Жедел ларингит көмей шырышты қабығының қабынуы


Кіші қанайналым шеңберінің қан аздығымен сипатталатын ТБЖА



бет10/11
Дата18.08.2023
өлшемі56.7 Kb.
#476124
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Тыныс алу ағзалары және Жүрек қан тамыр жүйесі аурулары

5.4.4. Кіші қанайналым шеңберінің қан аздығымен сипатталатын ТБЖА
Кіші қанайналым шеңберінің қанға кедейлігі оң қарыншадан шығатын қан жолында бөгеттің болуымен сипатталады. Қанның өкпеге аз келуі оның өкпе ішінде өттегін қосып алуын азайтады, сондықтан тіндер мен ағзаларға баратын қанда оттегі жетіспеушілігі орын алады. Ауру балаларда ентігу және көгеру байқалады. Ми тінінің оттегі жетіспеуіне сезімталдығы ауру баланың талып қалуына, ентігудің және көгерудің күшеюіне, ақыл-ойы нашарлауға әкеліп соқтырады.
Өкпе артериясының оқшауланып тарылуы. Артерия қақпағы уақытында үшке бөлінбей қалуы туған соң тамыр саңылауының тарылуына соқтырады, қан кіші шенберге аз келуіне және оң қарынша жұмысына ауртпалық түсуіне душар етеді.
Клиникалық көріністері: ентігу, көгеру, жүрек көлемінің ені кеңейюі жатады. Сол жақтан 2-3 қабырға арасында қатты естілетін систолалық шу пайда болады, өкпе артериясы түсында жақсы естілетін І тон әлсірейді. Жүрек ұшында естілетін І тон күшейеді.
Фалло ауруы. Көгеруменен сырттай белгілі болатын ақаулар ішінде ең жиі кездесетін түрі. Көп тарағандары:

  1. Фалло тетрадасы - өкпе артериясының тарылуы, жоғары орналасқан қарыншааралық перденің кемістігі, қолқаның оңға орын алмастыруы (транспозициясы), оң қарыншаның орын алмастыруы (транспозициясы)

  2. Осы төрт ақауға жүрекше аралығының кемістігі қосылса - ауруды Фалло пентадасы дейді

  3. Егерде Фалло тетрадасында жүрек қарынша аралығының кемістігі болмаса - Фалло триадасы деп атайды.

Кіші қанайналым шеңберіне қан аз көлемде түседі. Үлкен қанайналым шеңберіне қарынша аралық қабырға «үстінде отырған» қолқа арқылы сол қарыншадан артериялық қан және оң қарыншасынан көк тамырлық қан араласып түседі. Өкпе артериясының тарылуына және аортаның жоғары қысымына байланысты оң қарынша үлкейе бастайды.
Баланың табиғи дамуы төмендейді, ентігу, көгеру пайда болады. Осы белгілер бала сү емгенде, қималы көбейгенде күшейе түседі. Тырнақтары көгеріп, «сағат әйнегі» тәріздес томпаяды. Жүрек көлемі сол жаққа кеңейеді, «кебіс» тәріздес пішінді болады. Төс сүйектің сол жағында қысқартылған, қаты естілетін систолалық шу пайда болады. Өкпе артериясы тұсындағы ІІ тон әлсіз естіледі. Бірте-бірте ентігу – көгеру ұстамалары шыға бастайды. Осындай ұстамалар бірнеше сағатқа дейін созылады. Ұстамалардың әсерін азайту үшін, ауру бала мәжбүрлі жағдайда отыра қалады (осылай отырғанда, қан аяққа аз, миға көбірек барады). Созылмалы инфекциялық ошақтары жиі дамиді. Ересек кезінде сабақ үлгерімі нашар, ұмытшылық, бала білетінінің есінде қалмауы мүмкін. Операция дер кезінде жасалынбаса, баланың жасы ұзаққа бармайды.
ТБЖА-ның бұл тұрінде жүрек қызметінің жеткіліксіздігі ерте шығуы тән. Терминалдық фазада сол қарыншаның созылмалы түрдегі жеткіліксіздігіне байланысты мидағы қан айналамы бұзылады да, оның тініне қан құйылуы мүмкін. Коронарлық жеткіліксідік, бактериалды эндокардит пайда болуы мүмкін.
Қолқа коарктациясы – қолқаның бір жерінің – іштен біткен тарылуы, негізінде ол сол бұғаналық артерия бөлініп шыққаннан кейінгі ұшырасатын қолқа тарылуы. Ер балаларда жиірек кездеседі. Баланың шағымдары: бас ауруы, бас айналуы, құлақтағы шу, әлсіздік, ентікпе. Қарағанда - бала ағзасының үстінгі жартысы астыңғы жартысымен салыстырғанда жақсы дамыған. Қан қысымын өлшегенде, қолындағы қан қысымы жоғары, ал аяқтағы пульсациясы өте төмен болады не тіпті анықталмайды. Жүрек көлемі сол жаққа қарай үлкейеді. Аускультациялағанда: ІІ то н қолқа деңгейінде қатты естіледі. Осы жерде және арқа жағының ІІ -ІІІ кеуде омыртқасы тұсында систолалық шу естелуі мүмкін. Хирургиялық ем жасалмаса, баланың өмір болашағына нұқсан келеді.
Іштен біткен жүрек ақаулары бар баланы емдеу Емдеудің жалғыз жолы - операция. Емдейтін кез 3-12 жастары аралығында. Ақаудың терминалдық фазасында жасаған операция баланың одан толық айығуына мүмкіндік бере алмайды, себебі жүрек етінде, өкпеде, бауырда, бүйректе дистрофиялық және дегенеративті өзгерістер орын тауып қалады.
Операцияның екі түрі бар:

  1. Паллиативті – баланың жағдайын жеңілдететін және баланың өлімдік жағдайдың ерте пайда болуынан құтқарататың,

  2. Радикалды – қанайналымы бұзылыстарды қалпына келтіретін.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет