Жазушы Дүкенбай Досжаның «Алаң» шығармасының тілі


Мысалы 1.Қараңызшы: отызға жетер-жетпес



бет5/25
Дата13.10.2023
өлшемі0.68 Mb.
#480676
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
asem

Мысалы
1.Қараңызшы: отызға жетер-жетпес жасымда теориялық физиканың ең бір білгірі ретінде атомның теріс, оң тебуінің күшін ашатын тәжірибелер жасадым .
(“Алаң ”, 3-бет)
Жетер-жетпес - Толар-толмас, шамалас,жуықтағанда,жақындағанда.
[ҚТТС.300-бет]
2. Өлейік, тірілейік қарулану бәсекесінен қалмауымыз керек, тепе-теңдікті сақтап өлеміз, қарсыласты тек қана атом бомбасымен қорқытып ұстау қажет деген ойдың жетегінде жүрдім. (“Алаң ”, 8-бет)
Өл-жүректің соғуы тоқталып,өмірі таусылу;қаза болу.
[ҚТТС.651-бет]
Тірі -Жаны бар,өлмеген. [ҚТТС.847-бет]
Қорыта айтқанда, Д. Досжан “ Алаң” романы тілін талдау барысында 36 антоним сөздер теріліп, сөздік бойынша мағыналары ашылып, стильдік қабаттарға бөлінді. Соның ішінде 8-і сын есімге тән антонимдер, 8-і етістікке тән антонимдер, 15-і зат есімге тән антонимдер, 5-і үстеуге тән антонимдер.

Синонимдер

  • Қазақ тіл білімінде синонимдерді алғаш жүйелі түрде зерттеген лексиколог ғалым Ә.Болғанбаев «Қазақ тілінің лексикологиясы» оқулығында синонимдерге мынадай анықтама берген: «Синонимдер дегеніміз сөздердің жалпы мағыналық бірлестігіне қарай топтастырылып, бір ғана ақиқат шындықты көрсетіп, бір ғана ұғымды білдіріп, дыбысталуы әр басқа болғанымен, мағынасы жақын сөздер».

Зерттеуші-ғалымдар Ғ.Қалиев пен Ә.Болғанбаев“Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы”атты еңбегінде синонимдер жайлы мынадай тұжырым жасайды: «Синонимдер кез-келген тілдің байлығы мен оралымдығын көрсететін сөздік құрамның құнарлы да мәнді бір саласы. Олар тілдің кемеліне келіп, қаншалықты жетілгендігін, оның образдылығы мен дамығандығын көрсететін көрсеткіш деп есептеледі. Адамның ойлаған ойын, көңіл күйі мен көзқарасын нақты әрі көркем түрде жеткізу үшін синонимдер айрықша қызмет атқарады».
Ғалым Ә.Болғанбаев «Қазақ тілінің лексикологиясы» еңбегінде: Қазақ тілінде омонимдік қатарға енген сөздің саны не бары 4-5-тен аспайды. Ал синонимдік қатардағы сөздердің саны кейде 40-тан да асып жығылады. Синонимдер мынадай белгілеріне қарай топтастырылады:
  • Сөздің дыбысталуында аз да болса, тұлғалық өзгешелігі болуы қажет.
  • Сөздер бір ғана ұғымды білдіруі керек.
  • Сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуға тиіс.

  • Бұл 3 белгі - сөздерді синоним деп танудағы басты шарт, яғни дыбысталуы әр басқа болғанымен, мағынасы жақын сөздер синонимдер делінеді. Сөз мағынасының жақындығы деген де тым кең ұғым, мәселен, той – мейрам – мереке – думан - тамаша дегендер адам баласының қуанышты, қызықты күндерін білдіреді. Бұларды іштей “жалпы халықтық қуанышты күндер” (мейрам-мереке) және “жеке отбасының немесе бір ауылдың қуанышты күндері”(думан-тамаша) деп екі топқа бөлуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет