Жазбаша аударма тєжірибесі



Pdf көрінісі
бет3/53
Дата01.02.2022
өлшемі0.54 Mb.
#455027
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
аударма теория

 

§  2.  Мәтіннің  мағыналық  және  тілдік  құрамына  бүтіндей  жол  табу 

коммуникативті  жағдайлардың  экстра-лингвистикалық  факторлардың 

тізімі. 

 

 

Аударманың  жалпы  теориясы  аударманың  сапасының  бағасы  ретінде 

пайда болатын аударма нормалары түсінігін береді. Аударма лингвистикасы 

қатарында  теориялық  және  нормативті  бөлімдері  бар.  Аудармашы  алдымен 

өз  іс-әрекеттерінің  мақсатын  айқындап  осы  мақсатқа  жету  жолдарын  іздеу 

керек.  Бұл  үшін  аудармашы  аударманың  негізі  теориямен,  соныңішінде 

аудармашы  өзі  жұмыс  жасап  отырған  саланы  жетік  білуі  тиіс.  Сондықтан 

нақты мәтін шарттарына сәйкес келетін аударманың қолайлы тәсілін қолдану 

және  аударма  процесінің  нәтижесінде  әсер  ететін  прагматикалық 

факторлардың тізімін табу да аудармашының маңызды жұмыстарының бірі. 

Аударма сапасы аударманың түпнұсқаға мағыналық жақындығы деңгейімен 

беріледі.  Сондықтан  түпнұсқа  мәтіндері  мен  аударманың  жанрлық-

стилистикалық тәуелділікпен және аударма нұсқасын таңдауына әсер ететін 

прагматикалық  факторларымен  беріледі.  Бұл  аспектілер  аудармашының 

стратегиясын  анықтайды.  Аударма  нормасы  бес  түрлі  нормативті  талаптар 

нәтижесінде қалыптасады.  

● аударма баламасының нормалық мөлшері 



 

● аударманың жанрлы(стилистикалық нормалары 



● аударма тілі нормалары 

● аударманың прагматиалық нормалары 

● аударманың конвециалды нормалары 

Аударманың  баламасының  нормалары  құбылмалы  параметр  емес.  Жанрлы 

стилистикалық  нормаларды  мәтін  түрінің  стилистиалық  ерекшеліктеріне 

аударманың  сәйкес  келу  талабы  ретінде  анықтауға  болады.  Бұл  нормалар 

балама  деңгеін  талап  етеді.  Аударма  мәтіні  аударма  тіліндегі  тілдік 

шығармалар.  Ол  үшін  норма  ережелерін  білу  қажет.  Аударманың 

прагматикалық  нормаларын  және  құндылықтарын  қамтамасыз  ететін  талап 

ретінда  анықтауға  болады.  Аударма  актінің  прагматикалық  шарттары 

аударма  нормаларын  сақтаудан  толығымен  бас  тартуға  әкеп  соқтырады. 

Жалпы  айтқанда  түпнұсқа  мазмұнын  түсінік  айтумен,  мәнжазбалармен 

ауыстырады.  Аударманың  конвенциалды  нормалары  қазіргі  жағдайда 

аударманың  түпнұсқаға  жақындығы  талабы  ретінде  қарастыруға  болады. 

Оның  шеберлік  іс  әрекет  ретінде  түпнұсқаның  орын  басу  және  аударманы 

жүзеге  асыру  барысында  түрлі  міндеттерді  орындау.  Аударма  процесінің 

нәтижесі түсініктерінде мына терминдерді қолданылады.  

Адекватты  аудармаға  баламаны  аудару,  дәлме-дәл  аударма  және  еркін 

аударма жатады. 

Адекватты  аударма  –  аударма  сапасы  бағасын  жүзеге  асыратын  жақсы 

аударма. Ол аударма актісінің пранматикалық міндеттерін қамтамасыз етеді.  

Баламалық  аударма  –  басқа  тіл  түпнұсқасының  балмсының  деңгейлерінің 

бірігуінің мазмұнының айтылуы болып табылады.  

Дәлме-дәл  аударма  –  түпнұсқа  мәтінінің  заттық  логикалық  бөлігі  ғана 

айтылады.  Онда  жанрлы  стилистиалық  нормалардың  артта  қалы  әбден 

мүмкін.  Сөзбе-сөз  аудармада  түпнұсқаның  формальді  элементтері  беріледі, 

осының нәтижесінде нормалар бұзылады.  

Еркін аударма кезінде түпнұсқа мазмұны жойылады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет