КТК шарттары:
1. Таныстыру
2. Сұрақ – жауап
3. Үй жұмысы
Жүргізуші: Қазекем мақтанады ұрпағымен,
Көрінсін ұландарым бар қырымен.
Танытсын кім екенін мына көпке,
Әрбір топ өздерін көрерменге,- деп топтарды таныстыру кезеңіне шақырамыз.
Жүргізуші: Келесі кезек сұрақ – жауап.
1. Тасбақа неге ақырын жүреді?
2. Күн неге толастамай жауып тұр?
3. Жорғалаушылар неге ұшпайды?
4. «Қыз өссе елдің көркі,
Гүл өссе жердің көркі» - жалғастыр...
Жүргізуші: Өнерлінің өнерін,
Тағы байқап көрейік.
Жүйрік аттай желейік,
Әзілге кезек берейік
Келесі кезекті үй тапсырмасына берейік.
Жүргізуші: Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір – күрес, жеткізе ме мұратың?
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімеңдер,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын,- демекші сайыстың қорытындысын тыңдау үшін сөз әділқазы алқасына беріледі.
Жүргізуші: Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым!-деп, бүгінгі сайысты аяқтаймыз.
Тамашалағандарыңызға рахмет!
«Болашақ,саған қол созам!»КТК ойыны
(Үлгі №2)
( Зал шарлармен, жалаулармен, плакаттармен, КТК тақтасымен безендіріледі)
Жүргізуші: Өмірді шаттандырып, нұрландырған бұл әзіл,
Риза қылып кәрі-жасты бала қылған бұл әзіл.
Келіп тұрған ойыншылары КТК-ның ортамызға,
Сыйласын жақсы көңіл,тәтті ән мен сәтті әзіл.
Жүргізуші:Қайырлы кеш,құрметті оқушылар, көрермендер және кеш қонақтары!Бүгінгі «Болашақ ,саған қол созам!» атты КТК ойынының сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!
(КТК музыкасы ойналады)
Жүргізуші:Сонымен ортаға көңілді тапқырларымызды шақырайық.
«Күлкі қырандары» « Болашақ»
«Қуырдақ» «Смайл»
«Әр түрлі» топтарын қошаметтпен қарсы алыңыздар.
Жүргізуші: Бүгінгі ойыншыларымыздың әзілдерін бағалайтын әділқазылар алқасымен таныс болайық.
Жүргізуші:Мінеки,ойыншылар әділқазылармен таныс болдық.Енді дәстүр бойынша ойынның шартымен таныстырып кетейік.
- Бірінші кезең – топтың таныстыруы 3-5 минут
- Екінші кезең –топ басшылар сайысы «Әзіл соңы әзіл» бұл кезеңде нашар әзіл айтқан топ басшылыры ойыннан шығып отырады
- Үшінші кезең –үй тапсырмасы
Ендеше, бұл әділ де қатал, қазылар алқасына, көрермен қауымға шексіз күлкі, ұтымды әзілдер сыйлауларыңа тілектеспіз.Сіздерге сәттілік!
Ойыншылар: Рахмет
Жүргізуші: Сонымен таныстыру бөлімін бастаймыз. Ортаға ең алғаш рет ойын көрсеткелі отырған «Күлкі қырандары» командасын қошаметтеп ортаға шақырайық.
Топтар кезекпен шығады.
Әділқазылар бағасын береді.
Жү ргізуші:Ойынымыздың келесі кезегі “Әзіл соңы әзіл” топ басшылар сайысы. Ендеше ортаға капитандарды шақырайық.
Әділқазылар бағасын береді.
Жүргізуші: Ойынымыздың соңғы кезеңі үй тапсырмасы. Сайыстың шарты бойынша бұл кезеңде командалар үй тапсырмасын көрсетеді.
Әділқазылар бағасын береді.
Жүргізуші: Мінеки,ойынымыздың соңғы туры осылай аяқталды.Әділқазылар алқасы барлық кезеңдердің қорытынды ұпай сандарын шығарғанша, біз көрермендер сұрағына ұтымды жауап беретін командалардың тапқырлығын көрейік. Ал ең қызықты сұрақ қойған көрерменге сыйлық табыс етіледі.
(көрермендер сұрағына топтар әзілмен жауап береді.)
Жүргізуші:Ойын ойнаған тозар,
Асық ойнаған азар.
Бәрінен де әзіл айтып,
КТК ойнаған озар,-деп әзілдей келе ,ортаға барлық командаларды шақырайық. Келесі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз. ( Әр әділ қазылар ойыншыларға өз пікірлерін, тілектерін айтады)
Жүргізуші:Ендеше ойыншыларымызды көп күттірмей,ойынның барлық қорытынды ұпай сандарын тыңдап,КТК ойындарының үздіктерін анықтауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші: Бүгінгі ойында жеңіске жеткен командаларды құттықтаймыз. Әркез жүздеріңізден күлкі кетпесін, көңілдеріңіз көтеріңкі, өмірлеріңіз шат күлкіге толы болсын,көрермен! Келесі кездескенше сау болыңыздар
Әділ қазылар алқасының ұпай сандары.
ІІ кезең
Капитандар сайысы
ІІІ кезең Музыкалық сайыс
Қорытынды ұпай саны.
1
«Күлкі қырандары»
2
« Болашақ»
3
«Қуырдақ»
4
«Смайл»
5
«Әр түрлі»
Сіздің пікіріңіз:_______________________________________________
_________________________________________________________________ Қорытындысы:
«Бас жүлде».............................................
1 орын.........................................................
2 орын..........................................................
3 орын........................................................
КТК ойынының әділқазылылар алқасының мүшесі:_______________
Достарыңызбен бөлісу: |