Жазғы демалыс лагерлерінде дене шынықтыру сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру



бет10/36
Дата02.01.2022
өлшемі1.82 Mb.
#452323
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36
Жазғы демалыс лагерлерінде дене шынықтыру сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру.

2 -бөлім

Түлкі мен Базилио мысық алақ-жұлақ қағып шығады.

-Байқа ешкім көріп қоймады ма? Тықсаңшы, көрсетпе.

-Ой, балалар, сәлеметсіңдер ме? Неткен әдемісіңдер!

-Біз де сендердің араларыңа тұрайықшы.

-Жүр-жүр, тез тығылайық.

Буратино шығады:Ұят болды. Енді қайттім. Сеніп тапсырып еді. «Жас өркен» сауықтыру лагерін ашатын кілтті. Не істесем екен? Балалардан ұят-ай, тосып қалды-ау.

Мальвина,ой, мынау кім жылап тұрған?

-Балалар, сендер білесіңдер ме?

Балалар хормен (Бу-ра-ти-но 3-рет)

-Буратино, саған не болды? Бізге айт, біз саған көмек береміз.

Буратино: жолда түлкі мен мысық алдап, сауықтыру лагерінің кілтін ұрлап алды. Не істеймін?

Мальвина: жылама, Буратино. Балалар,сендер кілт ұстаған түлкі мен мысықты көрдіңдер ме? Кәне,көрсетіңдер?

Екеуі қуалап ұстай алмайды. Түлкі мен мысық өздері әкеліп береді.

Осы кезде бір бала түлкіден кілт жұлып алып, Буратиноға әкеп береді.

-Ой рахмет,балалар. Ал енді ашамыз ба? (1,2,3)

-Ішіне кірейік пе?

-Иәәә!


3 - бөлім
1-жүргізуші: Жарқын жаздай баламыз,

Күлеміз күндей жайдары.

Лагерь, біз саған барамыз,

Құшағыңды жай, қане.


2-жүргізуші:«Жас өркен» сауықтыру лагерінің ашылу салтанатына арналған мерекелік концертімізге хош келдіңіздер!

Қанаттарың талмасын,

Қатарынан қалмасын.

Ұшыра бер биікке,

«Жас өркен»,сен алдасың!

Таңжарықтың орындауындағы әсем әнге құлақ түрелік.



1-жүргізуші:Балақай-ау,жаз келді,

Шақырады тойға елді.

Бізбенен қол ұстасып,

Кел, бірге жүр, билейік.

Надираның әсем биін қабыл алыңыздар.


2-жүргізуші:Бейбітшілік өмірдің

Туы қолда толқыған.

Жадыраған көңілдің

Күйі керней ағылған.

Балғынның орындауында «Ақ көгершін» әні
1-жүргізуші:Сау болсын десең, он екі мүшең,

Ерте тұр,

Құлақ түр,

Тыңда сыр,

Күн нұрын күт.

Таза ауа жұт,

Бойыңа құт.
2-жүргізуші:Аспанымдай мөлдірмін,

Жайлауымдай жазықпын.

Өзенімдей өршілмін,

Гүлдерімдей нәзікпін.

Салтанаттың орындауындағы «Бөбегім» әні. Қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші:Денсаулығың бірінші,

Сол жадыңда жүрсінші.

Екіншісі еркіндік,

Құсымыз самғап желпіндік.





 « Фантазия күні»

Жүргізуші: Мына әсем табиғаттың құшағы,

Қызықтыра мені өзіне баурады.

Тауы асқар,мөлдір оның бұлағы,

Жап-жасыл құраққа толы жағасы.

Халқы бар ынтымақты ұран еткен,

Тәрбиелі, үлгілі ауыл неткен.

Шағын орда, отбасы деп аталады

С ыйластық жақсылықтың дәнін еккен.

Жүргізуші: Армысыздар, ән десе,би десе ішкен асын жерге қоятын өнер сүйер қауым және қадірлі көрермендер! Бүгінгі «Фантазия күні» атты сайысымызға қош келдіңіздер!


Жүргізуші:Армысыңдар ақ арман үміттері,

Қашан көрсең жүретін күліп тегі.

Армысың мереке күн кешіндегі,

Лагердің мақтанар өрендері.


Жүргізуші:Сайыстың жастарына көз тимесін,

Бұл жұптарға ешқашан сөз тимесін,

«Атамекен» әуелетіп ән шырқаса,

«Жас қыран» дөңгелетіп би билесін.

«Ұлытау» да сіздерден қалыспайды,

Білімменен таңдандырып әр қайсысы

Өнерін көрсетуден жалықпайды, – дегендей барлық сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.
Жүргізуші: Құрметті сайысқа қатысушылар, сайысымызды бастамас бұрын сайыстың әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

Әділқазылар алқасы таныстырылады.


Бүгінгі сайыстың шарттарымен таныс болыңыздар:

Таныстыру

Құпия сайыс

Үй тапсырмасы

Шаш үлгісі

Қол өнер

Киім үлгісі.
Жүргізуші: Өнер қуып сайыскерлер өтер дейміз,

Сайыскерлер өнері жетер дейміз.

Сайысқа келген жұптарымыз кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтсе дейміз, – дей келе сайысымыздың 1- бөлімі таныстыруды бастайық.


Жүргізуші:Сайысымыздың 2-бөлімі «Құпия сайыс» деп аталады.
Жүргізуші:Шарықтатып,шырқатып,тамсандырған талайды,

Әуелеген әсем ән көк аспанға тарайды.

Өнерпаз ұрпақ мерейі биіктерге жетелеп,

Қазағымның көгіне бақ боп мәңгі тарайды,- дегендей сайысымыздың келесі бөлімі «Үй тапсырмасына» кезек берейік.




Жүргізуші:Келесі бөлім «Шаш үлгісіне» де кезек келіп жетті.

Жүргізуші:Тындап өскен жасынан дала сырын,

Ізгі жолын жалғаған бабасының.

Өнерді өмірім деп мұрат тұтқан,

Қазақтың шебер қолды баласымын.

Сайысымыздың келесі бөлімі «Қол өнер» сайысына кезек берейік.
Жүргізуші:Ағаш көркі жапырық,

Адам көркі шүберек,-деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Олай болса, сайысымыздың соңғы бөлімі «Киім үлгісін » көрсетуді назарларыңызға ұсынамыз.


Жүргізуші:Қош демейміз әлі талай сайыстар бар,

Өнерлері өрлей берсін,қайыспаңдар.

Ойлы орта кеңейсін күннен -күнге,

Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар.


Жүргізуші:Ал ,халайық ,ықыласпен демейік,

Әділдікпен бағаларын берейік.

Ендігі сөз кезегі әділқазылар алқасында.

Жеңімпаз топ марапатталады.






 Лагерьдегі КТК ойынының сценариі

(Үлгі №1)

Жүргізуші: Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Тәрбиелік пен зеректік,

Жеткізер сіздей өренді,

Жеңістің мынау шыңына,- демекші бүгінгі КТК ойынына қош келдіңіздер.
Жүргізуші: Сайыста жеңіс те бар, жеңіліс бар,

Қуанып, шаттанып, күлу де бар.

Өнерін тамашалап отыр қауым,

Сайыста әділ қазы тағы да бар,- демекші бүгінгі кешіміздің әділ қазыалқасымен таныс болыңыздар







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет