Жақсы тәрбиеші, үлгілі ата-ана бола аламыз ба?



бет6/20
Дата16.05.2022
өлшемі70.5 Kb.
#456863
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
user file 5ebd8775bfdf8

«Отбасы мүсіні» жаттығуы.

Жаттығуды орындау үшін отбасында кездесетін әртүрлі өмірлік жағдайларды ойнау керек.Ол үшін қажет болатын жиһаздар жиналған бөлмеде жүргізілген ойынды қызықты ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Әр қатысушы кезекпен мүсіншіге айналады.Ол өз отбасының бейнесін «жанды мүсін» үлгісінде жасайды.Бұл үшін ол қатысушылар арасынан отбасы мүшелерін өзі таңдап,бөлмеге орналастырады.Идеал ретінде мүсінші өзінің рөліндегі басқа адамды да таңдайды.Егер отбасы мүшелері қатысушылар санынан көп болса,мүсінші өз рөлін өзі ойнайды.Мүсінді аяқтағаннан кейін мүсінші өзінің жұмысын талдайды.Неліктен отбасы мүшелері осылай орналасты.Бұл кейін жетекші мүсіншіге отбасын өзі көргісі келетіндей етіп қайта орналастыруды ұсынады.Мүсінші барлық қатысушыларды сол ретпен отырғызады.



  1. «Отбасы оқиғалары» жаттығуы

Жаттығуды орындау үшін үлкен қағаз парақтары және түрлі-түсті қарындаштар немесе фломастерлер қажет болады.
Әрбір қатысушы қағазды екіге бөледі де,екі отбасылық естеліктің суретін салады-бақытты және жағымсыз құбылыстардың бір ғана отбасы ішінде болатынын жағдайлары бейнеленеді.Сурет салып болғаннан кейін әр қатысушы топқа өз суретін көрсетіп,онда салынған оқиғаны түсіндіріп береді.

  1. «Отбасын ойнайық» жаттығуы.

Топ «отбасыларға» бөлінеді.Кіші топтар бөлменің әртүрлі бөліктерінде орналасады.Қатысушылар міндет- «отбасы» құрамын,отбасы мүшелерінің жас ерекшелігін,отбасылық рөлдерді анықтайды.Әр қатысушы немен айналысатынын,қайда қызмет атқаратынын,қандай киім киеді,таңертеңгілік асқа не жегенді жақсы көреді деген сияқты мәселелердің барлығын ойластырады. «Отбасы» мүшелері жай күн мен демалыс күндерді қалай өткізетінін,отбасы міндеттерін қалай бөлетіні,қарым-қатынастары қандай екені,отбасының мәселелерін бір-бірінің пікірімен санаса отырып шешетіні,немесе отбасының басты адамы бар ма деген сияқты мәселелерді шешеді.Отбасы өз тегін ойлап табады. «Отбасы» өз елтаңбасын жасап,девизін құрастырады,сонымен қатар қоршаған адамдарға айтпайтын отбасылық құпиясын ойластырады.Барлық ойластырулар қағаз бетіне жазылып және суреттер түрінде тіркеледі.Суреттердің саны мен мазмұны әр отбасында жеке дара немесе жалпы орындалатыны туралы әр кіші топтың өзі шешеді.
Егер топқа консультанттан басқа тағы да бір психолог болса,онда олар әртүрлі «отбасы» мүшелері болып тарайды.Олар кіші балалардың рөлдерін алуы қажет.Бұл жағдайда қатысушылар өзбетінше әрекет етіп,психологқа онша алаңдамастан өз мәселелерін өзбетімен және шығармашылықпен орындауға тырысады.
Тапсырманы орындағаннан кейін әрбір кіші топ кезекпен өз «отбасын» таныстырады,содан соң «отбасына» нақтылаушы сұрақтар қойылады.
Бір маңыздысы,қатысушылар қандай отбасы құрамын таңдайтынын анықтау қажет: толық отбасы,толық емес отбасы,отбасында балалар бар ма.Қатысушылардың басым көпшілігі жеткіншектер болса,әдетте,отбасының басты адамы ретінде әкесін таңдайды.Ол көбінесе фирмасы бар және жеткілікті түрде бай болады.Отбасында әдетте әжесі мен атасы бар,қатынастары жақсы,бір-бірімен ұрыспайды.Жеткіншектердің отбасылық проблемалары туралы түсініктері таяз болғандықтан оларға,жетекші көмектеседі.Көптеген ұсыныстардан қатысушылар бас тартады,тек бұл мәселелер уақытша болса ғана оңай шешілетін болса ғана келіседі.Мысалы,ұлы жоғары оқу орнына түсе алмады,келесі жылы көреді.Ал науқастану,алкоголизм,кедейлік деген сияқты мәселелерден бас тартады.
Жаттығуды орындап болғаннан кейін,бірден келесі ойынды жүргізу қажет.Өйткені отбасы қандай да бір ұзақ уақыт ішінде «өмір сүрді».



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет