Жазушы Дүкенбай Досжаның «Алаң» шығармасының тілі



бет11/25
Дата13.10.2023
өлшемі0.68 Mb.
#480676
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25
asem

Ғалым Анар Салқынбай өзінің «Қазіргі қазақ тілі» атты еңбегінде:Кез келген дамыған тіл құрамында болатын өзге тілден енген атаулар кірме сөздер деп аталады.Ғалым кірме сөздерді 5 түрге бөліп қарастырды.
  • Парсы тілінен енген сөздер: әбжылан, абырой, аждаһа, азар, арман, ас, айна, алау, астар, әпсана, бақ, бақша, бұлбұл, дастархан, дәстүр, дүре, дүрия, жыңғыл, нашар, т.б.
  • Араб тілінен енген сөздер: адам, адамгершілік, азан, айбат, ақ, әділ, жауап, кәдімгі, дүлдүл, есеп, т.б.
  • Орыс тілінен енген сөздер: кереует, бөтелке, пеш, калош, класс, семинария, парта, училище және т.б.
  • Шетелдік сөздер: поезд, кнопка, сингармонизм, программа, клавиша, курсор,химия, вокзал, велосипед, диплом және т.б.
  • Экзотикалық сөздер: белгілі бір халықтың өзіндік әдет-ғұрпы мен дәстүріне, ұлттық дүниетанымына байланысты ерекше сипатын танытатын атаулар, итальян:синьер, спагетти; жапон:иена, кимано, сакура, сакэ; орыстық:мұжық, рубль, крест, матушка, матрежка.

Жиекбаева А.Б. өзінің «Қазақ тіліндегі араб,парсы сөздерінің терминделуі» еңбегінде: «Қазақ тілі сөздік қоры әдеби тілінің тілдік қабаттарының бірі болып саналатын араб және парсы кірме сөздері қазақ тілші-ғалымдарының назарында болып келеді,олар біршама зерттеу жұмыстарында әр қырынан қарастырылып, зерттеліп жүр. Бұл тұрғыдан келгенде академик Р.Сыздық, Л.Рүстемов, Ж.Оңдасынов сынды ғалымдардың сүбелі еңбектерін еске алуға болады.
МЫСАЛЫ
1.Көз алдыма елестетсем, үшінші қабаттағы төрт бөлмелі үй,түстікке шығатын жарық балкон абайламай жүрсең мойныңды үзіп алардай құлама,айналма басқыш-маған бұйырған мекен жай осы.
(“Алаң ”, 4-бет)
2.Кейінше Лариса Богораз дарынды журналист Анатолий Марченкоға күйеуге шықты. (“Алаң ”, 6-бет)
Қорыта айтқанда,Дүкенбай Досжанның «Алаң» романын талдау барысында 19 кірме сөздер теріліп, талдауға түсті. Олардың әрқайсысының мағынасы ашылып, стильдік қабаттарға бөлінді. Соның ішінде 17-і орыс тілінен енген сөздер,2-і араб тілінен енген сөздер.
Эмоционалды–экспрессивті(бейнелі) сөздер.
Ғалым Ә.Болғанбаев өзінің «Қазақ тілінің лексикологиясы» атты еңбегінде тілімідегі сөздер табиғатына қарай алуан түрлі болады.Белгілі бір сөздің тобы нені болса да жай атаса,екінші біреулерінің сондай қызметінің үстіне ан алуан стильдік мәні ме бейнелі мағынасы болады.Осындай сезімге түрлі-түрлі әсер ететін сөздердің тобын бейнелі сөздер немесе эмоционалды-экспрессивті сөздер деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет