Жазушы Дүкенбай Досжаның «Алаң» шығармасының тілі


Тілші – ғалым Әдішева Айман Өмірзаққызы 2002 жылы



бет8/25
Дата13.10.2023
өлшемі0.68 Mb.
#480676
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25
asem

Тілші – ғалым Әдішева Айман Өмірзаққызы 2002 жылы қорғаған “Қазақ тіліндегі гомогенді омонимдердің әдеби – диалектілік варианттары (этнолингвистикалық зерттеу)” атты кандидаттық диссертациясында гомогенді омонимдерді зерттей отырып, танып – білудің әдіс – тәсілдерін ұсынады.
1. Визуальді (көрнекілік) таным. Гомогенді омонимдердің мағыналық қатарына жататын ұғым – түсініктердің материалдық негізін құраушы заттар мен құбылыстар арасында көзге көрінетін, көңілмен түсінетін бір ұқсастық, ортақ қасиет болуы шарт.
2. Этимологиялық таным. Сөздердің о бастағы негізгі мағынасы мен одан туындап, даму барысында ұмыт болған омонимдік мағыналарының ортақтығын дәлелдеудің бірден – бір ғылыми жолы – этимология. Гомоомоним табиғатын тануда да, міне, осы таным тұрақты түрде сақталуы тиіс.
3. Логикалық таным. Ой, түсінік, ұғым сияқты абстракты құбылыстар адамның жан дүниесіне тән зиялы (интеллекті) қасиеттері болып саналады және олар тіл әлемінде семасиология құзырына жатады.
4. Этнолингвистикалық таным. Тіл фактілерін біз сол тілді дүниеге келтіріп, сол тілде сөйлеп, жан сырын, тән сезімін паш етіп келе жатқан, бүкіл рухани – материалдық болмысын сол тілмен баяндап, танытып, сол тіл арқылы келесі ұрпаққа мұра етіп қалдырып келе жатқан этностың, қазақ этносының өз әлемімен байланысын.
Зерттеуші-ғалым Құрманалиева Ақмарал Мейірханқызы өзінің «Қазақ тіліндегі гомогенді омонимдердің табиғаты» атты кандидаттық диссертациясында гомогенді омонимдердің түрлеріне, ерекшеліктеріне, жасалу жолдарына біршама тоқталып кетеді.
«Бүкіл адамзаттың сана-сезімі мен ой-өрісінің дамуы мен өзін қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды бір-бірімен салыстыру, ұқсастыру және олардың түрлі-түрлі ерекшеліктерін танып-білу арқылы жүзеге асқаны мәлім. Сондықтан, қоршаған ортаны терең тануымыз адамның ойын жеткізуші құрал болып табылатын – тілге де өзінің әсерін тигізіп, ондағы сөздердің мағыналық дамуына ықпал берген бірден-бір себеп деп айтуымызға негіз бар. Және бір-бірімен сабақтасып жатқан екі құбылыс тіліміздегі гомогенді омонимдерден көрініс алған деген пікірдеміз.
Тілші, лексиколог ғалым Айғабылұлы Айтбай Қазақ тілінің лексикологиясы”еңбегінде: Омоним өз ішінде толық (лексикалық), жартылай (лексика-граммтикалық) аралас омонимдер болып үшке бөлінеді.
  • Толық омонимдер деп бір сөз табына тән және бірдей түрленетін, дыбысталуы бірдей сөздер айтылады.
  • Жартылай омонимдер деп дыбысталуы бірдей болғанымен, әр түрлі сөз табына қатысты болып, түрленгенде әрқайсысы өзгеше формаға ие болатын сөздер айтылады.
  • Аралас омонимдер деп кемінде үш сөздің дыбысталуы бірдей, болып, өзара толық және жартылай омонимдер түрінде келетін сөздерді айтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет