Бұдан басқа, Заңға сәйкес, «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС құрылды. «Бұл Заңда көзделген тәртіппен жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілер өндірген және Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің электр желілеріне жеткізілген электр энергиясын толық көлемде орталықтандырылған түрде сатып алуды жүзеге асыратын «KEGOC» жүйесінен негізгі потстанцияға дейінгі 220кВт қуаттағы 8 шақырымдық әуе желісі тартылып, 20 шақырымдық жол салынды»[16]. Бүгінде республикада күн энергетикасын пайдалану бағытында өнеркәсіптің жаңа саласы құрылуда. Күн энергиясын игеру мақсатына барлық технологиялық циклға керекті шикізаттар мен жабдықтар өзімізде шығарыла бастады. Атап айтқанда, «Астана қаласында үш жылдан бері халықаралық стандарттарға сәйкес келетін фотоэлектрлі модульдер шығаратын «Astana Solar» ЖШС жұмыс істеп тұр. Зауытқа керекті кремний Алматы облысы Үштөбе қаласында өндіріліп, ол Өскемен қаласына жіберіледі. Өскеменде кремний түрлі қоспаларды тазарту арқылы өңделіп, содан фотоэлектр пластинкалары мен күн ұяшықтары дайындалады. Кейін олар Астанаға жеткізіліп, соңғы кезеңде дайын өнімі – күн модульдері дайындалады. Ал, жаңа өнімдерге шикізатты түгелдей Қазақстан кремнийінен алады. Зауыттың өнімі барлық облыстарға кең тараған. Іске қосылғанына аз уақыт өтсе де, зауыт өнімдеріне сұраныс артуда. Зауытта шығарылған батарея 25 жылға дейін жұмыс істейді. «Astana Solar» жауапкершілігі шектеулі серіктестік 2017 жылы болатын ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысып, өз жобаларын көрсетуді мақсат етеді. Сонымен қатар, олар өз өнімдерін шет елдерге шығаруды да жоспарлап отыр»[17]. Аталған өндіріс орындарында мыңға жуық жоғары, білікті инженер-техник қызметкерлер мен жұмысшылар істейді. Күн, жел энергиясымен пайдалану, әсіресе, электр желілерінен шалғайда жатқан аймақтар, алыс мал жайылымдары мен бригадалық стандар үшін, шаруа қожалықтары үшін таптырмас дүние. «Соңғы кездері республикада ЖЭК-ті пайдалану бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды. Бұл ретте Жамбыл облысы көш бастап келеді. Облыста 2010 жылы барлық ЖЭК нысандарының орнатылған қуаттылығы 1,5-2 МВт-ты құраған болса, қазіргі таңда, жалпы қуаттылығы 88 МВт болатын 8 ЖЭК (СуЭС-4, КүнЭС-2, ЖелЭС-2) нысандары пайдалануға берілді. Барлық ЖЭК нысандар электр желілеріне қосылған және электр энергиясын бірыңғай энергетикалық жүйеге тасымалдайды. 2015 жылдың шілде айында «СПК «Тараз» АҚ Британдық «United Green» компаниясы және «Самұрық Қазына Инвест» ЖШС-мен бірлесіп алғашқы пилоттық «Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы қуаттылығы 50 МВт күн электр станциясының құрылысы» жобасын пайдалануға берді. Бұл жоба Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен жалпыұлттық телекөпір барысында ашылды. Аталған нысан Орталық Азия бойынша ең ірі күн электр станциясы болып табылады. Мұнда 192 мың энергия өндіретін күн панельдері қолданылған. Бүгінде нысанда 250 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Британдық «United Green» инвестор компаниясы жыл соңына дейін станцияның қуатын 100 мегаватқа дейін арттыруды жоспарлауда. Бұл өз кезегінде 30 000 үйді жарықпен қамтамасыз етуге жеткілікті»[23]. Елімізде түрлі ресурстарға,пайдалы-қазбаларға,шикізат көздеріне бай облыстар мен аудандар өте көп.Өз кезегінде, Оңтүстiк Қазақтан облысы республикадағы баламалы энергия көздерi (жел, күн, кiшi гидроэнергия) бойынша ең әлеуеттi өңiр болып есептеледі. «Осыған байланысты, облыста баламалы энергия көздерiн дамыту бағытында 35 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Олар жалпы қуаты 50,7 МВт жалпы құны 13,2 млрд тенге болатын энергия көздерін қалпына келтірудің 7 нысаны,атапайтқанда,6 су электр станциясы, 1 жел электр станциясы іске асу жоспарланған. 2017 жылы қуаты 150,1 МВт жалпы құны 59,3млрд тенге 12 су элетр станциясын қолданысқа енгізбек.. Жел энергетика саласында қуаттылығы 90 МВт құрайтын 2 жоба жүзеге асырылуда. Күн энергетика саласында жалпы қуаттылығы 349 МВт құрайтын 12 жоба жүзеге асырылуда. Ал, Сайрам ауданындағы «Ақбай Шымкент» және Шымкент қаласындағы күн электр станциялары iске қосылып, қызмет көрсетуде»[24]. Жаңартылатын энергия көздеріне ауысқанда үй иелеріне салықтық женілдіктер ұсынылады, сонымен қатар, автомобильдер үшін экологиялық таза түрлерін қолданатын жүргізушілерге қалалық автотұрақтарда тегін орындар беріліп, салық төлеуді азайту көзделуде.