Тіккізсең, шамаң келеді ғой! – деп: «Саған арам болар» деген кісіше, Шәмши қасын керіп, төменгі ернін бұлтың еткізді.
Несі бар, «Ердің құны, нардың пұлы» деймісің? – деп Шекердің де жыны ұстап, бастырмалатып шығып кетті (Ж.Аймауытұлы, Шығ.).
Кейде ол шартты рай тұлғалы етістік мезгіл бағыныңқы сөйлемнің немесе да, де шылауымен тіркесіп қарсылықты бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы қызметінде жұмсалады. Мысалы: Маған салсаң, қашан алып кетем десең де, өз еркің («Дама в шоколаде»).
Сондай-ақ шартты райлы етістік тілек, арман, мақсат сияқты модальділік мәнді білдіріп, сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады. Мысалы: Жақсы. Сені бұл жерден шығарып алсам ғой («Дама в шоколаде»). Сен бақытты болсаң болды, сенің жолыңда жаным садаға! У-шу болып, ығырым шығып кеткен соң осы жерге келіп, біраз демалайын деп едім. Қарасам, отыр екен («Дама в шоколаде»). Сондай-ақ -са/-се тұлғасына –шы/-ші қосымшасы үстеліп, 3-жақта жіктеліп, тиянақты тұлға ретінде қолданылады, екінші жақта кейде -ң жіктік жалғауының орнына -й тұлғасы айтылады. Мысалы: Ал сен дұрыстап жауап бер. Бұл жерде не істеп отырсыңдар? Айтсаңшы («Дама в шоколаде»).
Бұйрық рай сөйлеушінің тыңдаушыға немесе тыңдаушы арқылы бөгде біреуге (3-жаққа) қарастырылып, бұйрық, сұрай алатын, өзіне (1-жаққа) байланысты қимылға, іс-әрекетке қозғау салу, ниет мәнін білдіріп, белгілі қосымшалар жүйесі арқылы берілетін рай түрі болып табылады. Бұйрық райдың басты мәні – бұйрықтық мағына. Бұйрықтық мағына негізінен алғанда 2-жаққа байланысты болып отырады [77, 513-б.]. Бұйрық рай тұлғасы морфологиялық жолмен берілетін рай концептінің мазмұнындағы шындықпен сәйкес келмеу сипатын актив қолданысқа түсіреді. Бұл орайда бұйрық рай тұлғасы нақты морфологиялық мән түзе алмайды. Ол үшін сөйлем бұйрық мәнде жұмсалуы керек. Мысалы: Төрден босағаға дейін үй лық толып, түндік қайқита тартылып, көздер оңды терісті құйрықтасып, еріндер қыбырласып басылған кезде:
– Кәне! Не отырыс? Ойын бастаңдар! – деген қадау-қадау сөздер шыға бастады.
ойнағалы келді ғой жұрт... Пәленше, сен неғып отырсың?.. – деп біріне-бірі сілтеп, тоғытатын қойдай ұйлығып, шегіншектей берді (Ж.Аймауытұлы, Шығ.).
Бұйыру мәні негізінен алғанда, 2-жаққа қатысты болады: Осы жерде күте тұр. Қазір келем («Дама в шоколаде»). Бері келші. Отыр. Тыңдашы. Меніңше, ол алдап отырмаған сияқты («Дама в шоколаде»). 3-жақта бұйрықтық мағына солғындап, тілек (бұйрық пен тілек), өтініш (бұйрық пен өтініш) мәні байқалады: Асусена, қызым, бері келші. Қандай сұлу екеніңді елдің бәрі көрсінші («Дама в шоколаде»). Бағың ашылсын, қызым. Құдайдың өзі қолдасын («Дама в шоколаде»). 1-жақта бұйрықтық мағынадан гөрі ниет, тілек мәні басым болады: Кешіріңдер, кешіріңдер. Иә, шынында да. Тек қуанышты нәрселерді ғана айтайықшы («Дама в шоколаде»). Суға түсіп келейін. Тез келем («Дама в шоколаде»). Қара құрымыңды адыра қалдырайын! Күңдіктен, қорлықтан құтылайын! Басыма теңдік алайын! Кел, қазақтың күң қыздары! Қол ұстасып, бостандық тұрмысқа жетейік (Ж.Аймауытұлы, Шығ.).
Ахмет. Біз үшін ашулансаңыз, біз кетейік!...
Арсақай. Иә. Біз кетейік, жарықтығым! (Ж.Аймауытұлы, Шығ.).
Бұйрық рай тұлғасының бұйрық мәнді білдіруі үшін синтаксистік фактордың орны ерекше. Сол арқылы модальділік негізгі концептінің мазмұнында ерік сипаты түзіледі. Сонымен қатар мұнда семантикалық фактор да елеулі орын алады. Себебі етістіктің бұйрық мәнде қолданылуы етістіктің мағынасына тікелей байланысты. Кез келген етістік бұйрық мәнде жұмсала бермейді. Акционалды мәнді етістіктер ғана бұйрық мәнінде қолданыла алады. Мысалы: Әбіш. Ел бермесін, байлар берсін! Ел берсін десеңіз, мына отырған байлар кедейлерге шығын қып салады. Қолымызға мылтық берсеңіз, атты кімнен алуды өзіміз білеміз. Қане, жазыңыз мені! (Ж.Аймауытұлы, Шығ.).
Әбіш. Сен өзің сөйле!
Қорабай. Қой, ойбай, түк білмеймін, не сөйлеймін?
Әбіш. Болмайды... сөйлейсің! Аузыңа Құдай нені салса, соны айт!
Қорабай. Міне, қызық!... Таянып қалды ғой. Мен енді әкеле берейін.
Әбіш. Бар жылдам (Ж.Аймауытұлы, Шығ.).
Модальділік негізгі концепті, морфологиялық жолмен берілетін рай концептінің шындықпен сәйкес келмеу мәні мен ерік сипаты тоғысып, іс-әрекетке түрткі болу, қозғау салу мәнін түзеді. Ол мәнмәтін арқылы нақтыланып отырады. Іске қозғау салу, түрткі болу мәні сөйлем-сөйлесімдегі өтініш, тілек, рұқсат, тыйым салу т.с.с. түрінде көрінуі мүмкін. Сол арқылы төмендегі мәндер түзіледі:
Достарыңызбен бөлісу: |