«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі


Астанада ірі көрмені өткізу қуат үнемдеу – күн, жел, те¬ңіз, мұхит және термалдық сулардың энергетикалық ресурста¬рын енгізу мәселесін кеңінен талқылауға жағдай жасайды



бет12/33
Дата23.09.2022
өлшемі132.62 Kb.
#461209
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33
жасыл экономика

Астанада ірі көрмені өткізу қуат үнемдеу – күн, жел, те¬ңіз, мұхит және термалдық сулардың энергетикалық ресурста¬рын енгізу мәселесін кеңінен талқылауға жағдай жасайды
«Жаңартылатын энергия – таусылмайтын көздерден алынатын энергия. Жаңар­тылатын энергияны пайдаланудың негізгі қағидаты оны қоршаған ортада үнемі болып жататын процестерден алуға және оны өндірістік әрі тұрмыстық қажеттілікке пайдалануға саяды. Жаңартылатын энергия табиғи жолмен жаңарып тұратын табиғи ресурстардан алынады. Жаңартылатын энергия көздері деген ұғым энергияның мынадай нысандарын: күн энергиясын, геотермальды энергияны, жел энергиясын, теңіз толқынының, ағыстардың, судың толуының және мұхиттың энергия­сын, биомасса энергиясын, гидроэнергияны, әлеуеті төмен жылу энергиясын және жаңартылатын энергияның басқа да «жаңа» түрлерін қамтиды»[10].
Қазіргі таңда жер шарында адамзат баласының көбеюінің салдарынан,қоршаған ортаның шектен тыс ластануының салдарынан жер бетінде дәстүрлі энергия шикізаттарының таусылу қаупі зор.Сол себептен Астанада осындай ірі көрмені өткізу қуат үнемдеу – күн, жел, теңіз, мұхит энергетикалық ресурстарын енгізу мәселесін кеңінен талқылауға жағдай жасайды.
«Болашақтың энергиясы» та­қы­рыбының маңызы – бүгінгі күні адамзаттың ең өзекті мәселе­сіне айналған табиғи қуат көздерін тиімді пайдалану мәселесін көте­руінде. Мұны шешу қазір көптеген елдер үшін стратегиялық міндетке айналды. Тақырыптың өзегінде электр қуатын қолжетімді ету және кедейшілік деңгейін төмендету сияқты планетарлық көлемдегі мәселені шешу жатыр. Ендігі кезекте бүкіл әлемге «жасыл экономика» және экологиялық қауіпсіз даму сияқты тың бағыт қажет. Жер бетінде дәстүрлі энергия шикі­заттарының таусылу қаупі зор. Ал оларды пайдаланудың нәтижесінде қоршаған ортаға тигізер зияны да зор. Сондықтан, халықаралық қауымдастықта халықаралық көрме шеңберінде басқосып, мәселені бірігіп шешу тілегі жатқаны айтпаса да түсінікті. Бұл Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың елімізде «жасыл экономика» бағытына көшіру жөніндегі бастамасымен үндесіп жатыр. Астанада осындай ірі көрмені өткізу қуат үнемдеу – күн, жел, те­ңіз, мұхит және термалдық сулардың энергетикалық ресурста­рын енгізу мәселесін кеңінен талқылауға жағдай жасайды. Осы арада атап айтатын жайт, негізгі және аса жауап­ты, күрделі де қызықты жұмыс енді басталады. Мемлекет басшысы бұл іс-шараға жауапты адамдарды айқындады, Үкіметтің және елорда әкімдігінің алдында тұрған міндеттер мен мақсаттар айқындалды. Енді тек іске кірісу керек. Алдымен, 2017 жылға дейін ең жоғары технологияларды пайдалана отырып, осы ЭКСПО-ға болашақта келіп қатысушы елдер үшін барлық қажетті жағдайлар жа­сау міндеті тұр. Және оны аста­намыздың бұдан да тартымды, халқымыздың заңды мақтанышы болатындай, сөйтіп, Қазақстанның халықаралық көрмелер тарихына өз парағын жазатындай деңгейде жасау керек.» [11]
Кез келген мемлекет қор­­шаған ортаның ластануын азайтуға, экономикалық және әлеуметтік жағдайды, әсіресе, шалғайдағы және алыс орналасқан өңірлердің жағдайын жақсартуға, техно­гендік апаттардың әлеуетті қаупінің болмауына жағдай жасайды.Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кез келген елде дамудың «жасыл» жолы мемлекеттің мақсатты түрде қолдауы арқасында ғана тиімді жүзеге асады.
«Бүгінде Еуроодақта «жасыл экономика» секторы 2 трлн. еуроға жуық іскерлік айналымға ие және 22 млн. астам адамды немесе ЕО-ның еңбекке жарамды халқының 9%-ын жұмыспен қамтуда. Бұл елдерде «жасыл» секторға ауқымды мемлекеттік қолдау қарастырылған. «Жасыл» технологиялар нарығындағы әлемдік көшбасшылардың бірі – Германия. Қазіргі кезде әлем бойынша патенттелетін бүкіл технологиялардың экология саласындағы 23%-ы және күн мен жел энергетикасы саласындағы 30%-дан астамы неміс компанияларына тиесілі.
«Жасыл» сектор кәсіпорындарында 2 млн-ға жуық адам немесе Германияның экономикалық белсенді бүкіл халқының 4,5%-ы жұмыс істейді және бұл көрсеткіш тұрақты өсуде. Соңғы жылдар ішінде, тек қайта қалпына келетін энергетика саласында ғана 370 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары құрылған. Германияда энергетика негізгі және неғұрлым табысты жасыл сала болып табылады. Жасыл технологияларды ойдағыдай дамытудың арқасында Германия парниктік газдар эмиссиясының деңгейін төмендетуге айтарлықтай қол жеткізе алды. Жаңартылатын энергия көздеріне ауыс­қанда үй иелеріне салықтық женілдіктер ұсынылады, сонымен қатар, автомобильдер үшін экологиялық таза түрлерін қолданатын жүргізушілерге қалалық автотұрақтарда тегін орындар беріліп, салық төлеуді азайту көзделуде.
Көшбасшы елдердің көпшілігінде ЖЭК-ті жеделдетіп игеру белгілі бір мемлекеттік саяси, заңнамалық және тікелей қаржылық қолдау арқылы жүзеге асырылып жатқанын атап өткен жөн. Электр генерациялаушы қондырғылар саласында ЖЭК-ті дамытуды ынталандырудың неғұрлым кең таралған нысаны тіркелген тарифтер болып табылады. Бұл ынталандырушы шаралардың мәні мынаған саяды: тіркелген тарифтер – ЖЭК-ке электр қондырғыларынан сатып алынатын электр энергиясына арнайы белгіленген және энергияны генерациялаудың рента­бельділігін қамтамасыз ететін жоға­рыла­тылған тарифтер. Олар бүгінде әлем­нің 65 елінде қолданылады және электр қондыр­ғыларының түрлері мен қуаты бойынша сараланады. Бұл тарифтер ұзақ мерзімге 10 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бекітіледі. Айталық, Германияда мұндай тариф­тер алғаш рет 2000 жылы енгізілді жә­не 2010 жылы түзетулермен осы уақытқа дейін қолданылып келеді»[12].
ЖЭК енгізу және дамыту жағынан алда келе жатқан елдерде халықтың басым бөлігі туған елінің экологиясы үшін өздерінің азаматтық ұстанымын жоғары қойып, «жасыл» энергетиканы ынталандыру тетіктеріне қолдау көрсетіп келеді.
Біздің еліміз жаңартылатын энергия көздерін дамытуға қолайлы жағдайлары бар елдердің бірі болып табылады. Республикада баламалы энергия алу үшін қажетті ресурстармен қамтамасыз етілуі тұрғысынан жел, күн энергия­ның ең қолайлы көздері бар.
«Жаһандық экономикалқ сынақтарды былай қойғанда ЭКСПО -2017эмтихандары баршамызды толғандыратыны белгілі. Ал, жасыл технологиялаға негізделген жаңа энергетиканы белсенді дамытуға кіріскеніміз ішкі-сыртқы ресурстардың толымдылығын кепілдендіреді. Қазақстанның теориялық жел әлеуеті жылына 1820 млрд. кВт сағатқа жуық, гидроэнергетиканың әлеуеті жылына 30 млрд. кВт* сағат, ал күн энергетикасының әлеуеті – жылына 2,5 млрд. кВт* сағат деп бағаланған.
Қазақстанда ЖЭК секторын дамыту «Жаңар­тылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» ҚР Заңы қабылданған соң басталды. Бұл Заңда: «Жаңартылатын энергия көздерi – табиғи жаратылыс процестерi есебiнен үздiксiз жаңартылатын энергия көздерi, олар мынадай түрлерді қамтиды: күн сәулесiнiң энергиясы, жел энергиясы, гидродинамикалық су энергиясы; геотермальдық энергия: топырақтың, жерасты суларының, өзендердiң, су айдындарының жылуы, сондай-ақ, бастапқы энергия ресурстарының антропогендiк көздерi: биомасса, биогаз және электр және (немесе) жылу энергиясын өндiру үшiн пайдаланылатын органикалық қалдықтардан алынатын өзге де отын» деп атап өтілген»[14].
Жасыл эканомика Қазақстан Республикасына жаңа технологияларды тартуға мүмкіндік береді, бұл технологиялар баламалы энергетиканы дамытуға, «жасыл» энергетиканы өркендетуде алдыңғы қатардағы елдермен тәжірибе алмасуға, климаттың өзгеруі мен көмірқышқыл газының шығарындыларына байланысты мәселелерді неғұрлым тиімді шешуге үлкен әсері болады.
«Әлемде ЖЭК-ті дамытуды ынталандырудың ең тиімді тәсілі тіркелген тарифтер болып табылады, сондықтан ҚР Үкіметі энергияның «жасыл» көздерін дамытуда дұрыс жол таңдап алды деп айтуға болады. Айталық, инвестициялар тарту және осы секторды дамыту мақсатында ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 645 қаулысымен ЖЭК негізіндегі электр станциялары үшін инфляцияға жыл сайын индекстеу мүмкіндігімен 15 жыл мерзімге мынадай тіркелген тарифтер (қосымша құн салығынсыз) бекітілді: жел – 22,68 теңге/кВт.сағ., күн – 34,61 теңге/кВт.сағ., шағын ГЭС – 16,71 теңге/кВт.сағ., биогаз қондырғылары – 32,23 теңге/кВт.сағ»[15].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет