Ќўжаттыѕ аты


-тақырып. Туынды сөздің анықтамасы, термин ретінде қолданылуы, туынды сөздің ерекше белгілері



бет23/33
Дата28.09.2022
өлшемі0.55 Mb.
#461549
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33
umkd sozzhasam

8-тақырып. Туынды сөздің анықтамасы, термин ретінде қолданылуы, туынды сөздің ерекше белгілері


Теориялық тапсырма


Туынды сөз терминінің морфология саласында қолдану тәртібі. Туынды сөз терминінің сөзжасамдық аспектідегі қолданысы. Ы.Маманов – туынды сөз термині туралы. Сөзжасам саласындағы туынды сөздің анықтамасы. Туынды сөздің ерекше белгілері. Сөзжасам тәсілідер негізінде жасалған барлық сөздердің туынды сөз аталуының себебі мен мәні.


Әдебиет

А.Ысқақов қазіргі қазақ тілі. Морфология. Алматы, 1991.


Маманов Ы. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1973.
Ибатов Ә. Сөздің морфологиялық құрылымы. –Алматы, 1983.
Исаев С. Қазіргі қазақ тілдіндегі сөздердің грамматикалық сипаты. Алматы, 1998.
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі.- Алматы: Ғылым, 1989.
Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. – Алматы, 2002.
Салқынбай А.Б. Қазақ тілі сөзжасамы. - Алматы, 2003.
Уфимцева А.А. Семантика производного слова. // аспект семантического исследовании. –м., 1980.
Кубрякова Е.С. Типы языковых значении. Семантика производного слова. –М., 1981.
Земская Е.А. Словообразование как деятельность. –М., 1992.
Практикалық тапсырма


1. Мәтіндегі туынды сөздерді тауып, олардың негізгі ерекшелігі мен тілдік белгілерін талдаңыз. Туынды сөздің жасалу уәжі мен мағыналық құрылымының күрделілігіне назар аударыңыз.
а) Өзіндей жастар партияға жазылып жатса да, Төлеген әлі жазылған жоқ. Жазылмауы да есеп еді: қызылдар құлап қалса, кім біледі… Одан да байқап тұрайын деп ойлаушы еді. Алайда партияға кірген жолдастарымен пікірі, қызметі, ымы-жымы бір еді. Пікір дерлік Төлегенде пәлендей пікір де жоқ. Көптің ауқымы – оған пікір, коммунистер айтса – құп, алайда Төлеген пікірсіз де жігіт емес. Онысы рушылдық пікір еді. Қызметке адам сайланса, елге кісі жіберілсе, елден шығын жиылса, өз еліне, өз тұқымына бүйрегі бұрып тұрар еді. Бірақ ол бұрғандығын өмірі сездірмей, еппен іс қылар еді (Ж.Аймауытов).
ә) Туған жердің қадірін туғалы түзге шықпаған елдегі адам қайдан білсін? Туған жердің қадірін алыс жерге ұзатқан, ұзатқанына әлде талай жыл өткен қыз білмесе, кім білсін? Туған жердің қымбатын ғылым іздеп, шет жайлап, кітап қарап сарылып, көзінің майын тауысқан, көшенің шаңын жұтқан шәкірт білмесе, кім білсін? Туған жердің артығын, жазатайым іс етіп, күштілерге күш етіп, еріксіз елден айрылған, шеттен жәмі бұйырған, жаттан сыйлау көрмеген ер білмесе, кім білсін? Туған жердің асылын қараңғы үйге қамалып, қара нан мен қара шай жүрегін кесіп жатқанда, қазы, қарта, сар қымыз бір-бір ұшып көзінен есіл елін сағынған, бір көруге зар болған тұтқын білмесе, кім білсін? Туған жердің қадірін әлеуметтік ісіне басын байлап жегілген, қағаз кемірген, күйіп-пісіп, көбелек боп, еңбегінің жемісін көрсем деп телмірген, тар көше мен тар үйде бойы бір сергіп көрмеген азамат білмей, кім білсін? (Ж.Аймауытов)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет