Жазушы Дүкенбай Досжаның «Алаң» шығармасының тілі


Бастығы, жоғарғы лауазым иесі-



бет7/25
Дата13.10.2023
өлшемі0.68 Mb.
#480676
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25
asem

Бастығы, жоғарғы лауазым иесі-Ұйымдастырушылық қызмет атқаратын ресми адам. [ҚТСС, 127-бет ]
  • Екі ауыз сөзге келтірмей құлашыңды созып сабап аласың,кекетіп,мұқатып: «ұсқыныңа болайын» ,«үкіметті құлататын сенбе», «милиционерді таяқпен ұрған қандай болады екен», «бұл күндегі құдайың қызыл жағалы» де-е-е-п тұрып қалшылдап төбеден төнгенде......

  • (“Алаң ”, 47-бет)
    Мұқату,кеміту,кекеу-Біреудің кем-кетік кемшілігін айтып сөгу,мінін бетіне басу.
    [ҚТСС, 404-бет ]

    Омонимдер
    Ғалым Ә.Болғанбаев «Қазақ тілінің лексикологиясы» атты еңбегінде:
    Қазақ тіліндегі омонимдердің жасалуының әлденеше амал-тәсілдері бар, солардың ішіндегі негізгі жолдары мыналар:
    • Тілдегі көп мағыналы сөздердің есебінен сөздің семантикалық жақтан дамуы арқылы келіп шыққан омонимдер.
    • Сөздер сан түрлі фонетикалық өзгерістерге ұшырап, дыбыстардың құрамы жағынан кірігуі арқылы жасалған омонимдер.
    • Аффикстер жалғану арқылы жасалған туынды омонимдер.
    • Өзге тілдерден ауысқан сөздердің қазақтың төл сөздерімен дыбысталуы бірдей болуының нәтижесінде пайда болған омонимдер.

    Филология ғылымдарының кандидаты Құрманалиева Ақмарал Мейірханқызы «Қазақ тіліндегі гомогенді омонимдердің табиғаты » атты еңбегінде: «Қазақ тіліндегі гомогенді омонимдердің пайда болуы о бастағы бір сөздің мағына жағынан іштей жіктеліп, екі түрлі мағыналық бірлікке айналуы, яғни омонимдік дәрежеге көтерілуін өте күрделі деген сөз».
    Гомогенді омонимдердің туындауына әсер берген мотивтер:
    • Заттар мен құбылыстардың сыртқы тұлғаларындағы ұқсастық тірек болған гомогенді омонимдер.
    • Заттар мен құбылыстардың орналасуындағы ерекшеліктеріне байланысты пайда болған гомогенді омонимдер.
    • Заттар мен құбылыстардың түр-түсіне негізделген гомогенді омонимдер.
    • Заттар мен құбылыстардың дыбыстары негізінде пайда болған гомогенді омонимдер.
    • Заттардың санына байланысты қалыптасқан гомогенді омонимдер.
    • Заттар мен құбылыстардың қимыл ұқсастығы негізінде пайда болған гомогенді омонимдер.
    • Заттар мен құбылыстардың адамға тигізетін әсерлері немесе олардың ішкі қасиеттеріне негізделген гомогенді омонимдер.

    • Қазақ тіліндегі этимологиялық негізде мотивтері анықталған гомогенді омонимдер деп көрсеткен.



    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет