«Нәресте» жаттығуы.
Бұл жаттығу қойылым түрінде жүреді.Үш қатысушыны орындайды.Оның екеуі-әкесі мен анасы,ал үшіншісі-нәресте.Ол әлі сөйлей алмайды,тек төсекте жатыр.Ол тек ымшара және дыбыс арқылы ғана жауап бере алады.Ата-аналар нәрестеге жақындап,онымен ойнайды,тамақтандырады,жаялығын ауыстырады,оның нені қажет ететінін түсінуге тырысады.Бес минуттан соң қатысушылар рөлдерімен ауысады.Ойынның барысында жетекші отбасының өмірінде болатын қандай да бір жағдайда ойластыруы мүмкін,мысалы,телефон соғады немесе қонақ келеді. «Нәресте» бірдеңе қажет еткен уақытты алуға болады.Жаттығу аяқталған соң,әр «отбасы мүшелері» өз пікірлерімен бөліседі.Содан соң қойылымды басқа қатысушылар ойнайды.
«Отбасы өмірінен жағдай» жаттығуы.
Қатысушылар екі топқа бөлінеді де кез-келген өмірлік жағдайға қойылым ойнайды.Бұл бұрынғыдан немесе болашақтан алынған жағдай болуы мүмкін.Сөзді қолдануға да,қолданбауға да болады.Ең бірінші ымишара,қимыл-әрекетке көңіл бөлінеді,яғни қатынас пен сезімнің дене қимылдары арқылы берілуіне үлкен мән беріледі.Сөзбен айтылатын бөліктерінде қатысушылар ойланып табатындай етіп жасырын сөздермен айтуына болады.Қойылым ойналып болған соң көрермендер мен жетекші оны талқылайды.Көрермендер орын ауысып,басқа жағдай туралы көрініс қоюды ойластырады.
«Отбасылық оқиға» жаттығуы.
«Отбасы» мүшелері топпен құрылған шеңбердің ортасымен жайғасады.Олар отбасындағы рөлдерін анықтап алады да,жетекші оларға қандай да,бір отбасында қуанышты немесе өкінішті жағдайдың болғанын айтады,мысалы, «Сіздің отбасыңыз лотореядан үлкен ақша ұтып алды» немесе «Әкесі аяғын сындырып алды»,оларға пікірталас жүргізу ұсынылады.Жетекші көрермендерге алдын-ала «отбасы» қаншалықты мәселені бірлесе отырып шешетінін бақылауға нұсқау береді.Немесе әр көрерменге нақты «отбасы мүшесінің» мінез-құлқын бақылауды ұсынуға болады.Мысалы,ұтыс жағдайында отбасы мүшелері неге ақшаны жұмсауды қалайды:оқуға,саяхатқа,бір нарсе сатып алуға;басқаларды өз ұсынысымен қызықтыра алды ма; дәлелдерді қаншалықты ұтымды түрде ұсына алады.
Талқылаудан кейін,бірнеше қатысушылар орын ауыстырып ортаға отырады да,басқа тақырыпты талқылайды.
Осылайша әртүрлі жағдайды келтіруге болады.Мысалы,анасының әкесі ауылда тұрады,оның өз үйі және шаруашылығы бар,ол ауырып қалды,бірақ қалаға келгісі келмейді.Отбасы не істейтінін шешуі қажет.Қойылымды ойнағанға дейін әр отбасы мүшесінің қалауларын анықтап алуға болады.Мысалы,анасы ауылға кеткісі келеді,өз шаруашылығымен айналысқысы келеді,әкесі мұны қаламайды,өйткені қалада жақсы жұмысы бар,үлкен ұлының да барғысы келмейді,өйткені оқуға түспек ойы бар,кіші ұлының барғысы келеді,өйткені ол жерде жазда шомылуға,қыста шаңғы тебуге болады.Осы жерде шешім қабылдауға көп ықпал еткен кім ,«ата-аналар» қаншалықты «балаларының» пікірін ескере алды, «отбасы» ортақ пікірге келе алды ма,келісімге келе алды ма,сол сияқты мәселелерге көңіл бөлуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |