«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі



бет15/33
Дата23.09.2022
өлшемі132.62 Kb.
#461209
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33
жасыл экономика

· А.Смиттің «Абсолютті артықшылықтар теориясы». Бұл теория бойынша - әрбір ел өзінде аз шығын жұмсап өндірген өнімін экспортқа шығарады (өндіруде абсолютті артықшылықтарға ие), ал импорттан өндірістерде көп шығын жұмсалатын тауарларды сатып алады (өзі өндірген тиімсіз, сатып ала бере ма? Бағасы төмен болса, кім төлейді?). Сонымен бірге, А.Смит еркін сауда теориясының негізін қалаушы (ЛЭССЭ - ФЭР) экономикаға мемлекеттің араласпауы және еркін бәсеке.
· Салыстырмалы артықшылық теориясы. Д.Рикардо «Саяси экономияның және салық салудын принциптері» деген еңбегінде (1817ж.) екі мемлекет арасындағы айырбас қай шектерде тиімді екенін және халықаралық маманданудың критерийлерін айқын көрсете отырып, классикалық теорияны тығырықтан шығарды.
Рикардо атап көрсеткендей, елдің ешбір өндірісте абсолютті артықшылығы болмаса да, сауда екі жақ үшін де тиімді. Тіпті сауда болмаған жағдайда да, екі ел арасындағы баға қатынасындағы сәл айырмашылықтың өзі әрбір ел үшін салыстырмалы артықшылыққа қол жеткізеді (егер саудалық қарым-қатынастардың орныққанын есепке алсақ), яғни басқа тауарларға қарағанда, өндірісі анағұрлым тиімді тауар өндіріліп, тап осы тауар басқасына айырбасталынып, экспортқа шығарылуы тиіс.
Сонымен, Рикардо «Салыстырмалы артықшылық теориясын» (заңын) ашты: ол бойынша, «әрбір елдің белгілі бір тауарды шығаруда салыстырмалы артықшылығы болады және оны сауда кезінде басқа тауарларға айырбастау тиімді. Екі тауар өндіруден абсолютті шығындар деңгейі жоғары елдер де тауар айырбасынан пайда ала алады».
· Хекшер-Олин теориясы. Бүкіл халықаралық сауда дамуының шикізат қоры әлеуетінің айырмашылықтарын байланыстыратын теория халықаралық экономиканың басты теориясының бірі болып табылады. Оны шведтің екі экономисі құрастырды: Эли Хекшер - экономика тарихындағы атақты швед маманы. Ол 1919 жылы өзінің қысқаша құрастырған тақырыбын жариялады және 1977 жылы Хекшердің оқушысы Бертиль Олин осы теорияны жалғастырып, өңдеп, Нобель сыйлығына ие болды. Сондықтан бұл теорияны «Хекшер-Олин теориясы» деп атайды. Бұл теорияның басқаша атауы - «факторлық пропорция теориясы» және ол бөлшектер аралық байланысты ұсынады, яғни әр елдің шикізат әлеуетіндегі фактор, қайсы бір өнеркәсіпте шығатын өнімдерге бөлшектеп қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет