Қалау рай. Тілек, қалау мәніне шартты рай тұлғалы етістік негіз болады. Қалау рай – сөйлеушінің қимыл іс-әрекетті орындауға я орындамауға қалау, тілек, ниет, ынтасын білдіріп, белгілі жолдармен жасалатын рай категориясының бір түрі. Қалау рай бірнеше жолмен жасалады: негізгі етістіктерге -ғы/-гі, -қы/-кі қосымшалары жалғанып тәуелденіп барып (тәуелдік жалғауы арқылы жіктеліп, яғни жақтық, жекешелік-көптік мән үстеліп), оған кел (келді, келеді) көмекші етістігі тіркесіп жасалады [34, 198-б.]. Бұл тұлға рай концептінің мазмұнындағы ақиқат шындықпен сәйкес келмеу сипатын күшейтеді. Морфологиялық концептінің жиі қолданылуы нәтижесінде модальділік негізгі концепті актив қолданылып, төмендегі мәндер түзіледі:
Бұйыру: – Ендеше, төңкерістен бері не жазып жүрсіңдер? Әуелі маған соны айтсаң екен (Ж.Аймауытұлы, Шығ.). Баласы айтты: – Мейірбан мағшық анам, Көрінбейді көзіме ешбір адам. Мені жерге қаратпай, ризалық бер, Жан барында әкемді ізлеп табам (Мәшһүр-Жүсіп, Шығ.).
Оған қосымша лингвистикалық факторлар (синтаксистік, мәнмәтін) ықпал етіп, жалпы морфологиялық мәнді нақтылайды. Мұнда әсіресе синтаксистік фактор елеулі орын алады. Мысалы: Үйретті күйеуіне тәжімдерді, Келінге: «Сәлем ет!» – деп, бағындырды. Келін мен күйеуге май құйдырып, «От ана, жарылқа!» – деп, табындырды (Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Шығ.).
Е.Жанпейісов модальділік реңктері етістіктің райлары, интонация, қыстырма сөздер, модаль сөздер және демеулік шылаулар (ғой, -ау, -ақ, -мыс), синтаксистік құрылымдармен де берілетінін айтады: Атқа мінгелі қай заман (Ғ.Мүсірепов). Қашан, қандай, қайда сөздері, қай заман сөз тіркесі модальдік мағынаға тек қана өзінің сөйлемдегі орнына байланысты ие болмайды, мұнда интонацияның да көмегі орасан [140, 41-б.]. Мәнмәтін факторы да қосымша лингвистикалық фактор ретінде қызмет атқарады: Уай, дүние шіркін-ай! Анау қара ат, торы ат, құла бие, жирен бие, әне бір құла биелерге Шекер де, Күнікей де мінер ме еді! (Ж.Аймауытұлы, Шығ.).
Қ.Кемеңгерұлы еңбегінде қалау райдың мағыналық реңктері былайша берілген:
Қалау райдың мағыналық реңктері
Желательное наклонение
|
а) свободное и решительное намерение с желанием осуществить его
|
Мұнан шығайын – выйду из этого (отсюда)
|
|
б) обещание с свободным расположением исполнить
|
Жазайын – да я напишу
|
|
в) (во множественном числе) приглашение к действию
|
Сөйлесейік – (давайте) поговорим
|
В отрицательной форме
|
Опасение и предположение
|
Тоңып қалмайын – как бы мне не замерзнуть
|
В вопросительной форме
|
а) размышление и колебание
|
Барайын ба? – да пойду ли я? (итти ли мне)
|
|
б) угрозу, гнев
|
Көзіңді шығарайын ба? – не выколить ли тебе глаза
|
Модальділік категориясы басқа өрістермен, мысалы, темпоралдылық, аспектуалдылық т.б. категорияларымен өзара астастықта беріледі. Аспектуалды-темпоралдылық арақатынастар сөйленімнің модальдік мағыналарын ажыратудың негізі болып табылады. А.В.Бондарко темпоралдылық пен модальділік категориясының арақатынасын былай түсіндіреді: «Если говорить об иерархии темпоральности и модальности, то на первое место должна быть выдвинута модальность (объективная). Как неоднократно отмечалось лингвистами разных направлений, модальность создает условия для той или иной реализации темпоральных отношений. Индикативная модальность с основным значением реальности определяет свободную реализацию разнообразных темпоральных отношений и наиболее полное проявление их грамматикализации в системе форм времени. Модальность ирреальности сужает темпоральную перспективу (например, волеизъявление связано со сферой будущего) и ограничивает или устраняет грамматикализацию временной отнесенности» [100, 475-б.]. Түркі тілдерінде етістіктің шақ және рай категорияларының синкреттілігі бұл тұлғалар қатысқан сөйленімдердің мағынасы аспектуалдылық категориясымен бірлікте модальді-темпоралды жағдаяттардың бірлестігі ретінде көрінеді. Зерттеушілердің барлығы дерлік райды «сөйлеушінің қимыл, іс-әрекетке көзқарасын, қимылдың, іс-әрекеттің шындыққа, болмысқа қатысын, модальдық мәнін білдіріп, белгілі парадигмалық тұлғалар жүйесінен тұратын етістіктің грамматикалық категориясы», – деп түсіндіреді [77, 192-б.].
Рай концептінің мазмұнын құраушы мәндер мен рай көрсеткіштерінің арасында «фон-фигура» қатынасына негізделген репрезентация орын алады. Морфологиялық репрезентацияда рай көрсеткіштері морфологиялық жолмен берілетін рай концептінің «шынайы болмыспен сәйкес келу», «шынайы болмыспен сәйкес келмеу» сияқты сипаттарын актуалдандырады. Соның нәтижесінде «ақиқат болмыспен сәйкес келу», «ақиқат болмыспен сәйкес келмеу» сияқты жалпы сипатты, сөйлем-сөйлесім деңгейінде әрі қарай нақтылауды керек ететін морфологиялық тұлғалар қалыптасады. Олар қосымша лингвистикалық факторлардың (синтаксистік, мәнмәтін, семантикалық) көмегімен әрі қарай нақтылана түседі. Сол арқылы рай категориясы жиі қолданылуының нәтижесінде модальділік негізгі концептінің мазмұны белгілі бір сипаттарға ие болып, олар морфологиялық жолмен берілетін концепт сипатымен тоғыса отырып, концептуалды мазмұн құрайды, сол арқылы түрлі лексика-грамматикалық мәндер түзіледі.
Сонымен, рай концептінің ақиқат шындықпен сәйкес келмеу мәні мен модальділік негізгі концептінің қажеттілік, қалау, мүмкіндік мәні синтаксистік және мәнмәтін факторларының көмегімен концептуалды мазмұн құрап, қажетті, қалайтын, мүмкін іс-әрекет грамматикалық мәнін түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: |