2-модуль
6-тақырып. Сөзжасамдық қалып және сөзжасамдық үлгі
Теориялық тапсырма
Сөзжасамдық қалып пен үлгінің анықтамасы. Сөзжасамдық қалып пен үлгінің зерттелуіне шолу. Сөзжасамдық қалыптың ерекшелігі мен сөзжасам процесінің дамуындағы мәні. Сөзжасамдық үлгінің өзіндік ерекшелігі.
Әдебиет
Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. – Алматы, 2002.
Салқынбай А.Б. Қазақ тілі сөзжасамы. - Алматы, 2003.
Құрманәлиев К. Қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұя проблемаларының ғылыми-теориялық негіздері. – Алматы, 2002.
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі.- Алматы: Ғылым, 1989.
Земская Е.А. Современный русский язык. Словообразование. –М., 1973.
Улуханов И.С. Словообразовательная семантика в русском языке. М., -1977.
Практикалық тапсырма
Зат есімді себепші негіздің сөзжасамдық типтерін жазыңыз. Олардың негізгі жақындығы тұлғасында ма, мағынасында ма?
Сөзжасамдық қалыптарға мысалдар келтіре отырып, олардың өзіндік ерекшелігін анықтаңыз.
3. Мәтіндегі туынды сөздердің қандай сөзжасамдық қалып арқылы жасалғанын анықтап, сөзжасамдық үлгілерін көрсетіңіз.
а) Наурыз – бүкіл түркі халқының ұлы мерекесі. Бұл – ұлыстың ұлы күні. Аурызда күн мен түн теңеседі де, маусым көктемге алмасады. Халық бұл күнге алдын-ала дайындалып, ұлан асыр той жасайды. Тойда ән салынып, өлең айтылады, көкпар тартылып, ат шаптырылады.
Ата салтын бабамның
Алып келді ұлыс күн.
Бір анадан туғандай,
Бір ұядан ұшқандай,
Бір аспанның астында
Бір дастархан басында
Береке бірлік болсын деп,
Көпкөжеден дәм татып,
Күшейтейік бірлікті.
Еңбек пенен тірлікті.
Салт- дәстүрмен жараса,
Қайта құрып жаңаша,
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық тамаша!
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Ұлыс тойы басталды.
Наурыз туын көтеріп,
Жар салайық әлемге,
Көрмегендер көріңдер,
Естімегендер естіңдер,
Дабылын оның қағайық,
Шақырамыз бәрінді
Ұлыстың ұлы күніне
Жиналыңдар алаңға,
Кешігіп одан қалмаңдар!
Күміс көмей әншілер,
Құдыретті күйшілер,
Мың бұралған бишілер,
Балтыры жуан палуандар,
Құралайды көзге атқан мергендер,
Күміс көмей, жез таңдай шешендер,
Қара қылды қақ жарған көсемдер,
Он саусағы алтын шеберлер,
Бәрің де сыңға түсіңдер!
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар,
Озып шыққан дүлділге
Үлкен-үлкен сый бар!
ә) Кербұғы бүгін де су ішкен жоқ. Су ішкісі келген, екі езуін мұз моншақ жырымдаған тау бұлағына ерні тисе болды, өне бойы қалтырап, етпетінен түсердей буын-буыны босаңсыған соң, амалсыз кейін шегінеді. Ындыны кебе үш рет ұмтылды, үш рет те осынау халге душар болып, тартынып кетті. Өзегін өкініш жандырып тұрса да, дәт шіркіннің мынау буы бұрқырап сылқ-сылқ күле ағып жатқан аяқ стынждағы суға жетпеуі қалай? Шын қартайғаны осы да... Жо-жоқ, кәріліктің ауылы әлі алыс, Кербұғының базарлы өмірі алда; қазіргі әлсіреуі кәрілікке жеңдіргені емес, ұдайы үш күн күйектен соңғы шаршауында; олай десек, былтыр неге шаршамады. Алдыңғы жылы ғана бір үйірді он күнсіз шашау шығармай, жалғыз өзі жайғаушы еді (О.Бөкей).
Достарыңызбен бөлісу: |