Ќўжаттыѕ аты


Сөзжасам мен атау теориясы



бет21/33
Дата28.09.2022
өлшемі0.55 Mb.
#461549
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33
umkd sozzhasam

7. Сөзжасам мен атау теориясы


Теориялық тапсырма


Ұғым мен ой, атау, таңба арасындағы байланыс. Сөзжасамның объективтілігі мен субьективтілігі туралы. Әлемдік тіл біліміндегі атау теориясы туралы негізгі көзқарастарға шолу. Әл-Фарабидың атау туралы теориясын зерделеу. Атау – таным нәтижесі, болмысты танудың тілдік бейнесі, атаудың мәні дегенді өз білігіңізбен түсіндіріңіз.


Әдебиет

әл-Фараби. Избранные трактаты. –Алматы, 1994.


Бахтин М.М. Эстетика словесного творчества. М., 1986.
Арутюнова Н.Д. Язык и мир человека. М., 1998.
Гак В.К. К типологии лингвистических номинации. М., 1977.
Языковая номинация. Виды наименований. М., 1977.
Колшанский Г.В. Соотношение субъективных и объективных факторов в языке. М., 1975.
Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. – Алматы, “Рауан”, 1998.
Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. – Алматы, 2002.
Салқынбай А.Б. Қазақ тілі сөзжасамы. - Алматы, 2003.
Сулейменова Э.Д. Понятие смысла в современной лингвистике. Алма-Ата, 1989.
Жаналина Л.К. Номинация как форма речевой деятельности. АДД. –Алматы, 1994.
Кубрякова Е.С. Номинативный аспект речевой деятельности. –М., 1986.
Практикалық тапсырма



  1. Әбу Насыр әл-Фарабидың “Наука о языке”, “Логика” т.б. трактаттарының негізінде атау теориясы, сөздің шығуы туралы, атау мен ойдың, ой мен ұғымның арасындағы байланыс туралы ой-тұжырымдарын талдау.

  2. Атау теориясы туралы орыс тіл біліміндегі теорияларды талдау.

  3. Мәтіннен туынды сөздерді анықтап, оларды атау теороия арқылы талдаңыз. Туынды сөздердің атаулық табиғатына көз жеткізіңіз.

а) Саялдық қара бұлттар-ау! Ақбілектің жанын тұншықтырған қара тұман аз болды дедіңдер ме, үстіне мұнша төнгенше, анау асқар таулардың басына төнсеңдерші!
Күздің сарғыш жапырақтары-ау! Кімді әлдилеп, сыбырлап тұрсыңдар? Қалың бұтаның қайғысыз, қамсыз бөденелері-ау! Несіне қара түнді жаңғырықтырып тұрсыңдар? Сұлудың жүрегін жанышқан ауыр шерді сендер сейілтем дейсіңдер ме? Қанатын қаршыға күйретіп қиқайған қостың алдында бір қолымен жер таянып, аспанға қарап отырған сұқсырдың налыған зарын тәңірісіне жеткізем дейсіңдер ме? Бұлттар-ау, серпілмейсіңдер ме?! Жапырақтар-ау, сыбдырлап жерге төгілгенше, шерлі сұлуға сая болсаңдаршы. Ызғырық-ау, ызылдағанша, жапанда жалғыз қалған баланың әкесіне хабар берсеңдерші! (Ж.Аймауытов).
ә) Бұл кезде Жұмағұл Дәркембайларың елу-алпыстай азғана қойын шоқтай иіріп, тірсекке сабап қуып жүр. Іштеріне талай күннен нәр түспеген, бүрсең қойлар қашайын десе де жүгіре алмай, ұйлығып, сығылыса береді. Қойдың жылдам баспағанына зығыры қайнаған Жұмағұл иесінен бастап боқтық астына алады. Артынан еріп келе жатқан жаяу шұбырған Дәркембайларды бірде-бір құлаққа ілмейді.
Қуғыннан, бораннан және бүгін кешкі аш жүрістен әбден титықтаған төрт-бес тоқты омақата жығылып, тұра алмай да қалды. Дәркембай қаны қайнап, Жұмағұлды ұстайын деп ұмтылып еді. Аты жарау, өзі сырқынды Жұмағұл маңайлайтпай жосып жүр. Қойдың бір шетінен екінші шетіне қарай омыраулап кеп тиіскенде, атының тізесімен буаз саулықтарды домалатып та кетеді. Жазықсыз жаулық көрген сорлы мал тілек тілей білсе, бұл түнде мынандай қамалып тұрған қастық ортасында өлімнен басқаны тілеместей.
Жұмағұл Абайды тани берді. Бірақ танысы жаудан бетер боп шықты. Үн қатқанша аял болған жоқ. Абай оң қолындағы қамшысын құлаштап қайырып алып, Жұмағұлды қақбастан тартып-тартып жіберді. Жұмағұл тебініп құтылайын деп еді, шылбырын Абай сол қолына орап апты, тапжылтпады. Екеуінде де үн жоқ. Абай аямастан тағы да батырлатып жөнілді. Қолы қатты. Қамшысы сойылдай боп тиіп барады. Бұл қорлықты көргенше, өліп бағайын дегендей боп, Жұмағұл Абайдың өзіне ұмтыла берді. Бірақ дәл осы кезін баққан Ербол әзір тұр екен. Атын қатты тебініп жіберіп, кимелеп кеп, Жұмағұлды жауырыннан ала түсті (М.Әуезов).
б) Қартқожа қазағын, елін сүйеді. Байын, жауызын емес, бұқарасын, кедейін, жалшысын, жерін, суын сүйеді. Қазақ пен орыс төбелесіп жатса, орыстікі зорлық деп ұққысы келеді. Бірақ орыстан көрген жақсылығын ұмытпайды, орысты бауыр тұтқысы да келеді. Андрей, Полидубтерге қазақтың неше Жайдарқандарын құрбан қылғысы келеді. Қазақ та, орыс та Андрейдің, менің көргенімді көрсе, көзі ашылса, менің жүрегімдей бауырмал жүректері болса, зорлық, қиянат, теңсіздік жоғалар еді-ау деп, бір мезет ойлайды. Бірақ ол мүмкін бе? Барлық адам баласының мінез-құлқын, жүрегін бір қалыпқа соғып шығаруға бола ма?
Күн ыстық. Аспанда ақ сабынның көбігіндей, мамық ақ бұлт жүзеді. Әуе – шыбынның ызыңы, шегірткенің шырылы. Ащы өзеңнің бір мүйісінде ақ борықтай ауыр қотан ақтылы қой жусап жатыр. Біргебай қойшы жиырма шақты саулықты қосақтап қойып, үлкен қара сапты аяғына бор-бор сауып жатыр. Қойдан шетірек шилеуіт арасында “Қояйыншы енді, қашанғы оттай берейін, бәрібір Біргебай мұрнымнан сығып алады…” деген кісіше мойнын салбыратып, құлағын салпитып, шыбындап тұсаулы Сұршолақ тұр.
Қойшы да тұтқыштай қара, жарғақтай ысқаяқ кір тоң дамбалдан басқа лыпа жоқ. Күп-күрең қара қайыс арқасы күнге шағылысып, желінді шеңгелдей ұстап, анда-санда құлаштап бір қойып қалады (Ж.Аймауытов).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет