Жақсы тәрбиеші, үлгілі ата-ана бола аламыз ба?



бет5/20
Дата16.05.2022
өлшемі70.5 Kb.
#456863
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
user file 5ebd8775bfdf8

«Мен кіммін?»

Бұл жаттығуды бірінші кездесуде өткізген өте тиімді болады.Әр адамға бір парақ қағаз бен қалам беріледі.Жетекші: «1саннан 10 ға дейін баған бойынша реттік сандарды жазып шығыңыз.Әр санның тұсына «Мен кіммін» деген бір сұраққа жауаптарыңызды жазып шығасыздар.Жауап жазғанда өзіңізді ақиқатқа сай бағалап барлық оң және теріс қасиеттеріңізді шын көңілмен бағалаңыз.Осы парақты көкірегіңізге түйіп алып бөлме ішінде жайлап жүріп,өзгелердің өздеріне берген мінездемелерімен танысыңыз,ал оларға өзіңіздің жазған мінездемелік «тізіміңізді» оқуға мүмкіндік беріңіз.Қатысушылардың біреуі мысал ретінде өз «тізімін» дауыстап,топтағылардың барлығы еститіндей етіп,оқып беруіне болады.Кездесудің соңында қатысушылар өз пікірлерімен бөліседі.


2. «Менің отбасым қазір және болашақта» жаттығуы.
Қатысушыларға осы тақырыпқа екі коллаж жасау ұсынылады.
Коллажбен жұмыс істеу картонның үлкен парақтары немесе ватман және әртүрлі қағаз,түрлі-түсті газеттер,журналдар,ашық хаттар,жарнамалық қағаздар,ескі кітаптар.Әдетте жеткіншектерге коллаж жасаған ұнайды,бірақ ұсынылған тақырыптар кейде қиындық тудырады.Жеткіншек өзін жалғызбын деп сезінуі мүмкін.Тек өзі ғана отбасын белгілейтіндей болып көрінеді.Бұл жағдайда жетекші жеткіншекке қолдау көрсетіп,оның назарын басқа жақын адамдарына аударуға ұмтылуы қажет.
Коллаж жасап болғаннан кейін қатысушылар өз жұмыстарымен топтағыларды таныстырып,оның мазмұнын әңгімелеп береді.
Немесе тағы бір нұсқаны қолдана алады «Біздің отбасы» тақырыбына жаттығу барысында топтық қатынас барысында шек тастап құрылған отбасы мүшелері бірігі отырып коллаж жасайды.
Отбасын құру үшін кім отағасы болатыны туралы жазылған қағаздарды ширатып бір ыдысқа,ол отбасындағы аналық рөлін атқаратындарға арналған шектер екінші ыдысқа,балаларының рөлін бөлу жребийлері үшінші ыдысқа салынады.Қатысушылар өз рөлдеріне сай ыдыстан алған қағаздарына «Ормановтар», «Жыл құстары» т.с.с. отбасының белгілері бойынша бір-бірін тауып алып,осы кездесудің аяғына дейін олар бір отбасының мүшелері ретінде өз қызметтерін атқарады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет