«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі


Портер казіргі сыртқы сауданың дамуын анықтайтын 4 негізгі параметрді атап көрсетті



бет17/33
Дата23.09.2022
өлшемі132.62 Kb.
#461209
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33
жасыл экономика

Портер казіргі сыртқы сауданың дамуын анықтайтын 4 негізгі параметрді атап көрсетті:
- факторлық шарттар;
- сұраныс шарттары;
- жақын орналасқан және қызмет көрсететін салалар;
- фирма стратегиясы және бәсекелестік.
Майкл Портердің теориясы «Халықаралық бәсекелестік теориясы» - елдердің бәсекеге қабілеттілігі оның алдыңғы қатарлы фирмаларының бәсекеге төзімділігімен анықталады.
· Халықаралық құн теориясы. Стюарт Милль өзінің «Саяси экономияның принциптері» (1848 ж) атты еңбегінде айырбас қандай баға арқылы жүзеге асырылатынын анықтады.
С.Милльдің пікірінше, айырбас бағасы әрбір елдің экспортының жиынтығы оның импортының жиынтығын төлеуге мүмкіндік беретін деңгейдегі сұраныс пен ұсыныс заңы бойынша белгіленеді.
Әрбір елдің экспорты мен импорты нақты және құндық көрсеткіштер бойынша есептеледі. Құндық көрсеткіштер ұлттық валютамен есептеледі және халықаралық салыстырулар үшін АҚШ долларына айналдырылады. Халқықаралық салыстырулар жүргізу мақсатында экспорт FOB бағасымен, ал импорт CIF бағасымен есептеледі.
Халықаралық сауда-саттықтың құрылымы негізінен екі түрлі бағытта қарастырылады:

  • географиялық бөлінуі тұрғысынан (географиялық құрылым);

  • тауарлық толығулар тұрғысынан (тауарлық құрылым).

Қазіргі кезде әлемдік сауданың құрылымында сауданың классикалық теориялары шеңберінде түсіндірілмейтін өзгерістер болуда. Бұл құбылыстар классикалық теорияларды жетілдіруге немесе жаңа теориялар жасақтауға ықпал етті.
· Өнімнің өмірлік циклі теориясы. ХХ ғ. 60-ж. ішінде американ экономисі Р.Вернон өнімнің өмірлік циклі теориясын ұсынды. Бұл теория арқылы өнімнің рыноктағы өмірге бейімділігі мен сатушының мақсатына жетуін қамтамасыз ететін уақыт аралығында дайын өнімнің әлемдік саудасының дамуын түсіндіруге ұмтылды.
Өнімнің өмірлік циклі 4 кезеңнен тұрады: ендіру, өсу, жетілу және құлдырау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет