының, бірде - бір тілші — ғалымның, болмаса көзі қарақты, көңілі ояу оқырманның сын пікір айтпауы. Сыйлыққа үсынылудан бүрын да,

кейін де кілең мақтанып келеді. Ендеше осындай халық мақтаған кітапты - тағылымы мол тарихи трилогияны мемлекет деңгейінде бағалауға тиіспіз.

Дер мезгілінде, елге ерекше қажет кезінде жазылған бүл кітаптар жазушының жеке басы емес, жалпы халықтың қуанышы, рухани байлығы.

Шығармалары:

Дунху. Гаучы: Қытайдың көне жазба деректерінен / Құраст: Қ. Салғараұлы .- Алматы: Санат, 1999.- 256 б.

Елтүтқа: Ел тарихының әйгілі түлғалары /Жауапты редактор М.Жолдасбекұлы, Қ.Салғараұлы, т.б.- Астана: КЦЪ ІМЕОПЧ, 2001.- 356 б.

Салғараұлы Қ. Ертеңі бар ел боламыз десек...- Алматы: Елорда, 2000.- 64 б.

Салғараұлы Қ. Қазақтың қилы тарихы: Роман - эссе.- Алматы: Жалын, 1992.- 303 б.

Түріктер (Тужиө): Жыужэндар /Түпнұсқамен салыстыра отырып орыс тілінен аударып, алғы сөзін тізген және құрастырған Қ.Салғараұлы.- Алматы: Санат, 1999.- 314 б.

Салғарин Қ. Соқпақ жолға бастайды: Повесть мен әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1979.- 160б.

Салғарин Қ. Алтын тамыр. Роман- эссе.- Алматы: Жалын, 1985.- 288б.

Салғарин Қ. Комбе: Роман- эссе.- Алматы: Жалын, 1989.- 448б .

Салғарин Қ. Тоғысқан тағдырлар: Повестер мен әнгімелер.- Алматы: Жалын, 1984.- 168б.

Салғараұлы Қ. Қазақ қазақ болғанда дейін: Роман – эссе.- Алматы: Жазушы, 1998.-

1-ші кітап.- 656б.

2-ші кітап.- 560б.

Салғараұлы Қ. Қазақтар: Роман – эссе.- Алматы: Өнер, 1995.- 352б.

Салғараұлы Қ. Сол бір күндер: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Атамұра, 2003.- 320б.

Өмірі мен шығармаш ылығы:

Салғарин Қойшығара //Советтік Қазақстан жазушылары.- Алматы, 1987.-Б.519

Салғарин Қ. // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Анықтамалық.- Алматы, 2004.- 263б.

Салғарин Қ. // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы.- 2005.- 451б.

Салғарин Қ. // Қазақстан: Ұлттық энциклопедия.- 7том.- Алматы, 2005.- 529-530б.

Ысмағұлов Ж.. Қойшы мен ойшы туралы сөз // Қазақ әдебиеті.-2009.-15 мамыр.- 1,7б.



Салықов Кәкімбек

(1932)
Жастайынан жақсылыққа, өнер - білімге, ғылымға, ақындыққа үмтылған Кәкімбек Салықовтың балалық шағы бақытқа толып тұрмаған да сияқты.

Өзіне - өзі жол ашып, қияға қанат қаққан бала бүркіттің дауылға, желге төтеп бергіш келетінін, төзімділігін Кәкімбек Салықов өміріне де үқсастырып айтсақ болатындай.

Бала күнін атақты Ыбырай әншінің, композитордың ауылында өткізген .

К.Салықов өзіне табиғат берген ақын жанымен қоса өнер, ақындық үялаған ауылдан тәлім – тәрбие алды. Ол тебіренген кезде теңдесі жоқ әншіге, қүрметті күйшіге де айналып жүре береді. Мәскеудегі Алтын және түсті метал институты К.Салықовқа инженер мамандығын берсе, өз ауылы, өз елінің әдебиеті оның ақындық талабының гүлін ашты. Ғашық болған қызына,

туған жердің биік шыңына, мөлдір көліне, самал желіне жыр арнамаған жас талап жоқ. Мүндай өлеңдер К.Салықовтың студент күнгі дәптерлерінде де көп - ақ. Оның өзін - өзі ақынмын деп сезініп, сеніммен. ақындықтың отауына кірген шағы - сол 1964 жылдың күзінен басталса керек. Ананың сүтімен, әкенің қүтымен келген Кәкімбек ақындығы өзінің сенімді иесін тапты. Ол ақындықтың иесі - Кәкімбек Салықовтың өзі. Ол өмір бойы ортеніп келеді, жанып келеді. Тынымсыз шапса түлпар да шаршайды, тынымсыз үша берсе сүңқардың да қанаты талады. Кәкімбек ақындығының тынымсыздығын ілгері үмтылган, тоқтаусыз ағатын мөлдір өзенге теңеуге болады.

Кәкімбек Салықов өзеннің суы, мөлдір таза. Оны ішкен адамның бойына нүр, қүт, қуаныш үялайды. Егделер ішсе, кешегісін еске алып елтиді. Жастар ішсе, ол озінің жақсы болашағына қарай асығыс үмтылады. Әйел ішсе, ол өзеннің суынан ажарлана, сүлулана түседі. Дүниеге сүйкімді болғысы кеп өз ішінен

оянған арман сәулесіне еріп ертегідей өмір барына, оны күткен ыстық қүшақ, айнымас коңіл барына сенеді. Ер адам ішсе ол судан ертеңін де, бүгінін де,

кешегісін де ойлап рахат бір күй кешеді. Кәкімбек Салықов өз бойына жақсылық шапағатын үялатқан, үшқыр да үяң, ашық та тұйық, жайсаң да жүмбақ жан. Сондай жаннан ғана мөлдірлік, йәктік оянып, өзі жақындаған

жанның бәрін ақ шуақпен аялап, жас еменнің жасыл жапырағындай ғажап бір сыршыл дүниенің ішіне кіріп кеткеніңді өзің де байқамай қаласың.

Алғашқы өлеңдер жинағы «Сыр» 1977 жылы жарық көрді. 1977 жылы «Жезкиік» атты өлеңдер жинағы орыс тіліне аударылып жарияланды.

1981 жылы «Қырғызстан» баспасы оның «Нүрлы күндер» атты кітабын қырғыз тілінде, 1983 жылы Ғафур Ғүлам баспасы «Жезкиік» жинағын өзбек тілінде шығарды. «Нүрлы күндер» жинағы Мәскеуден шықты. «Дала - дастан», «Че Гевара», «Гәкку», «Жезкиік», «Еңлікгүл», «Тәттімбет» секілді коптеген поэмалардың авторы.

Кәкімбек Салықов шығармашылығының бастауында шахтер өмірін біраз жырлады. Әсіресе, Жезқазғанның даласы, Үлытау оңірі, сонда жатқан үлы бабалар жайлы да ойлы, өрнекті жырлар тудырды. Ал, адамзат баласы жаралғалы бері ақындардың ту ғып үстап келе жатқан махаббат жайлы өлең, поэмаларды да Кәкімбек ақын көптеп тудырды. Олардың ішінде оқушысын баурап алған шырайлылары да, пісуі жетпеген жеңіл дүниелер де жоқ емес. Кәкімбек Салықов өзі жазғанына елтігіш қызық жан.

Кәкімбек Салықов қызмет бабымен өте жоғары мәртебелі орындарда болды. Бүкіл Одақтың эколоғиясын басқарған жылдар, Партияның Орталық Комитетіндеғі инспекторлық үлкен қызмет. Қарақалпақстан Партия Комитетінің бірінші хатшысы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет