Жұбаева О. ҚАзақ тілінің когнитивті грамматикасы


Іс-әрекетті орындауды бұйыру



бет30/85
Дата23.06.2022
өлшемі1.82 Mb.
#459438
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   85
Жұбаева монография

Іс-әрекетті орындауды бұйыру: Ауыздарына тас салған адамша үндемей, өздерінше сыпайы болғаны ғой. Оларды түртіп, әңгіме қозғап отыратын Құлтума қайбір шешен кісі: «Мал-жандарыңыз аманбадан» кейін, сөзі таусылып қолы ышқырға таман сырғып, сипалап жантаюға айналған соң Шекер арт жағынан бірдеңе алып жатып:
Сен ненің көркіне отырсың? Барып малыңды сой! – деді. (Ж.Аймауытұлы, Шығ.).
Жаңабай еңгезердей мосқал кісі. Кешкі етін жеп болған соң:
Қали, тұр! Аттарыңды қара! Ғазиз, сен арбаңды әзірле. Күн шыға көшпей болмайды, – деді түксиіп (Ж.Аймауытұлы, Шығ.).
Іс-әрекетті орындауға рұқсат беру: Мына жаман күпі, жаман тымақпен жүріп «нашалдік бола алмаспыз» деп алудан ойы бар тағы бір сұм жігіт:
Пара берген кісіні қайтеміз? – деп сұрады.
Пара берушіні бұртекелдеп, мілетсемен арыстауыт етіп, мұнда жіберіңдер! – деді «болдомошын». Сұраушы жігіт: «дұрыс» деді де:
Берген парасын қайда жібереміз? – деп тағы сұрады (Ж.Аймауытұлы, Шығ.).
Іс-әрекетке тыйым салу: Саған сөз қалған жоқ, қыстырылма! (Ж.Аймауытұлы, Шығ.).
Күнікей іңірде бір рет тысқа шыққанда, үй жанында Мұсатай ұстап алып, баяғы «Қара тауын» тағы қозғап еді:
Тәтті аузыңның дәмін кетірме, – деп, Күнікей оған да болмады (Ж.Аймауытұлы, Шығ.).

  • Жыламашы, қызым, жылама. Бояуың ағып кетеді («Дама в шоколаде»).

Ұрсу, зеку: - Жаңа келіп отырмын, мен нені білемін? – деп жалынып еді.
- Былшылдама, барасың!деп шабарман кетіп қалды (Ж.Аймауытұлы, Шығ.).
Тілек: Бәден жеңгесі жер ошақта сүт пісіріп жатыр екен.
- Пісірер көбейсін! – деп, Байман қасына жанап өтіп, үйіне таман барды (Ж.Аймауытұлы, Шығ.). Ана жақтағы Қара бәйбішенің жарлығымен Қатыш деген қатын омыраулап, күйеу, қалыңдықтың алдына келіп отырып, екеуінің оң қолдарын екі қолымен ұстап:
- Кәне, шырақтарым, ата-ененің жоралғысы... бір-біріңе жібектей жұмсақ, балдай тәтті боп өмір сүріңдер! Өмір жастарың ұзақ, үбірлі-шүбірлі болыңдар! – деп, күйеудің жібек орамалымен ұстаған қолын қалыңдықтың қолына айқастырды да, жібек орамалды қалтасынан алды (Ж.Аймауытұлы, Шығ.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет