Жақсы тәрбиеші, үлгілі ата-ана бола аламыз ба?


«Идеалды отбасы» жаттығуы



бет7/20
Дата16.05.2022
өлшемі70.5 Kb.
#456863
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
user file 5ebd8775bfdf8

«Идеалды отбасы» жаттығуы.

Жеткіншек жастағы балалар идеалды отбасын қалай елестетеді?Онда ата-аналар қандай қызмет атқарады?Жеткіншектердің балаларды «дұрыс» тәрбиелеу, «жақсы» балалар жайлы түсініктері қандай?Ата-аналардың олардан не күтетінін қалай түсінеді? Бұл тақырыптарды тек талқылауға ғана емес,сурет түрінде бейнелеуге болады.
Кіші жеткіншектер идеалды отбасын ата-аналарының балаларына деген махаббатымен түсіндіреді.Олардың пікірінше,махаббат дегеніміз баланың қалағанын сатып әперуде,ештеңеге қарсылық көрсетпеуден тұрады.Ал бала барлық уақытта ата-анасын тыңдайды,айтқан нәрсенің барлығын істейді.Ата-аналары өз балаларын ешқашан жазаламайды.



  1. «Идеалды отбасы өмірі» жаттығуы.

Топқа қатысушылар отбасының өміріндегі қуанышты немесе қайғылы оқиғаларды таңдап сахнада ойнайды.Қатысушылардың біреуі басқалардың арасынан рөлдерді орындайтын адамдарды таңдап алады да,идеалды отбасы өмірінен үзіндіні сахнада ойнайды.Қалған қатысушылар -көрермендер.Көрініс біткеннен кейін көрермендер көрген қойылымы туралы өз пікірлерін айтады.Содан соң көріністі басқа адамдар ұйымдастырады,ал бірінші қойылымға қатысқандар көрермен болады.Бұл жаттығу отбасына шын мәнінде не қажет екені туралы,қатынастар ерекшеліктері және отбасы мәселелері,отбасының дамуы туралы өз ойларын айтып талқылауға негіз болады.

  1. «Өзіңе қолайлы жағдай жаса» жаттығуы.

Жаттығу қатысушылардың бір-бірімен вербалды емес формада қатынас жасауды қажет етеді,бұл отбасылық өмірдің аналогиясы болып табылады.Қатысушылар жұптарға бөлініп,бір-біріне арқасын қаратып орналасады.Дене босаңситындай етіп өзіне ыңғайлы жағдай тауып алу қажет.Жұптағылар екі жаққа да ыңғайлы болуын ойластырып арқа тіреседі ме,жоқ денесі бос ұстауға емін-еркін тұру қажет пе,оны әр жұп өзі шешеді.Содан соң жұптарға үшінші қатысушы қосылады (ата-аналардың баласы пайда болады).Оны қай жерге және қалай орналастыру керек екенін әр жұп өзі табуы керек.Жаттығу оңай бола салмайды,біреулерге ыңғайлы болады,ал келесілерге қысымы сенумен байланысты болуы да мүмкін.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет