Ќўжаттыѕ аты



бет19/33
Дата28.09.2022
өлшемі0.55 Mb.
#461549
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33
umkd sozzhasam

Білімдіден шыққан сөз

Білімдіден шыққан сөз


Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге,
Көкірегінде болсын көз.

Жүрегі – айна, көңілі – ояу,


Сөз тыңдамас ол баяу.
Өз өнері тұр таяу,
Ұқпасын ба сөзді тез.

Әбілет басқан елерме,


Сөзге жуық келер ме?
Түзу сөзге сенер ме?
Түзелмесін білген ез?

“Айтшы-айтшылап” жалынар,


Ұққыш жансып шабынар.
Ұқпай жатып жалығар,
Ұйқылы-ояу бойкүйез.

Жас баладай жеңсік қой,


Байлаулы емес ақыл, ой.
Ойлағаны – айт пен той,
Ыржаң-қылжақ ит мінез.

Сұлу қыз бен я батыр


Болмаған соң, тәңірі алғыр,
Шығып кетер, я қалғыр,
Оған ақыл – арам без.


5-тақырып. Сөзжасамдық тізбек, оның мәні


Теориялық тапсырма
Сөзжасамдық тізбек деген не? Оның сөзжасамдық ұядағы маңызы. Қазақ тілінің жалғамалылық қасиеті және сөзжасамдық тізбектің мәні. Сөзжасамдық тізбекке енетін сөздердің уәждеушілік реті мен рөлі. Сөзжасамдық жұп пен сөзжасамдық сатының сөзжасамдық тізбек құраудағы мәні.


Әдебиет

Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. – Алматы, “Рауан”, 1998.


Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. – Алматы, 2002.
Салқынбай А.Б. Қазақ тілі сөзжасамы. - Алматы, 2003.
Құрманәлиев К. Қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұя проблемаларының ғылыми-теориялық негіздері. – Алматы, 2002.
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі.- Алматы: Ғылым, 1989.
Жаналина Л.К. Сопоставительное словообразование русского и казахского языков. – Алматы, 1998.
Есімсейітов Б. Қазақ тіліндегі сөзжасамдық тізбек. АКД, -Алматы, 2002.
Тихонов А.Н. Словобразовательный словарь русского языка. –М., 1990.
Практикалық тапсырма

1. “Ай”, “Ат”, “Ас”, “Ақ”, “Аш” сөздері арқылы жасалған туынды сөздердің сөзжасамдық тізбегін жасаңыз. Оларды сөзжасамдық саты мен сөзжасамдық жұпқа бөліп, мағыналық уәжділігін анықтаңыз.
2. “Білім” туынды сөзінің сөзжасамдық тізбегін құрыңыз. Туынды сөздердің мағыналық құрылымын анықтап, себепші негіз уәждеген сөздердің уәжділік сипатына назар аударыңыз.
3. Мәтіннен туынды сөздерді тауып, олардың мүмкін болатын сөзжасамдық тізбегін көрсетіңіз.
а) Көлемі аз бұлақтың айналасына жиі қонған ауылдардың үйлері де, шұбыртқан малы да, адамдары да кешкі мезгілде ыю-қию араласып жатқан сияқты. Жер ошақтардан шыққан түтіндер де біріне-бірі қосылып ұласып, тұтасқан көкшіл мұнардай тарайды. Үрген иттер, мал қайырған айқайлар, маңыраған қой, қозы шулары араласып жатыр. Кешкі суға келе жатқан қалың жылқының кісіней шапқан дүбірі, шаң-тозаңы болсын немесе оқта-текте азынай кісінеп, үйірін іздеп шапқан, мінуден босаған жас айғырлар дауыстары болсын – барлығы да осы отырған ауылдардың осы кештегі тіршілік тынысын білдірген сияқты. Баланың барынша сағынған көрінісі. Қазір жүрегін аттай тулатып, соншалық қуантып, еркін алған көрінісі. Жүргіншілер бұлақтан дәл қасына ең жақын қонған ауылға келе жатыр. Ортасында бес үлкен ақ үйлер бар, көп үйлі ауыл – Абайдың екі шешесі Ұлжан мен Айғыздың ауылы.
Таң алдында бір ғана сағат мызғығаны болмаса, Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді. Бірақ әлі талған жоқ. Әлі де кітап бетіне үңілуде. Әр алуан тілдерде туған бұл кітаптар бүгін осы жерге оқыс келіп, қызық бас қосқан. Абай жақсы ұғынатын шағатай, түркі кітаптармен қатар, тілін Абай қиналып түсінетін араб, парсы және олардан гөрі де әлі ауырырақ тиетін орыс тіліндегі кітаптар. Абайдың жайшылықтағы оқуынан бүгінгі оқуының мақсаты да басқа. Кітаптан алатын білім нұсқаның бүгін тіршіліктің қолма-қол керегі үшін асығыс қажет болған бір шағы еді. Абай соңғы күндерде, әсіресе осы соңғы түнде өзіне бұрын дағдылы болмаған бір хәлде. Ол бір ескі ғалымдар ма, рауаилар ма солардай бір күйде отыр. Осы жайына өзі таңырқай түсіп, қызығып та қарайды. (М.Әуезов).
ә) Осы үш айтқаныңыздың үшеуіне де дау айтам әке. Өзімдікі дұрыс деп айтам. Ең әуелі, жайдақ суға теңгердіңіз. Қолында құралы бар жалғыз-жарымға ғана пайдасы тиетін шыңыраудағы су болғанша, құралды, құралсыз, кәрі, жасқа түгел пайдасы тиетін жайдақ су болғанды артық санаймын. Екінші ел алатын тәсілді айттыңыз. Ел билейтіндердің мінезін айттыңыз. Менің білуімше, ел бір заманда қой сияқты болған. Бір қора қойды жалғыз қойшы “ай” десе өргізіп, “шайт” десе жусататын болған. бертін келе ел түйе сияқты болды. Алдына тас лақтырып, “шөк” десең, аңырып барып қана бұрылады. Ал, қазіргі ел бұрынғы көрбалалықтан, нашар, момындықтан сейіліп, көзін ашып келеді. Ендігі ел жылқы сияқты болды… (М.Әуезов).
б) Адам ойлы күйде аяңдап барады. Ол күздің тағы да қаншалықты тың дүние тудырып, жер бетіне қандай жаңалықтар әкелетінін, қаншалықты адамды бақыт құндағына бөлеп, қаншалықты адамды жетім-жесір тастайтынын болжағысы келеді. Бірақ ертеңді еске лдау мүмкін емес. Ол тағы да өткенін – ұланғайыр жақсы да, жаман да іс тындырғанын ойлады. “Табиғат жаратқанның құпия сырын ашуға тырысамыз-ау, бірақ бәрібір сол табиғаттың ұлымыз, ырқынан шығып қайда барамаыз. Мен – Адаммын. Бірақ бәрібір ьабиғаттың құлымын. Мен өз анама – өз табиғатыма қол жұмсаған күндерім болды. Қандай кесірлік. Күз – тұман, ызғар, боз құрау, сарғаю, ойлану, күйек, күзем алу, астық ору, қора қамдау, жаңа оқу жылын бастау, соғым сою ғана емес. Күз – Адам жасарады, масайрайды, сосын… сосын сола бастайды.“ – деп түйді Адам. Адам, әне, орындықтағы жап-жас қыз бен жігтке қарады. Қауыша жабысып, мәз болып күліседі. Күздің келіп қалғанын сезбейтін секілді. (О.Бөкей).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет