Бағалау шкаласы
1. «А» жауапқа -3 балл
2. «Б» жауапқа - 2 балл
3. «В» жауапқа -1 балл
Нәтижесін талдау.
30-39 балл жинасаңыз,бала-сіздің өміріңіздегі ең құнды адам.Сіз оны тек түсініп қана қоймай,оған құрметпен қарайсыз.Сіз тәрбиеде прогрессивті принциптерді қолданасыз.Жақсы нәтижелерге қол жеткізуіңізге ешқандай күмәндануға себеп жоқ.
16-30 балл жиналса,балаға қамқорлық жасау сіз үшін бірініші маңызды жұмыс,сіздің қамқорлығыңыз гиперқамқоршылықпен ұштасып тұр.
Диагностикалық кезеңде осы кітаптың 6-шы тарауында берілген және екінші,үшінші кітаптардағы әдістемелерді кеңінен пайдалануға болады.
Диагностикалық кезеңнен кейін тренинг басталады.Оның негізгі ретінде ересек пен баланың өзара қызметтесуі болып табылады,сол себепті де оның басты мақсаты-ата-ана мен баланың серіктестік қарым-қатынасы мен қызметтестігінің қалыптастыру және дамыту болып табылады.Бағдарлануда Т.Гордонның,К.Роджерстің,Я.Адлердің,Р.Дрейкустің,Е.В.Сидоренконның,Е.И.Лебедеваның,Г.И.Исуртнканың т.б.психологтар ұсынған жаттығуларды кеңінен қолданылады.
Тренингтің міндеттері:
өз баласын түсіну мүмкіндіктерін кеңейту;
баламен өзара қатынасты жақсы түсіну;
баламен өзара әрекеттің жаңа дағдыларын меңгеру;
отбасындағы коммуникацияны белсендіру;
Көп жағдайда тренинг бағдарламасы мектепке дейінгі балалар мен кіші мектеп балаларына қолайлы.Осында сипатталған нұсқа ата-ана және балалар мен 12сабақты болжайды;аптасына 2 рет 2-3 сағаттан,яғни курс ұзақтылығы 1,5-2 ай.
Тренингті танысу жаттығуларынан бастаған дұрыс.Оның варианттары топтағылардың ерекшеліктеріне байланыста анықтап алу керек.Бұл жерде оның тағы бір вариантын ұсынамыз.
Танысу
1.Психолог қатысушыларды тренинг мақсаттары және міндеттерімен топтастырады.Жұмыстың тәртібі және шарттары ойластырылады,топтық жұмыстың ережелері ендіріледі.Психолог коррекция барысы қандай формада жүргізілетіні және қандай негізгі тақырыптарға негізделінетіні жайлы айтады.Сонымен қатар,қатысушыға балалармен қатынас пен өзара әрекет ерекшеліктерінің құралу философиясын түсіндіреді:бала тұлғасын қолдау және онымен қызметтестік қатынаста болуға ұмтылу.
2.Танысу барысы:қатысушылар өзін таныстырып өтеді және болашақ жұмыс істеудегі өз қауіптенулері мен үміттенулерін белгілейді.Топтағы жұмысты жеңілдету үшін бейдж қолдану ыңғайлы,әр қатысушы оған өз есімін,немесе ойдан шығарылған есімін жазып қояды.
3.Психогимнастикалық жаттығу:барлық қатысушылар шеңбер бойынша тұрып өз аттарын атап өтеді,сонан соң олар қандай да бір қасиеттері бойынша орнын ауыстырып тұрады,мысалы,шашының түсіне қарай немесе бойына қарай.Қатысушылардың әрқайсысы өзінен бастап солға қарай барлық қатысушылардың атын атап,оларға бір жылы сөз айтуы керек.
4.Психолог қатысушыларға өз-өзін және түсіне білу өте маңызды екенін айтып,ата-аналарға бірнеше сұрақтарға жауап беруді ұсынады.Ата-аналарды тренинг барысында күнделік жүргізу керек екендігіне назар аударады,психолог күнделік туралы ерекше айтып өтуі жөн.Күнделіктердің жүргізілу ерекшеліктері мен үй тапсырмасын орындаудың маңыздылығы жайлы нақтылап айтып өту қажет.Үй тапсырмасын келесі күнге коррекция барысындағы талқылау жүргізілетіні жайлы ескертіп қою қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |