Ғалым Ә.Болғанбаев «Қазақ тілінің лексикологиясы» еңбегінде кірме сөздерге қатысты: Қазақ тілінің сөздік құрамындағы кірме сөздер негізінен төрт халықтан келіп енген: 1.араб тілі 2.парсы тілі 3.монғол тілі 4.орыс тілі
А) Араб-парсы тілдерінен енген сөздердің барлығы бірдей қазақ тілінің сөздік қорына жаппай енбегенімен, оның ішінде сөздік қордағы қазақтың төл сөзіндей үзақ өмір сүріп, жаңа сөздер жасауға ұйытқысы болған байырғы жасамыс сөздер көптеп табылады. Мысалы: ас, абырой, ар, дүние, батыр, бақыт, шаруа, қызмет, зат, ақыл, құдай, қуат, дау, хабар, пайда, әйел, қас, баға, әлғ азамат, айуан, дос, т.б
Ә) Монғол тілдерінен енген сөздер. Монғол тілдерінен түркі тілдеріне немесе түркі тілдерінен оларға қандай сөздер ауысқан, қандай себептермен ауысқан деген сұрауға бірден жауап беру өте қиын мәселе. Бұл әлі делелденіп, терең жан-жақты тексеріліп, түпкілікті шешілмеген. Бұл екі халықтың тілдерінде тұлғасы (дыбысталуы) мен мағынасы ұқсасып, тектес әрі мәндес болып келетін сөздер көп-ақ. Мысалы: ноен (ноян), нохор (нөкер), нүүр (нұр), отор (отар), гар (қолдың қары), жил (жыл), жим (жым), (жороо (жорға), завсар (жапсар),т.б сөздер.
Б) Орыс тілінен енген сөздер. Орыс тілінен ауысқан кірме сөздерді екі кезеңге бөліп қараймыз: а) революцияға дейінгі кезең, ә) революциядан кейінгі кезең.
Исламова А.Т «Шетел сөздердің белгілері мен деректері» атты диссертацияның авторефератында шетел сөздердің зерттелу тарихы, шетел сөздердің терминдену үрдісі,өзіндік табиғатына,шетел сөздердің қалыптасуына, тұжырымдамаларына,қазіргі тіл біліміндегі зерттелу аспектілеріне лингвистикалық талдау жүргізуге арналады.Шетел сөздердің негізінде жазылған ғылыми-теориялық еңбектерге сүйене отырып, шетел сөздердің зерттелу тарихын үш сатыға бөлінеді:
Бірінші саты-ХІХ ғ мен ХХғ І жартысы. Бұл дәуірде көбіне «тілдердің араласуы» теориясының арнасында қарастырылған. Өкілдері:Г.Пауль, Э.Сепир, Л.В.Щерба, И.А. Бодуэн де Куртенэ; Екінші сатысы- ХХ ғ 30-70 ж қамтыды.Өкілдері:Л.Блумфильд, У.Вайнрайх, В.Виноградов, А.Суперанская;Үшінші саты-кірме сөздер теориясында бұл бірінші кезекте әлеуметтік-лингвистикалық мәселелерге назар аударудан, шетел элементтерді игеру үрдісін зерттеуді жандандырудан басталады. Өкілдері:Е.Биржаков, Л.Кутина, Л.Войнова, Л.Крысин, Т.Линник, М.Полинская, И.Чернышев.
Достарыңызбен бөлісу: |