Жақсы тәрбиеші, үлгілі ата-ана бола аламыз ба?


Ата-аналарға арналған тест



бет3/20
Дата16.05.2022
өлшемі70.5 Kb.
#456863
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
user file 5ebd8775bfdf8

Ата-аналарға арналған тест

Сіз және балаңыз бір-біріңізді түсіне аласыздар ма?”





  1. Балаңызға қиындықтар кездессе немесе ғашық болып қалғанда бұл жағдайды сіз қалай байқадыңыз?

а) ол өзі маған бұл туралы айтты
б) ол бұл туралы басқа жақын адамға хабарлады
в) мен ана болғандықтан бұны сездім.
г) бұл туралы кездейсоқ біліп қалдым



  1. Сіздің балаңыздың досы Сізді:

а) екінші анасындай көреді
б) сіз кіргенде үндемей қалады немесе әңгімені басқа арнаға бұрып жібереді.
в) құрметпен бірақ салқын қарайды.
г) құрметпен және сүйіспеншілікпен қарайды.



  1. Әдетте достарымен жиналатын орындарға балаңыз сізді шақырады ма?

а) кейде б) жоқ, ешқашан
в) шақырады, бірақ мен келіспедім
г) олардың жиналатын орындары маған ұнамайды.



  1. Сіз балаңыздың телехабардың біріне қызығушылығын байқап қалдыңыз, Сіз:

а) оған қызық нәрсенің мен үшін қызығы жоқ.
б) балаңыздан “Саған бұл хабар ұнай ма?”-деп сұрайсыз
в) ол бұл хабар жөнінде бір нәрсе айтар деп үміттенемін.
г) біраз уақыт мазмұнының егжей-тегжейін ұғынуына тырысамын, ал содан кейін онымен бірге талқылаймын.



  1. Сіз балаңыз дүниеге келгеннен бері бірнеше рет былай дедіңіз:

“Біздің кезімізде былай…………болмаған”
а) 1 немесе 2 рет, бірақ мен бәрі өзгеретінін мойындаймын
б) қанша рет айтқаным тіпті есімде жоқ
в) азғана қайталай бергенен ештеңе жете алмаймын.
г) мен бұлай оған айтқан жоқпын.


Ата -анамен жұмыс,тренинг жаттығулар.


«Баланы ата-ана тәрбиелейді. Ата-ананы кім тәрбиелейді?» әдістемесі.

Мақсаты:отбасындағы балаға деген ата-ананың қатынасының стилін анықтау.


Орындау ережесі.Ұсынылған сұрақтарды мұқият оқып шығыңыз.Оларға ашық жауап беруге тырысыңыз.Тест бала тәрбиесіне байланысты белгілі бір қорытынды шығаруға көмектеседі.


Жауап варианттар мына төменгі әріптермен белгілейді:
«Мен мұны істей аламын және әрқашан осылай істеймін» А-З балл
«Иә,бірақ барлық кезде емес» Ә-2 балл
«Жоқ,бұлай істей алмаймын» Б-1 балл


Тапсырмалар
Сіз:
1.Кез- келген уақытта жұмысыңызды тастап баламен айналыса аласыз ба?
2.Жасына қарамастан онымен ақылдаса аласыз ба?
3.Балаға жіберген қателіктеріңізді оның алдында мойындай аласыз ба?
4.Қателіктеріңіз үшін одан кешірім сұрай аласыз ба?
5.Балаңыздың әрекеті сізді қынжылтқанымен өзіңізді игере аласыз ба,салқынқандық сақтай білесіз бе?
6.Балаңыздың орнына өзіңізді қоя білесіз бе?
7.Еш болмаса 1минутқа өзіңізді мейірімді перзент ретінде сезіне аласыз ба?
8.Балаңызды жаралайтындай сөздерді пайдаланудан өзіңізді үнемі аулақ ұстай білесіз бе?
9.Жақсы қылығы үшін балаңызға оның тілегін орындайтыныңызға уәде бере аласыз ба?
10.Балаңыз ойына келгенді істегісі келсе және өзін қалай ұстағысы келсе оның әрекеттеріне еркіндік беріп,тірлігіне ешқандай араласпайтын бір күн бере аласыз ба?
11.Басқа баланы сіздің балаңыз ұрса,негізсіз ренжітсе оны елемей қоя аласыз ба?
12.Балаңыздың өтініші мен жылауына егер ол еркелік немесе қырсықтық болса қарсы тұра аласыз ба?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет