Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда



бет6/9
Дата11.06.2016
өлшемі1.52 Mb.
#128775
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Шығармалары:
Елубаев Е. Алтындарым менің: Өлеңдер, ертегілер.-Алматы: Жалын,1976.

Елубаев Е.Балабақша: Өлеңдер.- Алматы: Жалын,1981.

Елубаев Е. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш.-Алматы: Мектеп,1989.

Елубаев Е.Ақыл тіс: Өлеңдер, ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар.-Алматы: Жалын,1991.

Елубаев Е. Келешек: (Балаларға арналған таңдамалы өлеңдер, ертегілер, жаңылтпаштар, есептер, ойындар, мысалдар, пьесалар).- Алматы: Балалар әдебиеті,2005.

Елубаев Е. Көк жейде: Өлеңдер, ертегілер, жаңылтпаштар.- Алматы: Раритет,2008.

х х х
Елубаев Е. «Ертегі жалғасып келеді» //Қазақ совет балалар жазушылары: Қаламгерлік өмірбаян жинағы.-Алматы,1987.

Әлімбай М. Ескеннің өскелең өнері- өлеңі:( Ақын Е.Елубаевтың «Балаларға базарлық» кітабы жөнінде ой- толғамдар) //Ұлан.-2007.-13 ақпан.




Елубай Смағұл

(1947)
Смағұл Елубай 1947 жылы Түркменстанның Чарджоу облысы Керкі ауданында туған. 1971 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіріп, еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысы Қатон-Қарағай аудандық газетінен бастаған.1975 жылы Мәскеудегі режис-

серлер мен сценаристер даярлайтын екі жылдық жоғары курсты бітірді.1976 жылдан 1982 жылға дейін «Қазақфильм» киностудиясында әртүрлі шығар-

машылық жұмыстарда болды. 1992 жылдан 1995 жылға дейін С.Елубай «Парасат» журналының бас редакторы болды. 1995-2000 жылдары Прагада Американың «Азат Еуропа және Азаттық» радиосында қызмет істеді.

Смағұл Елубай – «Ойсыл-қара» /1972/, «Саттар соқпағы» /1972/, «Жарық дүние» /1978/, «Білте шамның жарығы» /1981/ хикаялар жинағының және «Ақ боз үй» /1982/, «Мінәжат» /1983/, «Жалған дүние» /2001/ романдарының авторы.

Жазушы шығармашылығының негізгі тақырыбы- қазақ халқының кеңес дәуіріндегі бастан кешкен нәубетті кезеңдер. Қазақ оқырманына кең танымал «Ақ боз үй», «Мінәжат» романдары ашаршылық,сталиндік қуғын- сүргін жылдарын қамтыса, трилогияның үшінші кітабы «Жалған дүние» айтулы «тоқырау заманы» деген кезеңге арналған.

«Мінәжат» романы қазақ халқының 40-50 жылдардағы тауқымет тартқан кезеңі, саяси дағдарысқа ұшыраған қоғамның құрбаны болған қазақ аулының жұпыны келбеті оқырманды бей-жай қалдырмайды.

Алдыңғы екі роман желісінде түсірілген «Сұрапыл Сұржекей» көркем суретті фильмі 1991 жылы ТМД елдерінің Ашгабад қаласында өткен кинофестивалінде 1 орын алса, 1995 жылы Анкарада бас жүлдені жеңіп алды. С.Елубай бұдан басқа да «Қызыл отау», «Өтелмеген парыз», «Ай астындағы үй» көркем суретті фильмдердің сценарийін жазған. «Өтелмеген парыз» кинофильмі 1984 жылы Ташкентте өткен халықаралық кинофестивалінде жүлделі орынға ие болған.

Жазушы шығармашылығы кемелденген шағында, әлі де оқырмандарына жаңа туындылар берері сөзсіз

Шығармалары:
Елубаев С.Ойсыл- қара: Повесть пен әңгімелер.-Алматы: Жазушы, 1974.

Елубаев С. Жарық дүние: Повесть және әңгімелер.- Алматы: Жалын,1978.

Елубаев С. Білте шамның жарығы: Повесть пен әңгімелер.- Алматы: Жазушы,1981.

Елубаев С. Ақ боз үй: Роман, әңгімелер.- Алматы: Жазушы,1989.

Елубаев С.Мінәжат: Роман.- Алматы: Шабыт,1993.

Елубаев С. Жалған дүние: Роман-ойтолғау.- Алматы: Қазығұрт, 2003

Елубаев С. Ойсыл-қара: Әңгімелер мен хикаяттар.Балалар мен жастар әдебиеті.-Алматы: Раритет,2004. .

Елубаев С. Ақ боз үй: Роман- трилогия- Алматы: Атамұра,2008.



Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Жүрекке түскен салмақ: (Жазушы С.Елубайдың шығармашылығы) //Әб-

дезұлы Қ. Таным көкжиегі.-Алматы,2009.


х х х

Ахметжан Т. «Ақ боз үй»- Алаш жұртының көз жасы: ( Жазушы Смағұл Елубаев туралы) // Әдебиет айдыны.- 2007.-31 мамыр.

Әбдезұлы Қ. Ұлт тағдырын толғаған: (Жазушы Смағұл Елубаев) //Жұл-

дыз.-2007.-№3.

Бектасова Г. Басты мәселе- «Қазақ мәселесі»: ( Жазушы Смағұл Елубаймен сұхбат) //Түркістан.-2008.-3 сәуір.

Елубай С. Ұлттық иммунитет қалпына келмей, түк те бітпейді: (Жазу-

шымен / сұхбаттасқан Ә.Бағдәулетқызы) // Ана тілі.-2006.-2 қараша.

Жұманова З. «Тағдыр менің қолыма қалам ұстатты...»: (Жазушы С.Елубаевпен сұхбат) // Қазақ әдебиеті.-2007.- 6 сәуір.

Кекілбайұлы Ә. Ақ боз үй қонған асу бел: (Жазушы Смағұл Елубаевтың шығармашылығы туралы) // Егемен Қазақстан.- 2007.-21 наурыз.

Қоспағанбетова И. Ішкі әлемнің өктем үні: (С.Елубаевтың «Жалған дүние» романындағы өзекті ойлар ) //Қазақ тілі мен әдебиеті.-2007.- №8.



Ерғалиев Хамит

(916-1997)


«Маған жат-тынбақ, сарқылмақ,

Қалжырап көрген жоқ жаным.

Өтермін өзім жарқылдап,

Өзегім толы ақ жалын

Бір кезек ыстық қойынға

Даланың гүлін үзіп сап.

Бір кезек қарлы құйынға

Құйғыта кірем қызықтап.

Теңіздің ақ бас толқынын

Кеудеме кейде оранам,

Демеймін оттан олқымын,

Найзағай менің кәрі анам,- деп сексен жасында жырлаған Хамит Ерғалиев - өзіндік түр- тұрпаты, басқадан бөлек болмыс- бітімімен ерекшеленген творчестволық тұлға. «...Ол өз дәуірінің ұлы, өз ғасырының үні, Ерғалиев шығармалары өз кезегінде осынау өзі өмір сүріп отырған ХХ ғасырдың көркем шежіресі»,- деп белгілі ғалым, сыншы Зейнолла Қабдолов ақынның алпыс жыл бойғы шығармашылық жолына әділ баға берді.

Ақынның баспадан шыққан отыздан астам кітаптарындағы өлең- дастан, көркем сөздерінің тақырыбы сан алуан. Халқымыздың өткен тарихы, Отан соғысы жылдары, бейбіт өмір құрылысы, ерлікке, елдікке, бірлікке үндеген жырлары- соның айғағы.

Қазақстанның халық жазушысы Хамит Ерғалиев 1916 жылы Атырау облысының Новобогат ауданында дүниеге келген.

Мұнай рабфагын бітірген соң, 1939 жылы Қазақ мемлекеттік университетінде оқыған.

Х.Ерғалиев Отан соғысына қатысқан. Ақын өлеңдері алғаш баспасөз бетінде 1936 жылы жарияланған.

Хамит Ерғалиев шығармашылығын тұтастай алып қарасақ, оның негізгі жырлағаны- адам, оның еңбегі мен өмірі, қуанышы мен қайғысы, адалдық, елдің елдігі, ердің ерлігі.

Ол шын мәнінде тәуелсіздік алған елін, оның адамдарын жырлаумен бірге, өткен тарихпен ұштастырады. Бұған ақынның «Жедел толғау», «Шер толғау» поэмалары куә.

Ақын шығармашылығында үлкен орын алатын басты жанр- эпикалық дастандар. «Әке сыры», «Үлкен жолдың үстінде», «Оралдағы отты күн», «Құтты қоныс», «Құрманғазы», «Күй- дастан», «Қаһарман хикаясы», «Жылдар, жылдар»» туындылары қазақ поэзиясының алтын қорына қосылды.

Х.Ерғалиев- «Ұлы кек», «Ақырап», «Шыңдағы сұлу», « Дүние теңсел-

генде» атты дастандардың да авторы.

Х.Ерғалиев сонымен қатар проза саласында да қалам тартып әңгімелерін, көркем очерктері мен естелік- эсселерін, публицистикаларын жеке кітап етіп шығарды: «Шындық шырқайды»/1966/, «Өмір өрнектері» /1986/, «Жақсыдан шарапат»/1989/ т.б

Ақын өмірінің соңғы жылдары «Жедел толғау», «Шер толғау» жинақтарын шығарды.

Х. Ерғалиевке «Алтын зерең»/1981/ өлеңдер жинағы үшін Абай атындағы мемлекеттік сыйлық берілді.

Х.Ерғалиев аударма саласында да жемісті еңбек еткен ақын. Байронның, Шекспирдің, Хикметтің, Неруданың, Пушкиннің, Лермонтовтың, Некрасовтың, Ғамзатовтың таңдаулы шығармаларын қазақ тіліне аударды. Сонымен бірге қырғыздың «Манасын», қарақалпақтың «Қырық қыз» жырын қазақша сөйлетті.

Х.Ерғалиев ІІ дәрежелі Отан соғысы, екі рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» және «Халықтар достығы» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

Х.Ерғалиев 1997 жылы 18 желтоқсанда сексеннен асқан шағында дүниеден озды.
Шығармалары:
Ерғалиев Х. Көп томдық шығармалар жинағы.-Алматы: Қазығұрт, 2006.

Ерғалиев Х. Үш томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Жазушы,1982

Ерғалиев Х. Біздің ауылдың қызы: Поэма.- Алматы:ҚМКӘБ,1950.

Ерғалиев Х. Сенің өзенің: Өлеңдер.- Алматы: ҚМКӘБ,1953.

Ерғалиев Х. Дәуір дабылы: Өлеңдер, поэмалар.- Алматы: ҚМКӘБ,1963.

Ерғалиев Х. Өз көзімен өмірдің: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы,1968.

Ерғалиев Х. Алтын зерең: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы,1981.

Ерғалиев Х. Өлеңдер мен поэмалар.-Алматы: Ан Арыс,2010.

Ерғалиев Х. Жедел толғау: Өлеңдер, балладалар, поэмалар.- Алматы: Жазушы,1988.

Ерғалиев Х.Шер толғау: Өлеңдер.-Алматы: Жазушы,1993.

Ерғалиев Х. Сонеттер.- Алматы: Жалын,1995.
Өмір мен шығармашылығы туралы:
Ақ күн, ақ нұр тілегі:( Хамит Ерғалиев туралы) // Сәрсенбаев Ә. Ұстаздар мен тұстастар.- Алматы,1986.

Бекхожин Қ. Поэзияның кенересі кең зерені // Ерғалиев Х. Өлең өткелдері. –Алматы,1986

«...Күй атасы..: (Х.Ерғалиевтің «Құрманғазы» дастаны туралы) //Сәр-

сенбаев Ә. Ұстаздар мен тұстастар.-Алматы,1985.

Сарабдал суреткер: (Х.Ерғалиев) // Сейітов С.Өлең өлкесінде: Мақалалар мен зерттеулер.- Алматы,1984.

Тәжіғұлов С.Хамит Ерғалиев ( Ақын творчествосы туралы ойлар).-Алматы: Жазушы,1983.

Хамит Ерғалиев // Қайырбеков Ғ. Алыс та жақын жағалаулар.-Алматы,2001.
х х х
Асқар О. Халықтың Хамиты: (Х.Ерғалиевтің туғанына 90 жыл) //Қазақ әдебиеті.-2006.-3 қараша.

Жақсыбаев А. Хамаң: (Ақын Хамит Ерғалиеив) //Егемен Қазақстан.-2009.-31 наурыз.

Жұмағалиев Қ. Қайран, Хамаң! :( Хами Ерғалиев туралы) //Егемен Қазақстан.-2006.-14 қазан.

Иманасов С. Қазақ поэзиясының патриархы: Ақын Х.Ерғалиев 90 жаста) //Әдебиет айдыны.-2006.-2 қараша.



Ерман Жүрсін

(1951)
Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері Жүрсін Ерман 1951 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы Құйған ауылында дүниеге келген.

Жезді кентіндегі кешкі жұмысшы жастар мектебінде оқи жүріп, аудандық газетте еңбек еткен.ҚазМҰУ- дың журналистика факультетін бітірген.Жетпісінші жылдарда «болашақ-теледидарда» деп ұрандаған тұста Жезқазған теледидарына бас болып кеткенде де «Жүрсін қайда жүр?» деп жар салып «ақын» деп іздеген достары. Жоғары партия мектебінде оқып «жақсы» жүрген Жүрсінге де ақын деп іздеп барады екен.

Ақынның жан дүние сазы, шынайы тұлғасы өлеңдеріндегі сезім толқындарында, жүрек тебіреністерінде тұнып тұр.Ел, жер, азаматтық жайлы, тағдыр туралы жырларында... өлеңді бұрқыратып жазбаған, ақындық сезімін ғашықтық сырындай аялап,тұнық сақтаған Жүрсін жырларында бір буын ақындығының біздің толқынның тағдыр жолы бейнеленген.Сол өлеңдерінен біз, замандастары, өзімізді, өз өмірімізді көреміз.

Алғашқы өлеңдер жинағы «Жанартау» деген атпен 1983 жылы жарық көрді. «Жанартаудағы», «Бүлдірген тере барғанда», «Орамал», «Сыр», « Қаңтардағы соңғы қар», «Іңкәрлік», «Мирас» секілді өлеңдерін оқыған адамның көңілінде ғажайып сұлу сөз, нұрлы із қалдыратын өлеңдері қазақ лирикасының антологиясында да із болып, ұмытылмасқа түскені сөзсіз.

«Ұлытау көктемдері» атты өлеңі де келісті шыққан. Жүрсін Ұлытауды ақындық айшыққа айналдыра жырлайды. Ұлытау – ұлттық символ. Бертін ол кейінгі бір жыр жинағын «Ұлытауға бардың ба?» деп те атады.

1985 жылы «Арайлы күн, армысың» жинағы шыққан.Тақырып тынысы әралуан Жүрсін жырларынан өзекті пернелеу сазы – елге, жерге, адамға азаматтық махаббат толғаныстарында тоқайласады. Ақын:

Сызылса бір- ақ кештің қоңыр әні,

Нұрға толар аспанның омырауы.

Көкірегің сыздап бір сезімдермен,

Сағынады өткен мен соңырағы...

Десе де, көкірегіндегі әлдебір тыныс әуенді еске салғандай.

Өлеңді кәсіп етпеген, жыр киесін пір тұтқан, нәсібін журналистік кәсіби біліктілігімен тапқан қаламдас достың поэзия әлеміндегі жан саясы- ақындық табиғаты тумысындағы тұнық қалпын бұзбай сақтаған. Ақынның азаматтық рухы осыдан білінеді.

Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері /1986 ж./ Жүрсін Ерманның поэмаларын, балладаларын, әдеби сын толғаныстарын тізбелеу шарт емес. Оның бәрі өз орнында , өз ортасында туған әдебиет парызын өтейтін туындылар.Ердің жасындағы Ермановтың сөзінің мәйегі, сезімінің тұнығы- жыр жолындағы бірегей тұлғасы дара. Ұлытауды ұлы сезіммен тебірене жырлап, қазақ поэзиясының айшығына қосқан. Ұлытаудың ұларын іздеумен жүрген ақын даусы сол Ұлар үніндей...

Жүрсін Ерман Қазақ республикалық теледидарында әдеби драмалық хабарлар Бас редакциясының Бас редакторы болып 1992 жылға дейін қызмет істеді.

1992-1997 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» журналында өнер, поэзия бөлімдерінің меңгерушісі, «Аққұс» қауымдастығында вице- президент.


Шығармалары:
Ерман Ж. Жанартау: Жыр кітабы.- Алматы: Жазушы,1983.

Ерман Ж. Арайлы күн, армысың: Поэма мен өлеңдер.-Алматы: Жазушы,1986.

Ерман Ж. Ұлытауға бардың ба?: Өлеңдер.-Алматы, 1992.

Ерман Ж. Екі тізгін бір шылбыр: Жинақ.-Алматы: Атамұра, 2008.

Ерман Ж. Құстың көлеңкесі: Таңдамалы 70 өлең.-Алматы: Атамұра, 2008.

Ерман Ж. Арнадым сізге: Өлеңдер.-Алматы: ҚазАқпарат, 2010.

Ерман Ж. Ырғай: Жыр кітабы.- Алматы: Баспалар үйі, 2010.


Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Есдәулет Ұ. Ұлытауға іні тау: (Ақын Жүрсін Ерманов туралы) //Еге-

мен Қазақстан.-2011.-11 ақпан.

Жақып Б. Айсберг: (Жүрсін Ерманның шығармашылығы хақында) // Қазақ әдебиеті.-2011.-11 ақпан.

Ерубаев Саттар

(1914-1937)


«Өмірге сүйген жардай ғашық болғандардың бірі менмін» деп өмірден жалындап өткен аяулы Саттардың мәңгілік мұра қалдыруы оған табиғаттың үйіп- төгіп берген талантына еріксіз таңырқайсыз. Қысқа ғұмырының ақырғы сәтіне дейін тынымсыз еңбек, биік мұратты алға қойған жас Саттардың талант қыры әрқилы.

Саттардың «менің қаным миллиондардың тамырында ағады» дегені оның ақ жүректі ақындығын аңғартса, «мен бақытты көрсем деуші едім» деуі көркем прозасының нәзік сырлы пернесін танытса, ал енді бірде «әдетте мені пародия жазушы деп атайды» дегені оның сатириктік қабілетін әйгілесе керек.

Саттар Ерубаев Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданындағы 21 ауылда 1914 жылы туған. Алматыдағы жоғары оқу орындарына түсуге даярлайтын курсқа жіберіліп, оны бітірген соң Ленинградтың тарих-философия- лингвистика институтына түсіп, оны үздік тәмамдайды.

С.Ерубаев 1934-35 жылдары «Лениншіл жас», «Ленинская смена» газеттерінде қызмет етіп,өзекті мәселелерге арналған көлемді мақалалар мен очерктер, өлең, жыр, новелла, балладалары жарияланып отырады. Мұның өзі оның публицистикалық қабілетін айқындаса керек.

«Қарағанды пролетариаты» газетінде қызмет істеген жылдары С.Ерубаев «Менің құрдастарым» романына материал жинақтайды, талай жаңа өмір құбылыстарын көріп, ақындық елегінен өткізуге, мүмкіндік берген кезең еді. Сондықтан да оның аяқталмаған романы нақтылы өмірден, өзі араласып жүрген өмірден алынып жазылған шығармасы болды.1935 жылы Алматыға оралып, Ленинград университетінің аспирантурасына түсуге дайындалады. Аспирантураға түскенмен меңдеп кеткен ауруы оның оқуына мүмкіндік бермеді. Сөйтіп, қайтадан Алматыға келіп ҚазПИ-дің қазақ әдебиеті кафедрасына доцент болып орналасып, әдебиет тарихы мен теориясынан лекция оқыған. С.Ерубаев толық аяқтап үлгермегенмен «Менің құрдастарым» романымен, әңгіме, новеллаларымен прозашы ретінде, очерктері арқылы публицист, өлең- жыр, балладалары, эпиграмма, пародиялары арқылы ақын ретінде қазақ әдебиетінде өзіндік ерекше орын алған жазушы.

Саттар Ерубаев М.Жанғалинмен бірге қазақ мектептерінің 10- сыныбына арналған «Әдебиет хрестоматиясын» құрастырды. Оның баспасөз бетінде «Ақын жыры» /1933/, «Үш шахтер туралы баллада» /1934/, «Меруерт алқа» /1936/ баллада, өлеңдері мен «Бақыт» /1934/, «Өмір көркемдігі» /1936/ новеллалары жарияланды.

Саттар Ерубаев К.Чуковскийдің «Сарыарқаның ерлері», « Ю.Березиннің «Сексенбайдың қысқаша өмір тарихы», А.Сурковтың «Бір қатарда», неміс жазушысы С.Глецтің «Фашистермен соғыс», И.Эренбургтің «Австрия тауларында» атты шығармаларын қазақ тіліне аударған. С.Ерубаевтың шығармалары 1957 жылы орыс тілінде жеке жинақ болып басылды.

С.Ерубаев Қазақстан комсомолы сыйлығының тұңғыш лауреаты атанды.

Саттар Ерубаев 1937 жылы қыршын жасында дүниеден өтті.Ол өзінің қысқа өмірінде 20 шақты поэзиялық шығармалары мен тартымды, ойлы балладаларын, новеллаларын , бірқатар публицистикалық шығармаларын кейінгі ұрпаққа мұра ғып тастап кетті. Түркістан қаласында Саттар Ерубаев мұражайы жұмыс істейді.

Шығармалары:
Ерубаев С.Менің құрдастарым: Шығармалары /Құраст. Т.Кәкішев.- Алматы: Жалын,1979.

Ерубаев С. Мәңгілік өмір: Новеллалар, роман, балладалар мен жырлар, сатиралық суреттемелер мен сын мақалалар, естеліктер/ Құраст. Т.Кәкішев.- Алматы: Жазушы,1994.

Ерубаев С. Менің құрдастарым: Роман.- Алматы: Өнер,2010.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Ергөбек Қ. Жиырма үш жыл- бір ғұмыр // Ергөбек Қ. Арыстар мен ағыстар.- Алматы, 2003.

Жастық жыршысы // Кәкішев Т.Дәуір дидары.- Алматы,1985.

Қойшыбай- ұрпағы Б. Саттар Ерубаев.-Алматы: Ғылым,1993.

Саттар Ерубаев // Қайырбеков Ғ. Алыс та жақын жаағалаулар.- Алматы, 2001.

Шілтерханов Ә. Саттар туралы сыр (Ерубаев) // Шілтерханов Ә. Үш бәйтерек.- Алматы,1988.

Есдәулетов Ұлықбек

(1954)
Қазақстан Жастар сыйлығының лауреаты Ұлықбек Есдәулетов 1954 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Үлкен Қаратал аулында туған. Еңбек жолын Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» газетінен баста-

ды. 1977 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факуль-

тетін бітіргеннен кейін «Қазақстан пионері» газетінде, «Жалын» баспасының поэзия редакциясында қызмет істеген.

Ұлықбек Есдәулетов 1983-1985 жылдары М.Горький атындағы әдебиет институтының жанындағы Жоғары әдеби курсты оқып бітірген.

Ұ. Есдәулетовтың алғашқы өлеңдері жас ақындардың 1974 жылы жарық көрген «Қанат қақты» жинағына енген. Ұлықбек Есдәулетов «Жұлдыз жарығы» /1977/, «Алтайдың алтын тамыры» /1979/, «Ұлыстың ұлы күні» /1982/, «Ақ керуен» /1985/, «Жаратылыс» /1989/, «Жүректегі жарылыстар» /1995/, «Заман-ай» /1999/, «Киіз кітап» жыр жинақтарының авторы.

«...Ұлықбек жырлары сол мөлдірлігі мен тұнықтығынан, кәусар дәмінен айнымаған. Нені көзі көріп тұрса, соны суреттейді. Неге көңілі алаң боп тұрса, соған тебіренеді. Қандай дәл суреттесе, сондай шынайы толғанады»- деп жазды қазақтың көрнекті жазушысы Әбіш Кекілбаев ақынның «Киіз кітабы» туралы лебізінде.

Жаныңнан жігер қашықтамасын

Иілмей өтсін пасыққа басың.

Ақынның басы тағдырдан да артық,

Тағдыр да көзін ашып қарасын.-

деп жазған адуынды ақын оқырман қауымның үмітін үздірмей әр топтама, әр жинақ сайын Алтайдан ескен ерке желдей жылы леп, күшті екпінмен жүздесіп отырады.

Ұ.Есдәулетов аударма саласында да еңбек етіп жүр.Ол моңғол ақыны Д.Цэдэвтің «Дос жүрегі» өлеңдер жинағын /1984/ және ТМД елдерінің біраз ақындарының өлең-поэмаларын аударған.

Ақын өлеңдері туысқан халықтар тілдеріне де аударылған. Өлеңдері «Молодая гвардия» баспасынан жарық көрген. «Молодые поэты Средней Азии» /1982/, «Жалын» баспасынан шыққан «Разбег» /1986/ атты жинақтарда орыс тілінде, ақындардың халықаралық ассоциациясының органы Үндістанның Мадрас қаласында шығатын «РОЕМ» атты жинақта /1983/ ағылшын тілінде, «Долги свет» жинағында /1986/ болгар тілінде жарияланды.

Ұ.Есдәулетов жас жазушылардың Бүкілодақтық ҮІІ кеңесіне, жас ақындардың Бүкілодақтық Х фестиваліне қатысқан.

«Ақ керуен» атты өлеңдер жинағы үшін 1986 жылы ақын Қазақстан Жастар сыйлығының лауреаты атанды.


Шығармалары:
Есдәулетов Ұ. Көп томдық шығармалар жинағы: Поэзия.- Алматы: Қазығұрт, 2006.

Есдәулетов Ұ. Екі томдық таңдамалы шығармалары.- Алматы: Жазушы, 2006.

Есдәулетов Ұ.Жұлдыз жарығы: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1977.

Есдәулетов Ұ. Алтайдың алтын тамыры: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1979.

Есдәулетов Ұ.Жүректегі жарылыстар: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы,1995.

Есдәулет Ұ. Киіз кітап: Ел мен жер жырлары.-Астана: Елорда, 2000.

Есдәулет Ұ. Қара пима: балаларға арналған өлеңдер.- Алматы: Қазақпарат, 2000.

Есдәулет Ұ. Әбілхаят: Эсселер, естеліктер, жолжазбалар мен еркін баяндаулар.- Астана, Астана полиграфия, 2010.


х х х
Есдәулетов Ұлықбек // Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблиографиялық анықтамалық.- Алматы,1987.

Есдәулет Ұ. «Қара жорғаны» естіп өскенмін..: (Өзінің өмір жолы туралы) // Айқын.-2010.-19 мамыр.

Есдәулет Ұ. Ұлы Абайдың жұмбағы қазақ жанының ұлттық құпиясы :( Ақын өзінің шығармашылығы туралы. Әңгімелескен Е.Жүніс) // Айқын.-2010.-4 қыркүйек.


Есенберлин Ілияс

(1915-1983)


Ілияс Есенберлин 1915 жылы 10 қарашада қазіргі Ақмола облысының Атбасар қаласында кедей шаруа отбасында туылған. 1940 жылы Қазақтың мемлекеттік кен- металлургия институтын бітірді. Жезқазған рудниктерінде инженер болып істейді, кейін Берсүгір шахта басқармасының бастығы болады. 1942-47 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің нұсқаушысы, 1947-1967 жылдары Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры, «Қазақфильм» киностудиясының сценарий редколлегиясының мүшесі, 1967-71 жылдары «Жазушы» баспасының директоры, 1971-78 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының екінші секретары қызметтерін атқарады. КПСС мүшесі. Ұлы Отан соғысына қатысқан.

І.Есенберлиннің алғашқы шығармалары 1940 жылдан жариялана бастайды.Ол көркем әдебиеттің поэзия, проза, драматургия, кинодраматургия сиқты көптеген жанрында еңбек етті. Бірақ алғашқы әдеби еңбегін поэзиядан бастады.1945 жылы оның «Айша», «Сұлтан» атты поэмалары жарық көрді.1949 жылы «Адамгершілік туралы жыр» атты өлеңдер жинағы басылып шықты.Мұнан кейін ол жалынды революционер, большевик Әділбек Майкөтевке арналған «Большевик туралы поэма» (1957), «Біржан сал трагедиясы» (1959) атты поэмаларын жазды.

Ал проза саласында «Өзен жағасында» /1960/, «Толқиды Есіл» /1965/ повестері, «Айқас» /1966/, «Қатерлі өткел» /1967/, «Ғашықтар» /1968/, «Қаһар» /1969/, «Алмас қылыш» /1971/, «Алтын құс»/1972/, «Жанталас» /1973/, тың игерушілер жөнінде «Көлеңкеңмен қорғай жүр» /1974/ «Маңғыстау майданы» /1978/ романдарын жазады.

Жазушының бұл романдары қазақ совет әдебиетіне, әсіресе оның көркем прозасына қосылған елеулі үлес болды. Кеңес өкіметі жылдарында қалыптасқан қазақ интеллигенциясының өмірін, олардың қазақ даласында социалистік өнеркәсіпті орнату жолындағы қажырлы еңбегін, ескіліктің адам санасындағы қалдығына қарсы күресті баяндайтын «Айқас» романы үшін жазушы І.Есенберлинге Қазақ ССР-ның Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді. Ал «Алтын құс» арнаулы конкурста жүлделі орынға ие болды.

Тарихи тақырыпқа жазылған «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» трилогиясы қазақ халқының басынан өткен ауыр кезеңдерді социалистік реализм тұрғысынан суреттеген шығарма ретінде танылды. Жазушының аталған романдарын жұршылық жылы қабылдады, сүйіп оқыды.Бұл трилогия КСРО халықтарының бірнеше тілдеріне аударылды. Сондай-ақ көптеген шет елдерде де басылып шықты. І.Есенберлин өмірінің соңғы кезінде «Алтын орда» атты үш кітаптан тұратын тарихи трилогия жазды.

Жазушы І.Есенберлиннің 1956 жылы орыс тілінде жарық көрген «Адам туралы жыр» («Песня о человеке») атты романы 1958 жылы қытай тіліне аударылып, басылып шықты. 1962 жылы оның «Таудағы тартыс» атты пьесасы Алматыдағы республикалық балалар мен жасөспірімдер театрында қойылды. М.Ерзикянмен бірігіп жазған «Құйма» атты киносценарийі бойынша жасалған фильм 1961 жылдан бастап, бүкіл совет және венгр, поляк, болгар экрандарына шықты.

І.Есенберлин –көптеген ән текстерінің авторы.Сонымен бірге оның аудармасында К.Д.Ушинскийдің «Әңгімелері мен ертегілері»(1945), М.Жулявскийдің вьетнам өміріне арналған «Қызыл дария» /1956/ романы қазақ тілінде басылып шықты.

Қазақ елінде ғана емес, одан сыртқары жерлерде де даңқы жайылған «Көшпенділер», «Алтын орда» трилогиясының авторы І.Есенберлин- қазақ тарихи романшылығына үлкен үлес қосқан қажырлы қалам иесі. Халқымыздың сан ғасырлық өмір сапарында орын тепкен ұлан-ғайыр оқиғалар мен алуан түрлі қаһарман тағдырын көркем шежірелеген бұл шығармалар әдебиетіміздің асыл мүлкі болып табылады...Көркемдік дамуымызға, ұлттық ойымыздың оянуына орасан зор серпін берген «Көшпенділердің» оқиғалық тосын оралымдары, суреттелген тарихи фактілерінің күрделілігі, жанрлық жаңалығы,тыңнан табылған тұлғалар молдығы соншалық – олар жазушының өзге туындыларын бірауық тасада қалдырғандай да сезіледі. Бірақ бұл үстірт қарағанда ғана осылай. Шындығында, қаламгердің қазіргі заман тақырыбында жазылған оннан артық романы да оқушы жұртшылыққа кеңінен таныс.

І.Есенберлиннің жазушылық жолын шолып, тұжырымдай келгенде, оның қаламына тән бірнеше ерекшелік көзге айқын шалынады. Сол ерекшеліктер жазушының өзіндік қолтаңбасын, суреткерлік қуаты мен құлашын, оның қазақ әдебиетіндегі орны мен мәнін анықтайды.

Ең алдымен, жазушының шығармашылық белсенділігін, замана сұрауларына көңілі сергектігін, орасан зор еңбеккерлігін атап көрсету ләзім.Оның соңғы он-он бес жыл көлеміндегі әдеби өнімі ұлан- ғайыр.Бұл шығармалар- тек сандық көрсеткіш емес, әр тарап көркемдік ізденістер мен жемістердің нышаны.Ол бір туындысында ғылым әлеміндегі терең тартыстарды салдарлы түрде әңгімелесе, екіншісінде қазақ зиялыларының алмағайып замандағы іс- әрекеттерін, түрлі көзқарастарын ашуға барады; енді бірде Қазақстанда тың жерлерді игеру тақырыбын қозғайды, жеріміздің қазба байлығын пайдалану мәселесіне ден қояды, тағы бір шығармасында замандастарымыздың рухани өмірін, тұрмыстық-отбасылық жағдайларын тереңдеп көрсетуге ұмтылады.

Әрбір шығармасында күрделі ой, проблема айтушылық, бұрын көп сөз бола қоймаған тыңға барушылық, шығармашылық батылдық- жазушы

І. Есенберлин қаламына тән сипаттар. Адам мінездеріндегі қайшылық ешкімнің де туды –бітті «пешенесіне» жазылмағанын, ол дәуірдің, уақыттың саяси- әлеуметтік күрестерінің, алуан арпалыстардың санадағы көрінісі екенін ұғындыра алғаны- автордың елеулі еңбегі.

Адамдар арасындағы байланыстар, ықыластар тарихын негіздеп талдаушылық, нағыз «өмір романын» жазуға ойысушылық Ілияс Есенберлин шығармаларында неғұрлым кең көрініс берген.Оның туындыларының қызықтылығы да осындай ұтымды белгілеріне қатысты.

Шығарманың сюжеттік желісін шымыр тарта білетіндігі, адам келбетін табиғи таныта алатындығы, әлеуметтік істер мен кейіпкерлердің жеке- бастық аңсарларының тұтас бірлестікте берілетіндігі І.Есенберлин романдарының өзгеге ұқсамайтын даралық келбетін құрайды. Бұл тараптан алғанда автор туындылары жалпы қазақ романшылық өнеріне ажар қосқаны кәміл.

Әдебиетіміздің кейінгі ширек ғасырында кең өріс алған тенденциялар Есенберлин романдарынан толық аңғарылады. Мәселен, автордың «Алыстағы арпалыс», «Маңғыстау майданы» романдары осы айтқанымызды дәлелдейді. Бұлардың алғашқысында үлкен өзенге бөгет салу, соңғысында қазыналы Маңғыстау түбегінен мұнай байлығын іздеу, өндірісті жетілдіру мәселесі оқиғалық қазық болған. Бұл шығармаларда өндірістің тікелей кәсіптік мұқтажын әңгімелеуге жазушы бармаған; өндіріс айналасындағы түрлі қайшылықтар мен қақтығыстар кейіпкерлердің мінездік ерекшелігімен ұласып шыққан.

І.Есенберлин шығармасын қандай проблемаға құрса да, нағыз заманалық рухани, мәдени қажеттерді бірінші кезекке қояды. Оның ұнамды қаһармандары мейлі қазақ жеріндегі көне өркениет қалдығын іздейтін археолог болсын («Алтын аттар оянады»), немесе алдыңғы қатарлы кенші болсын («Алтын құс»)- бәрі бір тынысы, жан әлемі, іс-әрекеті заман сазына үндес. Сондықтан да олардың тағдыры, жеңісі мен өкініші, үміті мен арманы оқушы көңіліне жақын.

Дегенмен, жазушының өнімді, байсалды прозасының ерекше бағалы өрнегі неде десек, оның қаламынан туған қызғылықты, соны қаһармандары екенін айтқан болар едік.Қазіргі дәуірдегі қазақ көркем қара сөзінде бұрын көрінбеген алуан түрлі адам типтері мол кездеседі. Әдеби шығармалардың тақырыптық аумағы артқандығы, тартыстардың сыры мен сипаты мейлінше жан- жақты бола бастауы бір- бірінен дараланып тұратын кейіпкерлер қатарынан да айрықша аңғарылады. Ал жаңаша ойлайтын қаһарман қашан да шығарманың идеялық- көркемдік құрлысына, бейнелеу жүйесіне тиісті өзгеріс енгізіп отыратыны анық. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі осындай сан сала ізденістер, ілгерілеу процесінің заңдылықтары мен шарттылықтары Есенберлин шығармашылығына толығымен тән деп білеміз.

І.Есенберлин романдары- шеберлігі толысып, тақырыптық, жанрлық өрісі кеңейіп, кәсіби бітімі неғұрлым айқындалып келе жатқан қазіргі қазақ прозасының құрамдас бір бөлігі. Оның шығармалары шытырман өмірлік байланыстарды, адамдар арасындағы ықыластар мен қайшылықтарды, мінездің, дәуір шарттарына көзқарастық түрлігінен туатын кедергілердің сыры мен түрін білуге, ізгі мұраттарды жүзеге асыру үшін үздіксіз, қажырлы, адал күрестер жүргізу қажеттігін тануға үйретеді.

Есенберлин І. Шығармалар жинағы: Он томдық.- Алматы: Жазушы,1984-1988.

Есенберлин І. Таңдамалы шығармалар: Екі томдық.- Алматы: Жазушы,1975.

Есенберлин І. Адамгершілік жыры: Өлеңдер.- Алматы: ҚазБМБ,1949.

Есенберлин І. Біржан сал трагедиясы: Поэма.- Алматы: Қазмемкөркемәдеббас,1959.

Есенберлин І. Айқас: Роман.- Алматы: Жазушы, 1966.

Есенберлин І.Қатерлі өткел: Роман.- Алматы: Жазушы,1967.

Есенберлин І. Ғашықтар: Роман.-Алматы: Жазушы,1968.

Есенберлин І. Қаһар: Роман.- Алматы: Жазушы,1969.

Есенберлин І. Алмас қылыш: Роман.- Алматы: Жазушы,1971.

Есенберлин І. Алтын құс: Роман.- Алматы: Жазушы,1972.

Есенберлин І. Жанталас : Роман.- Алматы: Жазушы,1973.

Есенберлин І. Көлеңкеңмен қорғай жүр: Роман.- Алматы: Жазушы,1974.

Есенберлин І. Маңғыстау майданы: Роман.- Алматы: Жазушы,1978.

Есенберлин І. Алтын Орда: Тарихи трилогия.- Алматы: Жазушы,1982.

Есенберлин І. Махаббат мейрамы. Алыстағы арпалыс: Романдар.- Алматы: Жалын,1984.

Есенберлин І. Мұхиттан өткен қайық: Роман.- Алматы: Б.О.Ж., 2001.

Есенберлин І. Аққу құстар қуанышы: Роман.- Алматы: Көшпенділер, 2003.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет