«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі



бет16/33
Дата23.09.2022
өлшемі132.62 Kb.
#461209
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33
жасыл экономика

· Леонтьев парадоксы. Хекшер-Олиннің ережелері мен қорытындыларын тәжірибелік тұрғыдан тексеруге арналған көптеген зерттеулердің ішіндегі ең негізгісі - американ экономисі, Нобель сыйлығының лауреаты Василий Леонтьевтің жұмысы болып табылады. Елдегі капиталдың салыстырмалы молшылығы (артықшылығы) Американың сыртқы саудасына әсер етпейтіні белгілі болды. АҚШ шет елден әкелгенге қарағанда, еңбек сыйымдылығы молырақ және капитал сыйымдылығы азырақ өнімдерді шет жаққа шығара бастады.
Леонтьев өз есептеулерін жургізу үшін американ экономикасының 1947 жылғы «шығындар шығарылымы» салааралық балансын пайдаланды. Сол арқылы өнеркәсіп 50 секторға бөлініп, оның 37-і өз тауарларымен сыртқы рынокқа шықты. Өндірістің еңбек пен капитал сияқты екі факторы есепке алынды. Бұдан әрі қарай жалпы құны 1 миллион доллар болатын тауарлар қоржыны бөлініп көрсетілді. Олардың әрқайсысында импорттық және экспорттық тауарлардын типтік жиынтығы сақталынды. Мәселен, егер тамақ өнеркәсібі экспорттың жалпы сомасының 10%-ын құраса, онда бұл құны 1 миллион долларға тең болатын қоржында тамақ өнеркәсібіндегі құны 1 миллион соманың 10%-ы, яғни 100 мың доллар бар екендігін білдіреді.
Зерттеу нәтижесі шет елге шығарылатын құны 1 миллион доллар және шет елден әкелінетін құны 1 миллион доллар тұратын тауарларды өндіруге қажетті капитал мен еңбек сомаларын өзара салыстыру арқылы алынды (2-кесте).
· Халықаралық бәсекелестік теориясы. Американ экономисі М.Портер 1991 жылы «Елдердің бәсекелестік артықшылықтары» деген зерттеуді жариялады. Зерттеуде халықаралық сауда мәселелері мүлде жаңа қырынан талқыланды: «Халықаралық рынокта елдер емес, фирмалар бәсекеге түседі. Елдің бұл алатын орнын анықтау үшін фирманың бәсекелестік артықшылыққа қалайша қол жеткізетінін және оны қалай сақтап қалатынын түсіну керек».
Портер өз үлестеріне экспорттың 1/2-і келетін 10 ірі өндірістік елде зерттеу жүргізген. Ол осы зерттеу нәтижесінде елдің әлемдік рыноктағы бәсекелестік қабілеті соларға бағынышты негізгі параметрлерінің өзара байланысын көрсететін «ұлттың халыкаралық бәсекелестік қабілеті» деген теориясын тұжырымдады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет