Ќўжаттыѕ аты


Бас, көз, аш, аң, таң, қас



бет24/33
Дата28.09.2022
өлшемі0.55 Mb.
#461549
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33
umkd sozzhasam

2. Бас, көз, аш, аң, таң, қас сөздері арқылы туынды сөздердің сөзжасамдық ұясын құрап, сөзжасамдық тізбегін көрсетіңіз, уәжделуін пайымджаңыз. Осы сөздер арқылы келген тұрақты тіркестерді тауып, мағыналық даму жүйесін салыстыра отырып, аңғарыңыз.
3. Мәтіндегі туынды сөз бен себепші негіздің мағынасын салыстырып, олардағы ортақ сема мен ерекше семаны салыстыра отырып анықтаңыз.
1. Түйетастың аңғарынан аңырап жел соғып тұр. Атты кісіні аударып түсіретін қызыл еспе -–ерніңді сортаңдатып сорып, кебірсітіп тастайтын қызыл еспе. Екі жағы найзадай шаншылған, тіп-тік жалтыр көк тасты құздың ортасы ашамайланып шыңырау шат боп біткен-ді. Шатқалдың дәл тереңдей жеткен табанында салба-салба самырсындар бар. Самырсындар ақ көбігі аспанға атылған Шарықтыбұлақтың екі жағалауын қуалай өскен. Әлгі аңызақ еспек жел осы ұңғыны өзектей кеп, осынау шаттың бітер аузына кептеле шөгіп қалған қара тасқа бар пәрменімен соғылысатын. Алып қара тастың сыртқы пошымы жампозға тым ұқсас. Сондығы ма, кейінгі кезде Түйетас атанып кетті ғой. Түйетастың құбыласын иектей жұпыны ғана қараша киіз үй тігілген-ді. (О.Бөкей).


2. Өсіп келе жатырсың, келбеті өрен,
Көрініп тұр мақсат тау сен беттеген.
Биігіне шығарсың
Ата-ананың
Беделімен емес, так еңбекпен.

Үмітпенен қарайды ұлына әркім,


Өз басына түскенше ұғынар кім?
Ұлым! Мен де білдірем тілегімді,
Еңбегіне елікте ұлылардың!

Болмасаң да сірә ақын, сірә ғалым,


Тынбай аққан тыңдашы бұлақ әнін.
Өмір жолын оқышы байыппенен
Ибн Сина сияқты ғұламаның.

Ұлы ойшылдар, мықтылар әлемде өткен


Мақсатына жетсе де әрең жеткен,
Адамзатқа лайық жеңіс, табыс,
Айналайын, келеді еңбекпен!

Менің түспей ме жақсы атыма –


Сенің біреу ісіңе тақса кінә,
Адал еңбек арқылы жетсең екен –
Бойыңа шақ ұстаған мақсатыңа!
Өсіп келе жатырсың, келбетті өрен,
Көрініп тұр мақсат тау сен беттеген.
Біздерде жоқ ептілік сенде болмас,
Биіктерге шық, балам, еңбекпенен!
Күләш Ахметова




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет