Ќўжаттыѕ аты


Сын есім, сан есімнің, есімдіктің синтетикалық сөзжасам. Олардың семантикалық қырын ашу. Синтетикалық сөзжасамды мотивациялық, номинациялық аспектіден талдау



бет11/33
Дата28.09.2022
өлшемі0.55 Mb.
#461549
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33
umkd sozzhasam

9. Сын есім, сан есімнің, есімдіктің синтетикалық сөзжасам. Олардың семантикалық қырын ашу. Синтетикалық сөзжасамды мотивациялық, номинациялық аспектіден талдау- ………………………1 сағат.
Жаңа туынды сөз жасау үшін кез келген себепші негізге кез келген сөз тудырушы жұрнақ жалғана алмайды. Себепші негіз мағынасы мен сөз тудырушы жұрнақтың лексика-грамматикалық мағынасы парадигматикалық және синтагматикалық сипаты жағынан бір-бірімен үндесіп, ыңғайласып келуі керек.
Синтетика-семантикалық сөзжасам тәсілі арқылы жасалатын туынды сөздердің мынадай ішкі ерекшеліктері болатыны айқындалды:
бір сөз тудырушы жұрнақ бір семантикалық өрісте жататын бірнеше сөздерге жалғана алады;
1) бір сөз туғызушы тұлғаның жаңадан туғызатын екіншілік мағынасы ұқсас, жақын болады;
2) сөзжасамдық жаңа мағына себепші негіз арқылы айқындала алады;
3) сөзжасамдық мағыналардың ортақ семасы пайда болады, олар бір парадигмалық қатар құрай алады.
Синтетика-семантикалық сөзжасам тәсілі арқылы жасалған атаулардың екіншілік мағынасының қалыптасуында себепші негіздің мағынасы ғана маңызды рөл атқармайды, сондай-ақ, жұрнақтың да өзіндік қосар мағыналық үлесі болады. Себепші негіз де, сөз туғызушы тұлға да екіншілік мағына жасауға толық қатысып, өзіндік семалық мәнін қосады.
10. Етістіктің синтетикалық сөзжасамы. Түбір мен жұрнақтардың сөзжасамдық мағына жасаудағы ролі. Негіздемелік қалыптасу жүйесі. Үстеудің, еліктеу сөздердің синтетикалық сөзжасамы туралы…………1 сағат.
Себепші негізге қимылдық, қозғалыстық мағына қосатын сөзжасамдық тұлғалар:
-та, -те, (-да, -де, ла, -ле); Бұл жұрнақ кез келген себепші негізге жалғана бермейді. Валенттілік ыңғайына қарай дене мүшелері атауларынан кейін (ауызда, қолда, тісте, жұдырықта, аяқта, баста, көзде, уыста, қолтықта т.б.); еңбек, тұрмыстық құралдары атауларынан кейін (балғала, балтала, үтікте, кісенде, оқтаула, қасықта, тізгінде, тырмала, қақпанда, кілтте, құлыпта, т.б.); қимыл-қозғалыс арқылы іске асырылатын зат атауларынан кейін (ұшта, күште, сабында, жүнде, тұзда, мұзда, күнде, т.б); сындық-сапалық мағынадағы атауларға жалғана келе (тазала, кірле, қызылда, ақта, қарала, көкте, әдеміле, сұлула, ажарла, жақсыла, жаманда, т.б.); өлшемдік мәнді атаулардан кейін (таразыла, адымда, тоннала, қарыста, сүйемде, т.б.); еліктеу, бейнелеу мәніндегі атаулардан кейін (жарқылда, жырқылда, тарсылда, ырсылда, тырсылда, суылда, ысылда, мамырла, митыңда, маңқылда, сусылда т.б.); төл атауларынан кейін (ботала, лақта, қозда, төлде, бұзаула, т.б); сандық мәнді атаулардан кейін (екеуле, үшеуле, төртеуле, онда, жүзде, мыңда т.б.) т.б. атауларға жалғанып, әртүрлі парадигмалық қатар құра алады.
Тіліміздегі ең өнімді СТТ қатарына жататын бұл жұрнақтың құрылымдық сипаты туралы кең ғылыми түсінікті ғалым А.Ысқақов морфологиялық аспектіде тәптіштеп жазған еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет