Профессор Ф. Ш.Оразбаева өзінің «Қазіргі қазақ тілі» атты еңбегінде:Сөздер зат, құбылысты, олардың белгі-қасиетін, болмаса іс-әрекетін ғана атап білдіріп қоймайды, сонымен бірге адамның сезіміне әсер ететіндей стильдік мәнге ие болады. Адамның сезіміне әсер ететін сөздер тобы экспрессивті-эмоционалды лексика деп аталады. Сөздің экспрессивті сипаты оның бейнелі, мәнерлі айтылуынан, ал эмоционалдығы оған қоса адамның бір затқа, құбылысқа өзіндік көзқарасын, көңіл-күйін, сезімін білдіруінен көрінеді.
Қоңыров.Т. «Тұрақты теңеулер сөздігі» атты окулықта:Келесі топтағы ғалымдар, дәлірек айтқанда, Е.М.Галкина-Федорук, Н.М.Павлова т.б. «экспрессив» терминін «эмоционалды» терминімен бір деңгейде қарайды.
Экспрессия адамның сөйлеу кезінде ғана емес, сонымен бірге ым, дене, бет қимылдары, жұмыс кезіндегі адамның барлық мінезінде пайда болады. Тілде экспрессивті элементтер мен эмоционалды элементтерді айыру, олардың өзара байланысына қарамай, функционалдық мақсатының бөлек болуымен түсіндіріледі. Эмоциялық ой және ерікпен бірге бір қатарда тұрады және олардың тілде қолданылу тәсілдері бар. Экспрессия, экспрессивтілік ойдың және еріктің пайда болуындағы сияқты эмоционалды болып қабылдануы мүмкін.
1.Әкесі:ойбай,ішін кебек тескен,құлағын саясат сарсылтқан көп мылжыңның бірі болып шығасың;және бір жыл істеп «Жигули» алсаң айды аспанға бір-ақ шығарасың.
( “Алаң ”,37-бет)
2.-Мә,саған ұран көтерген....Мә саған қыр көрсеткен.........
( “Алаң”, 40-бет)
Мысалы:
Қорыта айтқанда,Жазушы Д.Досжанның «Алаң» романын талдау барысында 21 эмоционалды-экспрессивті(бейнелі) сөздер теріліп, талдауға түсті.
1.3.Фразеологизмдердің стильдік қызметі
Қазақ тіл білімінде фразеологизмдердің зерттелуі жайлы.
Ғалым Ә.Болғанбаев «Қазақ тілінің лексикологиясы» еңбегінде: Фразеология деген термин негізінен екі түрлі мағынада қолданылады. Бірінші мағынасы тілдегі тиянақты тіркестерді тексеретін тіл білімінің саласы дегенді, екіншісі- бір тілдегі фразеологизм байлығының тұтас жиынтығы дегенді білдіреді. Тілдің лексикасында қаралатын лексикалық бірліктерден басқа тіл бірліктерінің тұрақты сөз тіркестері деп аталатын неғұрлым ерекше түрі қалыптасқан. Бұларды тіл білімінің фразеология саласы зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |